7


  • Учителю
  • Қазақ тілі ашық сабақ Еліктеу сөздер

Қазақ тілі ашық сабақ Еліктеу сөздер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер.

Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру. Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту.





Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойландыру, оқушы әрекетін ұйымдастыру, ізденушілік қабілетін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, шар, сағат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық /көңіл күйлерін анықтау /

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 9-жаттығу.

ІІІ. Өтілгенді қайталау.

-Одағай дегеніміз не?

- Қандай одағай сөздерді білесіңдер?

-Одағай сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?

-Одағайлардың ерекшелігі қандай?

-Сөйлем құра.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ сұрақ.

а) Сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?

ә) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Ой қозғау: Еліктеу сөз туралы не білеміз?

Балалар, өмір - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол - таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс - әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс - әректтерді орындаушымыз.

Оқушылардың назарын аудара отырып,"Дыбыстық еліктеуіш" сөздерді ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсетіледі.

Сіріңке жағып, стакандағы суға батырамын.

Сұрақ:

- От қайтіп сөнді?

- От быж етіп сөнді.

- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?

- Құлағымызбен естідік.

2. Сағат аламын да, стол үстіне қоямын.

- Сағат қалай жүріп тұр?

- Сағат тық - тық етіп жүріп тұр.

3. Барабан соғу.

- Барабан қайтті?

- Барабан дүңк - дүңк етті.

Сұрақ:

а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріне байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?

ә) Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадық?

(Оқушылар өз бетімен "Дыбыстық еліктеуіш"сөздердің ережесін шығарып, оқулықпен салыстырады)

Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.

1. Оқушының атын атап өзіме қарату.

- Нұрсұлтан қалай қарады?

Нұрсұлтан жалт қарады.

2. Шам жағып сөндіру.

- Шам қайтті?

Шам жарқ ете қалды.

Осыдан не ұқтыңдар? -Еліктеу сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Құлақпен есту арқылы пайда болған сөздер- еліктеу сөздер. Көзбен көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер- бейнелеуіш сөздер. Көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалсады.



(Ереже шығарып, оқулықпен салыстыру) Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз.

ІV. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, қарамен жазылған сөздерге назар аудару.

2-жаттығу. «Артық сөзді тап» ойыны. Балпаң-балпаң, желп-желп, ешкім.

3- жаттығу. Еліктеу сөздерін түрлеріне қарай сызбаға топтап жазу. Бүрсең-бүрсең, жыбыр-жыбыр, қалт-құлт, жалт-жұлт, бүлк-бүлк, шорт, күтір-күтір, қытыр-қытыр. Гүрс, күңк-қаңқ, шыр-шыр, мыңқ,шіңк, зыр-зыр, тарс, шаң-шұң.

4-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.Еліктеу сөзін тауып, түріне ажырату. Шаңқ-шаңқ етіп шағала, Шабақ ілер жағада. V. Сергіту сәті. VІ. Бекіту. Шығармашылық тапсырма.

5-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, қарамен жазылған сөйлемдерді еліктеу сөздері бар сөйлемдерге айналдырып жазу. «Кім тапқыр?» (еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын табу)

1.Дос айтады: бермесең, бұлт берем деп

(Абай.)

2. Мақтауға есіріп,

Барынша көсіліп,

Ырғалып қаңқ етті,

Ірімшік жерге салп етті. (Абай.)

3. Құржаң-құржаң етеді,

Жер ұшық берген кісідей

Тоңқаңдай ма не етеді. (Абай.)

4.Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, кәсіп бұл?

5.Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

6.Баяғы жартас- бір жартас,

қаңқ етер түкті байқамас.

7.Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Өзіндік жұмыс. «Сөз ойла»

Бос орынға еліктеу сөздерді қой.

Уәлихан апасына ............ етеді. (жымың - жымың )

Ай сәулесіне шағылса .............. етеді. (жылт-жылт)

Тоғайдан ......... еткен дауыс естілді. (сатыр-сұтыр)

Ат ауыздықтарын ..... шайнайды. (қарш-қарш)

Көгалда бүлдіршіндер ......... жүгіріп жүр. /Зыр-зыр/

Ауыл маңы ......... болып жатыр. /Абыр-сабыр/

Доп өзенге .... етті. /күмп/

VІІ. Қортындылау.

-Не білдік, не үйрендік? - Еліктеу сөздер дегеніміз не? -Еліктеу сөздердің қанша түрі бар?

VІІІ.Үйге тапсырма: 6-жаттығу.

IX.Бағалау.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал