7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақырыбы: Гүл. Алтын жұлдыз

Сабақ жоспары. Тақырыбы: Гүл. Алтын жұлдыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ: Гүл.Алтын жұлдыз

Мектеп: Нұржау жалпы орта мектебі

Күні: 6.05.2016жыл

Мұғалімнің есімі: Жамангарина Бакытгуль

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген

оқу мақсаты (мақсаттары)

Қазақтың қос жұлдызы, батыр қыздары, олардың ерліктері туралы түсінік бере отырып, логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • - Тақырып бойынша жаңа сөздерді еске сақтайды;

  • - Сұрақтарға ой қозғап жауап бере алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • - Өлеңді мәнерлеп оқи алады;

  • - Сөздік қоры молаяды. Ойын еркін жеткізе алады.

Кейбір оқушылар:

  • - Жаңа сөздеді қолдана отыра әңгіме құрай алады;

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Оқушылар өз ойын еркін жеткізе алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Кеңес одағының батырлары М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова туралы біледі.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

«мені ал, мені ал» деген сөз тіркесін түсіндіру

Талқылауға арналған тармақтар:

Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?

Сіз қазақтың батырлары туралы айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Постермен жұмыс, көру диктанты

Алдыңғы тақырып

Құлын мінген бала

Жоспар

Жоспарланған уақыт

45 мин

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

ОүБ

Басталуы

1 мин

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сыныппен сәлемдесу

Қуанамыз арайланған ақ таңға,

Қуанамыз жақсылық болып жатқанға.

Қош келіпсіз 1 «Ә» сыныбына,

Сәлем беріп бас иеміз баршаңызға.



Ана тілі 1 сынып. Алматы «Ата мұра»

Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі. 2016жыл

Электронды оқулықтар

1 мин





2 мин

ІІ. Топқа бөлу: «Қызыл», «Көк», «Жасыл» ленталардан жасалған бабочка таңдату арқылы топқа бөлінеді.





ІІІ. Психологиялық ахуал

«Ақ тілек. Әсем күлкі».

- Көңіл - күйлеріңіз қалай?

- Керемет! (Қолдарын көтереді)

- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)

- Ынтаңыз ше?

- Ғажап! (Қолдарын көтереді).

- Ендеше бастайық!

Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.



Түрлі түсті ленталар



Көңіл - күйлерін көрсетеді





5 мин

ІV. Үй тапсырмасын қорыту

«Сен маған, мен саған» үй тапсырмасын бекіту мақсатында оқушылар бір - біріне сұрақтар қояды.

-9 мамыр қандай мереке?

-Бауыржан бала күнінде құлынын қалай бақты?

-Бауыржан ата соғыста жүргенде қандай атқа мінді?

-Бауыржан Момышұлы неліктен батыр атанды?

-Отанымызды қорғаған батырлардан кімдерді білесіңдер?

-Туған елдіғ жерді не үшін қорғау керек?

-Құлын мінген бала мәтінінің авторы кім?

Бас бармақпен бағалау

Ортасы

8 мин



































V. Сыни тұрғыдан ойландыра отырып, Негізгі ойды анықтау (М.Мәметова мен Ә.Молдағұлованың буклеттен суреттерін көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

Айқындық сұрақтар

  • Бұл суреттен не көріп, өздеріңізге не түйіп отырсыздар?

  • Балалар, осы суретте көргендеріңіз кімдер деп ойлайсыздар?

  • Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қатысы қандай деп ойлайсыздар?

Ендеше, балалар экранға қараймыз (визуалды айғақ) Мәншүк пен Әлия туралы бейне ролик көрсетемін.

-Осы бейне роликтен не көрдік?

-Кімдер туралы?

-Кімдер ерлік көрсетті?

Дұрыс балалар, Әлия мен Мәншүк Кеңес Одағының Батырлары. (Мәншүк пен Әлия туралы мағұлмат беріледі)

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Оразқан Асқардың Гүл және Қасым Аманжоловтың Алтын жұлдыз өлеңімен танысамыз

(Автор туралы мәлімет беріледі)

суреттер









Смайликпен бағалау















Интерактивті тақта

Бейнесюжет

7 мин











1 мин



8 мин

VІ. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңдерді салыстыру.

  • Гүл өлеңі кім туралы айтылған?

  • Алтын жұлдыз өлеңі кім туралы айтылған?

Оқушыларға мәнерлеп оқыту.



Сергіту сәті Әуенге билейді



VІІ. Сыни тұрғыдан ойландыра отырып, ой қозғау мақсатында оқушыларға топтық жұмыс беріледі.

І топ. «Гүл» өлеңінде Мәншүк туралы не айтылған?

ІІ топ. «Алтын жұлдыз» өлеңінде Әлия туралы не айтылған.

ІІІ топ. Екі өлеңнің ұқсастығын және айырмашылығын табу.

Ана тілі 1 сынып

Мадақтау









Көңілді күн





Маркерлер, түрлі түсті карандаштар.

Топ бірін - бірі бағалайды.

7 мин



VІІІ. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылап, оқушылардың бүгінгі сабақта не істеп, не не үйренгендерін білу мақсатында Сатылай кешенді талдау Жұптық жұмыс беріледі. Топ ішінен

1 топтың

1 жұп. Мәншүк атыс толасында,

Жүр орманның арасында.

«Мені ал, мені ал» деп алуан гүл

Қолына оның таласуда.

Тапсырма: Өлеңнің тақырыбын:

Авторы:

2 жұп. Мақсаты:

Шумағы:

3 жұп: Тармағы:

Ұйқасы:

2 топтың

1 жұп. Тығылып гүл омырауға,

Сұрағандай жанға сауға.

Ант еткендей тұрды Мәншүк.

Гүлді жауға таптатпауға.

Тапсырма: Өлеңнің тақырыбын:

Авторы:

2 жұп. Мақсаты:

Шумағы:

3 жұп: Тармағы:

Ұйқасы:

3 топтың 1 жұбына

Көкте зырлап барады

Алтын жұлдыз.

Жерде тұрып қарады

Әлия қыз.

Тапсырма: Өлеңнің тақырыбын:

Авторы:

2 жұп. Мақсаты:

Шумағы:

3 жұп: Тармағы:

Ұйқасы:

С деңгейіндегі оқушыларға Гүл, Алтын жұлдыз, Мәншүк, толасында, барады, арасында деген сөздерді буынға бөлгізу. (буынның ережесі айтылып, қайталанады)

Бағдаршам түстері арқылы бағалау







Тапсырма жазылған парақтар



2 мин

ІХ. Сәйкестендіру. (Авторлардың суреті беріледі, өлеңдерін тауып орнына қою керек) Қ.Жұмағалиев - Жеңіс күні, Ә.Нұршайықов - Құлын мінген бала, О.Асқар - Гүл, Қ.Аманжолов - Алтын жұлдыз.

  • Ал, балалар осы тарау бойынша не білдік?

  • Қорытынды

Авторлардың суреттері және өлеңдері жазылған плакаттар

Қол шапалақтау

Аяқталуы

2 мин

Х. Кері байланыс

Көңіл күй смайликтері ілінеді.

(Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әселерін стикерге жазып, үш смайликтің біріне іледі.)









Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

Сабақта үйренген, оқып-білген білімдерінің деңгейін смайликке белгілейді.

Стикерлер



Ана тілі 1 сынып

1 мин

ХІ. Бағалау

Стикермен бағалау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал