7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Наурыз'. Ана тілі (1 класс)

Ашық сабақ 'Наурыз'. Ана тілі (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ана тілі. 1классСабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы. Сабақтың мақсаты: : Заттың қимылын білдіретін сөздерді орнымен қолдана білуге және " Наурыз " тойы мерекесі туралы түсінік беру. Білімділік: Жазушы өмірі мен шығармашылығын таныта отырып, он
предварительный просмотр материала

Ана тілі. 1класс

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы.
Сабақтың мақсаты: : Заттың қимылын білдіретін сөздерді орнымен қолдана білуге және " Наурыз " тойы мерекесі туралы түсінік беру.
Білімділік: Жазушы өмірі мен шығармашылығын таныта отырып, оның өлеңінің идеялық - мазмұнын ашу, шығармаға әдеби талдау жасау;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу және жақсы істерді бағалай білуге ұмтылдыру;
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ізденуге жұмылдыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, мәтіндерді мәнерлеп оқуға машықтандырып, шығармашылық қабілеттерін молайту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ізденушілік, талдау, ажырату, салыстыру, жинақтау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек - сызбалар
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. -Балалар, бүгін бізде ерекше күн біздің сыныбымызда "Наурыз тойы" тойланбақшы. 4-топқа бөлу.

Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22 - жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін
Топтық жұмыс :
Жұмбақтар шешу

Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. (бидай)
Өзі ақ,өзі тас,
Дәмін татсаң ащы-ақ. (тұз)
Алыстан көрсем ақ тас,
Жақынан көрсем-дәмді ас. (күріш)
Арғы тегі сүт,өзі тастан қатты,
Дәмі бірақ қышқылтым да тәтті.(құрт)
Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.(жүгері) Оқушыларға "Наурыз көже" өлеңін мәнерлеп оқыту. Сұрақтарға жауап алу арқылы қорытындылау.

Балалар қазір қай мезгіл? (көктем)
- Көктемнің қай айы? (наурыз)

22- Наурызда қандай мерекені тойлаймыз (жаңа жыл) Мерекеге қандай ас дайындалады (наурыз көже) Наурыз көже қалай дайындалады .(жеті түрлі тағам салады)
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе.
(наурыз туралы видео көрсету)


"Қонақшақыру" Балалар өздерің көргендей мерекеге көп қонақтар келген.Барлық мамандық иелері бар.Сендер қандай мамандық иелерін білесіңдер.(Мамандық иелерін атату) Дәптермен жұмыс 114-жаттығу "

Ұста қашаумен ( не істейді?) Ұста қашаумен қашады. Сылақшы қалақпен( неістеді?) Сылақшы қалақпен сылады. Кранмен жүкті ( не істеді?) Кранмен жүкті көтерді. Сергіту сәті
Жел бетке еседі,
Ағаштар тербелді.
Жел тынышталды,
Ағаштар биіктеді. "Той қамына кірісу" (жасау, жинау, тасу жұмыстарына көмектесу) 115-жаттығу Жаса, жина, сыз, сөйле, тасы сөздерінен үлгі бойынша сұраққа жауап жазу. Не істеді? Не істейді? жасады жасайды

Олай болса, Наурыз мерекесінің кереметтерін суреттейтін Әдібай Табылдиевтің «Наурыз тойы» өлеңімен танысамыз.
Әрі ақын, әрі жазушы Әдібай Табылдиев 1926 жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
Наурыз тойы Күн мен түн теңелді , Жер шуаққа кенелді, Қуанышта ел енді. Наурыз келді -салтымыз: "Көгерсін!" деп халқымыз Көшеге тал егеді.
- Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы, мазмұндауы;
- Сөздік жұмысы жүргізіледі;
- Өлеңді оқушыларға бөліп - бөліп оқытылады;

V. Ой - өрісін дамыту
Оқушыларға тапсырма беру.
1 -топ: Наурыз тақырыбына өлең шығару.
2 - топ: Наурыз дастарханға сипаттама беру. (Ұлттық тағам)
3 - топ: Наурызға байланысты сурет салу.
4- топ: Наурызға байланысты ойын түрлері. (Ұлттық ойын)
VI. Ой қорыту.
Өздік диктант
1.Көктем... 2.Күн... 3.Қар... 4.Жер... 5.Құстар туған жерге ....
6.Ағаштар бүршік...
ҮІІ. Қорытынды.
1. Наурызда күн мен түн не істейді?
2. Халқымыз наурыз мерекесіне қалай дайындалады?
3. Наурызда қандай игі істер атқарылады?
VIІI. Үйге тапсырма
1. Өлеңдегі көрініске сурет салу.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу , жаттау ,мазмұндау.
ІХ. Бағалау.

Жина Не істеді? Не істейді? жасады жасайды

Сыз Не істеді? Не істейді? жасады жасайды



Сөйле Не істеді? Не істейді? жасады жасайды



Тасы Не істеді? Не істейді? жасады жасайды

Өздік диктант
1.Көктем ... 2.Күн ... 3.Қар ... 4.Жер ... 5.Құстар туған жерге ....
6.Ағаштар бүршік ...




Өздік диктант
1.Көктем ... 2.Күн ... 3.Қар ... 4.Жер ... 5.Құстар туған жерге ....
6.Ағаштар бүршік ...






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал