7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:

Пәні -

Сабақтың тақырыбы

.Түбір және туынды сөз.Жұрнақ пен жалғау Пысықтау сабағы

Мақсаты:

Негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстыра отырып,жұрнақтың қызметін түсіндіру;туынды сөздердің түбірін табуды үйрету;сөздік қорларын дамыту.Жұрнақ пен жалғау туралы түсініктерін қалыптастыру.Сөз қорларын мойлату.Көркем жазуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:


Сабақ соңында оқушылар түбір және туынды,жұрнақ пен жалғау туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.Жеке ойларын ортаға сала алады.Бір-біріне ойын еркін жеткізе алады.Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Әдіс- тәсілдер:

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары:ассоциация,оқу үшін бағалау, жұптық жұмыс,сұрақ-жауап «Мен саған,сен маған», тернинг,рефлексия ,топтастыру,АКТ

Керекті жабдықтар:

Үлестірмелі карточкалар,смайлик,бағдаршам түстері,плакат,маркер,дәптер,интерактивті тақта,әр-түрлі тапсырмалар слайдтары.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдас-

тыру

кезеңі

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру:

Слайд №1
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отыр.Өздерің байқап отырғандай сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сабағымызды бастамас бұрын қонақтарымызбен амандасып алайық:


Үй тапсырмасын тексеру:

Слайд №2Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.


Оқушыларды топқа бөлу:

Мұғалім оқушыларды ортаға жинап, таңдаған әріптері арқылы 2 топқа бөледі.

Интерактивті тақтадан берілген өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, қонақтармен амандасады.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.


1.Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

Топтастыру стратегиясы

«Әр оқушыға бір түбір сөз беріледі.Олар ол сөзден бірнеше түбірлес сөздер жасауы керек»

2. «Дұрысын тап» жаттығуы

Керек сөздерге дұрыс жұрнақтарды жалғау керек.Кейін бір-біріңе көңіл аудара отырып,қандай сөз құрастыруға болатынын анықтайды.

Негізгі кезең

Мағынаны ашу сатысы

Қорытын-ды

Сабаққа кіріспе:

Слайд №3 1-тапсырма:

Ғарыш сөзінің әріптеріне қатысты ғарышқа байланысты сөздер табу

ай

Слайд №4-5

  • Балалар, сонымен бүгінгі сабағымызда ғары қозғаймыз.


Слайд №6

(сұрақ-жауап әдісін қолдану)

Дәптермен жұмыс;


Оқулықпен жұмыс:

2-тапсырма

Мұғалім әр оқушыға мәтінді таратып береді, мәтін мазмұны бойынша дайын суреттер арқылы оқушылар постер құрайды.


Сергіту сәті «Саусақтар»


«Жасырын сөзді табу»айдары

Слайд №8


Қорытындылау:

(сұрақ- жауап)

Кесте толтыру.Берілген кестедегі сөздерді талдау.

Қортындылау;

(сұрақ-жауап)

Кесте толтыру.Берілген кестедегі сөздерді талдау.

«Ғарышты зерттеу не үшін қажет?»

Слайд № 24 (ой толғау)

Кесте толтыру: Слайд №25

Үйге тапсырма:

Слайд № 26


үйге берілген тапсырма түсіндіріледі.

Ермексаздан ғаламшарлардың моделін жасап келу, мәтінді оқу.


Бағалау:

Слайд № 27

Формативті бағалау. Оқушылардың өзара бағалауы өтті.

Рефлексия «5 минут»


2 жұлдыз, бір тілек

Берілген карточкалар бойыншаережені анықтай отырып,сөйлемдер құрастыру.

Дәптерлеріне күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын жазып алады.


Оқушылар бір-біріне сөздер айтып, мысал келтіреді,сол сөздерге жұрнақ жалғау жалғап,түбір сөздерін табады.


Мақал

Мал шөпке тоқтайды,

Ақыл сөзге тоқтайды.

Түйе-байлық,қой-мырзалық,жылқы-сәндік

2-жаттығуда сурет бойынша мәтін құрастыру дағдыларын арттыруға көзделген.Мәтін ққрастыру кезінде туынды сөздерді көбірек қолдану тапсырылады.


3жаттығу

Сый-лық-тар;ән-ші-лер;зейін-ді-лер,еңбек-қор-ға,білім-ді.


Мағынаны тану кезеңі

Түбір+жұрнақ+жалғау.Осы сызба бойынша әр оқушы мысалдар құрастырады.

Оқушылар мұғалімді тыңдай отыра,өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырады.


Өлеңді мәнерлеп оқу

Елінің,халқына,егінші,ағам балалар,кәрілер, адамның,жылқышы,дәрігер


3жаттығу туынды сөздер туралы алған білімдерін тиянақтай түседі.Өлеңді мәнерлеп оқып ,туынды сөздерді теріп жазу.

4жаттығуды орындау үшін түбір,жұрнақ,жалғаудан тұратын зат есімдерді теріп жазу.Бұл жаттығу арқылы түбірге алдымен жұрнақтың,содан кейін жалғаудың.


Оқушыларға ғарышкерлер жайында айту

  • Жұлдыз деген не?

Жұлдыздар- айналағденелері.

  • Күн жүйесіне нелер кіреді?

8 ірі ғаламшар

  • Ғарыштық кеңістігіндегі денелердің арақашықтығы қандай өлшеммен өлшенеді?

Жарықтың жылдамдығымен өлшенеді

Оқушылардың пікірлері ескеріледі


Білемін

Білдім

Білгім келеді





Бағалау парағы бойынша қорытынды жасау

Бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлерін айта отырып, қорытындылайды. Алдымен әр топ бірін-бірі бағалайды, одан кейін мұғалімнің оқушыларды бағалауы.


Балалар, біздің тұратын жеріміз - Жер планетасы деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл - аспан әлемі - ғарыш. Біз өзіміздің Жер планетасында тату - тәтті өмір сүреміз. Қане, бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
- Көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Жер көлігі (машиналар, велосипед, мотоцикл), су көлігі (кеме, қайық), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, зымыран).
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ерте заманнан адамдар әуеде құс сияқты ұшуды армандаған, сондықтан аспанға көтерілудің түрлі жолдарын ойластырған. Ең алдымен, әуе шарлары пайда болды. Келе - келе ұшақ, тікұшақ пайда болды. Ұшақтар адам тасымалдауға арналған. Ал тікұшақтармен ауыр жүктерді тасиды.
- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дұрыс шешуге тырысайық:
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
(Зымыран)
- Аспанда нелер болады, балалар?
- Күн, ай, бұлттар болады.
- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю. А. Гагарин болды. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит - Белка және Стрелка ұшырылған.
- Ал, Қазақстаннан ең алғаш ғарышқа ұшқан кімдерді білесіңдер?
Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан осылардан сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған баллоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сөз және оның мағынасы тақырыбын пысықтау, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: Зейінділікке тәрбиелеу;
Әдісі:Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жұмбақ шешу,т.б.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта,карточкалар,т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.

Психологиялық дайындық.

Қаның, жаның - тіліңде,

Арың, нәрің - тіліңде.

Ұмтыл оны білуге.

Тілден алып ғибрат,

Құлшынасың білімге.

ІІ. -Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға Білгішбектен арнайы хат келіпті. Бұл хатта не жазылғанын тақтадан оқи аламыз. Барлығымыз тақтаға назар аударайық.

Білгішбектен хат.

Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние,әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.

ІІІ. -Балалар,бұл хатты оқыған соң қандай түйінге тоқталуға болады? Сөз мағынасының түрлері жайлы не айтуымызға болады?

Сөз мағынасының
түрлері

Мағынасы мәндес,жуық сөздер.

Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер

-Балалар,осы сөз мағынасының түрлеріне мысал келтіріп жазайық. Оқушыларға қағаз таратылады. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.

1 топ. Мағынасы мәндес,жуық сөздер.
2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

3 топ. Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздер.
Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқып,қорғайды.

ІҮ. Топтық жұмыс.Тақтаға сөздер беріледі, оқушылар жазады.

1 топ. Мағынасы мәндес, жуық сөздер.

2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
3 топ. Осы сөздердің арасынан 3 сөйлем құрайды.

Оқушылар жазғандарын оқып қорғап,дәлелдейді.

Ү. «Мағыналас сөздерді тап» ойыны. Бұл ойында оқушылардың алдына парақ таратылады. Парақтағы сөздерге мағыналыс сөздерін жазады. Болған топ мүшесі тақтаға жазады. Қатесін басқа топ мүшелері тексереді, қатесіне қарай топты бағалайды.

ҮІ. Жұмбақ шешу. Мұнда қарамен жазылған сөздердің қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып, жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуіне 5 жолды өлең жазады. Дұрыстығын тексеріп басқа топтар бағалайды.
І топ. Жақыннан әкеп хабарды,
Ренжітер барлық адамды
ІІ топ. Жеңілдікпен аршылар
Көзіңнен жас тамшылар.
ІІІ топ. Аяғыңа - алсаң шешен
Ақылы асқан көсем.

ҮІІ. Сергіту сәті.

«Бір әріптің ізімен» ойыны. Мұнда берілген әріптерден сөйлем құрап жазамыз.
Мысалы: Жжж Жарас жақсы жігіт. Ыыы Ырысты ыдысты ысты.

ҮІІІ. «Кім шапшаң» ойыны. Бұл ойында оқушыларға мақал оқимын,оқушылар ішінен қарама-қарсы сөздерді тауып оқиды.

ІХ. «Лездеме » ойыны. Бұл ойынның шарты:мұғалім сұрақтар оқиды,оқушылар тез жауап берулері қажет.

Х. Бағалау. Бәрекелді балалар,

Бәріңе жақсы баға бар

Азамат боп өсіңдер

Ел қадірін біліңдер.

ХІ.Сабақты қорытындылау. «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағыналары.

Сабақтың мақсаты: 1)Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау,

еске түсіру ,толықтыру

2) Сөйлеу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттері

арттыру.

3 )Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру , ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілік : кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ.

Сабақ әдісі : сұрақ - жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу

Сабақ : аралас

І. Ұйымдастыру

(психологиялық дайындық).

ІІ.1. Сабақтын мақсатын , тақырыбын хабарлау.

  • Сөз - дегеніміз не ?

  • Сөздер неден құралады ?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

2.Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып жазамыз.

Тау, сөйлеу, ағаш, ұялшақ ,оқушы , әдемі ,он жеті ,тоғыз ,жүйрік.

Сөздер мағынасына қарай сөз топтарына бөлінеді.

Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

3. Зат есім , етістік , сын есім , сан есім ережелерін еске түсіру.

4. Сөздердің мағынасын түсіндір.

Жол - жал -жыл - жел.

а ) Не байқадың ? Қандай қорытынды жасауға болады ?

Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді ?

ә )Сөздің соңғы дауыссыз дыбыстарын өзгертіп жаңа сөз жаса.

( жоқ , жан , жыр , жем )

5. Ойын « Ойлан тап ! »

Бірінші сөздін жалғасы , екінші сөздің бастауы болатын буынды тап.

қал быс

бал мақ

ма лант

( табыс, талант сөзінің мағынасын ашу, түсіндіру )

6.Жаңа сабақ « Сөз және оның мағынасы »

7.201 - жаттығу. (а-а)

Жуық мағыналы сөздер , оларды бірінің орнына бірін қолдануға болады.

202 - жаттығу

а) көп нүктенің орнына мәндес сөздер тауып жаз.

ә) мәндес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

1.Әдемі, сұлу, көркем.

2.бет , ажар , келбет өң .

3. ынтымақ , бірлік , достық .

4.қатігез , ұшқалақ , женілтек.

8. Сергіту сәті.Сөзжұмбақ «С-дан басталатын 8 сөз »

1.Сұйық зат

2.Заттың атауы

3.Дақыл атауы

4.Облыс атауы

5.Қарудың бірі

6.Жоғарғы оқу оқушысы

7.Жыртқыш аң

8.Студентке төленетін ақы


9.Тақтамен жұмыс.

а) Сөйлемдерді түсініп оқы.

ә) Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір


10. Сөз туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз? Еске түсірейік.

Жасырынған мақалдарды берілген алғашқы дыбыстары арқылы оқып көрейік.

1. С...- с...ө...,т... е...ө. Сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді.

2. А...с...,а.. о... т... Айтылған сөз, атылған оқпен тең.

3. м...-с... к... Мақал-сөздің көркі.

ІІІ. Рефлексиялық жаттығу.

Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін айтып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беру.

3-4 оқушының өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз. (сын айтуға болмайды )

Сонымен біздер бүгінгі сабақта не туралы айтық?

-Сөздер туралы не білдік?

Үйге 203-жаттығу. . (қарамен жазылған сөздердің орнына жуык мәндес сөздерді тауып жазу )

Сөз туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
4. «Поезд» жаттығуы.
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
8. Қортынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді - енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады - енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды - біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды - арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
4.«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Бекіту сабағы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер, мәндес сөздер, сөз тіркестері туралы жалпы түсініктерін толықтыру.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

3. Зеректікке , ұыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді бекіту сабағы

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақты өткізуде қолданылатын әдіс: Әңгімелеу, түсіндіру, эвристикалық әдіс, ойын түрлерін пайдалану, талдау, жинақтау әдісі.

Көрнекілігі: Жеке суреттер, кестелер, сызбалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу;

- Психологиялық дайындық( оқушылардың көңіл күйін білу)

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

-213- жаттығу. Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқып береді. Өлең не туралы және кімнің атынан айтылғанын айтып береді. Ақ сөзін қатыстырып екі сөйлем құрап жазады.

- Үй тапсырмасын қорытындылау үшін оқушылар ортаға шығып дөңгеленіп тұрып ақ сөзін пайдаланып бір-біріне кезекпен тілек сөз айтады. ( ақкөңіл бол, ақжүзді бол, ақ жол тілеймін, ақжарқын бол, ақ мамықтай бол т.б.)

3. Негізгі бөлім

- Ал, бүгінгі сабағымызда, оқушылар, өткен барлық сөз және оның мағынасы /мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер,сөз тіркестері, мәндес сөздер/ туралы алған білімдерімізді бекітеміз.

1. Сандықшамен жұмыс.

Күн-түн Есік- төр Ақ- қара Ескі- жаңа Биік- аласа

-Не байқадыңдар? Бұл қандай сөздер? Бұл сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы. Енді мағыналары қарама-қарсы сөздерден мысалдар келтірейік. Адал-арам, жаман-жақсы, дос-дұшпан, ұзын-қысқа, ашу-ақыл.

2. Оқулықпен жұмыс.

- 214 жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. Олардың қайсысы негізгі мағына екенін байқа. Жазбаша

215- жаттығу. Екі бағандағы сөз тіркестерін оқы. Екі бағандағы сөз тіркестерінің мағыналарын салыстыр. Сөздерге сұрақ қой. Сонда не байқадың? Ауызша

216- жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір. Ауызша

-Енді оқушылар тақтаға назар аударыңыздар. Сендермен *Кім жылдам?* деген ойын ойнаймыз. Бірнеше сөз тіркестері берілген. Оқып, мағынасын түсіндіріп айт.

1. Ит тұмсығы өтпес ( қалың, ну)

2. Қояң жүрек ( қорқақ)

3. Беті бүлк етпеу ( ұялмау)

4. Мұрнын көкке көтеру(менменсу)

5. Қара қылды қақ жару( адал)

6. Тепсе темір үзу ( мықты)

3. Топпен жұмыс.

- Ендігі тапсырма сіздер екі топқа бөлініп отырсыздар. 1-ші топ * А* тобы болсын, ал 2-ші топ * Б* тобы болсын. Екі топқа мынадай тапсырма беріледі.

1. Көп мағынасын табу (омонимдер)

жүз


біз


жаз


жас

2. Сызба арқылы мағынасы қарама-қарсы сөздерді көрсет.

Алды Жаман Жақсы Төр

Есік Арты Үлкен Кіші

3. Мәндес сөздерді жазу. Әр топ үш сөзден.

Ел- халық,жұрт, көпшілік, қауым, халайық. Кім?деген сұраққа жауап береді.

- Енді сіздер топтық жұмыста қанша ұпай жинадыңдар соны көрейік.

- Енді сендер өздік жұмысын орындайсындар. Оған 218-жаттығу.Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

-Сонымен біз бүгінгі сабақта сөз және оның мағынасын қайталадық. Енді сіздерді толық бағалау үшін тест жұмысын аламын.

4. Қорытынды. Тест

- Тест үш бөлімнен тұрады.

І. Таңдаулы тест.

1.1 Сұлу, әдемі, көрікті, ажарлы қандай сөзге жатады.

А) мағынасы қарама-қарсы сөздер

Ә)Сөз тіркестері

Б) Мәндес сөздер.

1.2. Алды-арты қандай сөзге жатады.

А) Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Ә) сөз тіркестері

Б) мәндес сөздер

ІІ. Толықтыруды талап ететін тест

2.1. Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын..... деп атайды.

2.2. Нақты ой тудыруын.... мағына деп айтады.

ІІІ. Балама жауаптары бар тест.

3.1. *Алма мойын* әдемі мойын дегенді білдіре ме?

А) иә

Б) жоқ

3.2. *Ит өлген жер* жақын деген мағынаны білдіре ме?

А) иә

Б) жоқ

5. Үйге тапсырма

-217жаттығу 72-бет

6. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты:


  1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;

  2. Сөздік қорын молайту;

  3. Зейінділікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ-жауап., дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу

  • Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.

  • Мәндес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау, үтірдің қойылу себебін сұрау.


IIІ. Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы

  1. Көркем жазу

Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.

  • Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік.Ал қалғандары сын есімдер.

  • Осы сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы-жаман, жылы-суық, түзу-қисық, бүлдіру-түзету, күлкілі-қайғылы.

  1. Бұл қандай сөздер?

    1. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер (антонимдер)

    2. Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)

    3. Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)

  2. Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарама-қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.


Жел әкелгенді сел әкетер.Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру - оңай, түзету - қиын.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

2-жаттығу Көп нүктенің орнына қарама-қарсы мағыналы сөздерді жаз.

қатты - ...... жүру - ..........

таяз - .......... кию - ............

жылы - ........ кіру - ...........

кең - .......... сөйлеу - .........

  • әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;

  • тасымалданбайтын сөзді табу.


IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен » дидактикалық ойыны


Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)

Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту


  • Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.

  • Досым допты домалатты.

  • Суық сумен сүртіндім.


V. Өзіндік жұмыс 5 -жаттығу

  • Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама-қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.


  • Қалаған 3-4 сөзбен сөйлем құрап жаз.


  1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау - пысықтау;

  2. ақырын -шапшаң, апару - әкелу, бастау -аяқтау, тоңу -жылыну.

Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін

Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау - білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.


VI.Жұмбақ шешу

  • Қарамен жазылған сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.

Жақыннан әкеп хабарды. Алыстан әкеп хабарды,

Ренжітер барлық адамды. Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)


Жеңілдікпен аршылар, Қиындықпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар. Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)


  • Бес жолды өлең құрастыру

  1. Пияз

  2. Ащы, пайдалы.

  3. Аршылады, ашытады, өседі.

  4. Жуа

  5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.


VII.Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?

а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу


  • Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.

  • Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.

  • Жақсы, жаман - синоним сөздер

  • Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.

  • Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

  • Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі

  • Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.

  • Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді

  • Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.


ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.

Бетегеден биік, жусаннан аласа.

Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.

Көз қорқақ, қол батыр.

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.


VII. Үйге тапсырма

3 - жаттығу Берілген қарама-қарсы мағыналы сөздерді топтап жазу

Зат есім:

Сын есім:

Етістік:


Айту-тыңдау, ақ-қара, түзу-қисық, қону-ұшу, жаз-қыс, ыстық-суық, күн-түн, сату- алу, ащы -тәтті.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал