7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен Сөз таптары ашық сабағы

Қазақ тілі пәнінен Сөз таптары ашық сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы. Георгиевка орта мектебі


Өткізген: Есжанова Д.Т.

2015 жыл


Ақтөбе қаласы. Георгиевка орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Есжанова Дариға Тлеугалиевна.

Қазақ тілі. 2 - класс

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары (қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін қайталау, бекіту.
Сабақтың міндеттері:
1) Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;
2) Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3) Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын, өз бетімен жұмыс, СТО әдістері
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте .
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

ІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Сөз таптары. "Ассоциация" құру.

- Балалар, біз қандай сөз таптарын білеміз?

Сөз таптарызат есім етістік



сан есім сын есім


Ендеше, бүгін біз сөз таптары тақырыбын қайталаймыз. Топтық жұмыс.
1- топ «Зат есім»
2- топ «Сын есім»
3- топ «Сан есім»
4- топ «Етістік»
Әр топта тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды орындау арқылы әр оқушы өз білімін көрсетеді. Әр топ білімі текшелермен бағаланады.
Қызыл - өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа.
«Ой қозғау» стратегиясы.
«Қар лақтыру» ойыны арқылы сұрақтар беру.

1-ші топ. Зат есімнің ережесін айт. Мысал келтір.

2-ші топ. Сын есімнің ережесін айт. Мысал келтір.

3-ші топ. Сан есімнің ережесін айт. Мысал келтір.

4-ші топ. Етістіктің ережесін айт. Мысал келтір.

Суретпен жұмыс. Тақтадағы суреттерді әр топ өздеріне қатыстысын алу керек. Мысалы: "Зат есім" тобы қуыршақтың, кітаптың, мұғалімнің, алманың суретін алады.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Бб Бб Бб бала Болат бір батыл биледі

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей

Сөздерді қатесіз көшір.

Шешен,ғажап,сыйлық,әнші, мың, мұғалім, ұлиды, бөбек, қызық, алпыс.

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшір.

....үреді. ...ұлиды. ...қарқылдайды. ...шақырады. ...оқиды.


ІІІ деңгей

Мына сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Ақын, өзен, екінші, жүреді.

Сергіту сәті. Музыкаға сай қимылдар жасау.

Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға беріледі. 320-жаттығу. Дәптерге жазу.

Кітап, сатушы, келді, парта, жоғары, дөңгелек, түлкі, жатыр, ағаш, қарға, дәрігер, әдемі, ұста, ұзын, ата.

Зат есім Етістік Сын есім


"Венн диаграммасы". Қай топ бірінші салыстырады?


сөз

тап

тары

Сан есім

заттың санын

қанша? неше?

нешінші?

Сын есім

заттың сынын

қандай? қай?

ІІІ. Сабақты бекіту. 1)"Бес жолды өлең".

Зат есім. Алма

Сын есім. Қызыл

Сан есім. бес

Етістік. Піседі.

Жалпы құндылық. Пайдалы.

Бағалау.

ІV.Үйге тапсырма. сөйлем құрау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал