7


  • Учителю
  • Презентация по природоведению на тему 'Қазақстан мәдениеті'

Презентация по природоведению на тему 'Қазақстан мәдениеті'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану 15.04.2015 ж., 2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан мәдениеті- мәтін мазмұнын түсініп, дұрыс оқу, мазмұнын ашу. Әлемге танымал болған тұлғалардың өмірбаяны және еңбектерімен танысу, өнер түрлерін ажырату.

Дамытушылық: танымдық қызығушылық, ойлау, бақылай білу, талдау-жинақтау, қорытынды жасай білу дағдыларына үйрету.

Тәрбиелік: ұжымдық, шығармашылық, еңбекқорлық қасиеттерін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, әңгімелеу, талдау-жинақтау, пікірталас.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ребус, өнер тұлғаларының портреттері, өмірбаяндары, шығармалары, домбыра, үнтаспа.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері,музыка

С а б а қ т ы ң ж о с п а р ы:

I. Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

II. Жаңа сабақ «Бірге ойланайық» 2 мин (Ребус шешу- тақырыпты ашамыз, оқушыларға мақсат, міндетімізді айту, топ басшыларын анықтау, дәптермен жұмыс)

III. Кіріспе бөлім -«Еске түсірейік» топқа сұрақтар 3 мин

Оқулықпен жұмыс- мәтінді әр топқа кезектесіп дауыстап, дұрыс, түсініп оқу. 8 мин

IV. Негізгі бөлім (төрт тұлғаның өмірбаяны, шығармаларымен таныстыру, талантты оқушымен таныс бол) 5 мин

ә) Сергіту сәті: Әуенді тап! 5 мин

«Өзіңді көрсет»

V. Шығармашылық, топтық жұмыс. 5 мин

«Өз мүмкіндігіңді жіберме» Топтық жұмысты қорғайық. 5мин

VI.Бекіту (деңгейлік тапсырмалар) 5 мин

VII.Қорытынды. Кері байланыс (Не білдім?, не үйрендім?, неге таң қалдым?) 3 мин

VIII. Үйге тапсырма -97-бет зерттеу жұмысына мәліметтер әкелу, күнделікке жаздыру.1 мин

IX. Бағалау(жетондар бойынша әр топтың ең көп жинаған оқушысын анықтап, журналға, күнделіктеріне бағалау) 5 мин

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

I. Ұйымдастыру

а) Топтық дайындық (сынып оқушылары 4 топта отырады, баяу музыка үнін тыңдау)

II. Жаңа сабақ «Бірге ойланайық» 2 мин

-Оқушылар ребус шешіп тақырыпты ашайық.

Дәптермен жұмыс -тақырыпты жаздыру. Қазақстан мәдениеті

-Оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызда осы тақырып мазмұнымен танысып, мәтінді дұрыс, түсініп оқу және мәтіндегі өнер тұлғаларының өмірімен, шығармаларымен танысу мақсаты тұр. Топтық жұмыстағы міндетіміз, топ басшылары әр оқушының жұмысын дұрыс қадағалап, бағалауды жетондарымен белгілеп отыру).

III. Кіріспе бөлім -«Еске түсірейік» топқа сұрақтар 3 мин

а) Мәдениет- дегенімізді қалай түсінесің? Мәдениет неден басталады?

ә) Қандай өнердің түрлерін білесің?

б) Өнерді үйрен, үйрен де жирен- қалай түсінесің?

в) Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан -қалай түсінесің?

г) Өнерлі өрге жүзер. Өнерлі қол-бақытқа жол-қалай түсінеміз?

Оқулықпен жұмыс- мәтінді әр топқа кезектесіп дауыстап, дұрыс, түсініп оқу. 8 мин

-Оқушылар, мәтін мазмұнымен танысып, кезектесіп дауыстап, дұрыс, түсініп оқиық.

IV. Негізгі бөлім (төрт тұлғаның өмірбаяны, шығармаларымен танысу, дәптерге қысқаша өмірін жазу, талантты оқушымен таныс бол). 5мин

а)

-Ал енді, балалар 4 топқа осы төрт тұлғаның өмірбаяны, шығармаларымен танысып, дәптерімізге жазып алайық.

Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы Байсейітова 1912 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Тоқырау өзені жағасындағы шағын ауылда дүниеге келген (ресми деректер бойынша Верный қ. (қазіргі Алматы).

Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, . Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.

Ол Темір ауданында өмірге келген.

Дінішев Әлібек Мұсаұлы-әнші,Қазақстан және КСРО халық әртісі. Ол 1951 жылдың 30 шілдесінде Алматыда туған.


ә) Сергіту сәті: Әуенді тап! 5 мин

«Өзіңді көрсет» Таныс болайық-талантты оқушы Ануарбеков Ерасыл.

-Ерасыл бізге күй тартып бергісі келіп отыр, тыңдайық.

Құрманғазының күйі «Адай»


V. Шығармашылық, топтық жұмыс. «Өз мүмкіндігіңді жіберме» Постер

-Алдарындағы плакат қағаздарыңа әр топ берілген тақырып бойынша қорғауға дайындық- 5 мин

1-топ «Бұрынғы заман өнер қайраткерлері мен жұлдыздары»

2-топ «Қазіргі заман өнер қайраткерлері мен жұлдыздары »

3-топ «Назардан тыс қалып бара жатқан мәдени мұралар»

4-топ «Қол өнер шеберлері »

- «Өз мүмкіндігіңді жіберме» Топтық жұмысты қорғайық. 5мин

VI.Бекіту (деңгейлік тапсырмалар үлестіру, белгілеп топ басшысына беру, тексеру, жетондармен бағалау) 5 мин

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

VII.Қорытынды. Кері байланыс (Не білдім?, не үйрендім?, неге таң қалдым?) 3 мин

VIII. Үйге тапсырма 97-бет зерттеу жұмысына мәліметтер әкелді күнделікке жаздыру.1 мин

IX. Бағалау (жетондар бойынша әр топтың ең көп жинаған оқушысын анықтап, журналға, күнделіктеріне бағалау) 5 мин





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал