- Учителю
- Открытый урок по казахсскому языку на тему: 'Буын үндестігі'
Открытый урок по казахсскому языку на тему: 'Буын үндестігі'
11 - сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
Уақыты: 18.09.2015
Кабинет: 14
Мұғалім: Қасымбекова А.А.
Сабақтың атауы
Буын үндестігі
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Сызбанұсқалар, үлестірмелер, мазмұнды суреттер, тақта, оқулық т. б.
Жалпы мақсаттар
Білімділігі: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Санау арқылы топқа бөлу
1 - топ. «Білгіштер»
2 - топ. «Тапқырлар»
3 - топ. «Алғырлар»
Ынтымақтастық атмосферасы
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға өткен тақырыпқа байланысты ашық сұрақтар қою
Қызығушылықты ояту
«Кім жылдам?»ойыны
Ойынның шарты - берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап сөйлем құрау.
Мысалы: Балалар алаң жүр.
- Сөйлем дұрыс болу үшін не істейміз?
- Ол үшін алаң сөзіне - да жалғауын жалғаймыз. Сонда «Балалар алаңда жүр» деген сөйлем шығады.
- Осы ретпен «Айнұр мектепке келді. Кеше тауға барды» деген тәрізді бірнеше сөйлем құрастырылып, түбір сөзге қосылған неліктен солай жалғанғанына назар аударылады. Бұл тұста түбір сөздегі дауысты дыбыс қандай болса, қосымшада сондай дауысты дыбыстан болатыны оқушыларға түсіндіріледі.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Оқулықпен жұмыс:
1 - топ. «Білгіштер»:
30 - жаттығу: Сөздерді оқып, көшіріп жаз.
Көкжиек, шекара, өнеркәсіп, орынбасар, тасбақа, бірқазан, жарқабақ, әлдекім.
-
Айтылуда сөздердің өзгеру себебі неде?
-
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
-
Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.
2 - топ. «Тапқырлар»:
31 - жаттығу: Сөз тіркестерін көшіріп жаз.
Ақ жаулық, дөңгелек үстел, көк аспан, бара кел.
-
Айтылуда сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың өзгеру себебі неде?
3 - топ. «Алғырлар»:
32 - жаттығу: Сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылу кезінде өзгеру себебін түсіндір.
Ақ лақ, ала кел, торы ат, ақ алтын, қара ала сиыр.
Есте сақтау диктанты:
33 - жаттығу: Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
Асқат қасқа ат мінді,
Мақсат басқа ат мінді.
-
Сөздердің аралығындағы дыбыс үндестігін тап.
34 - жаттығу: Көп нүктенің орнына н, ң дыбыстарының тиістісін қойып, көшіріп жаз. Бұл сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
1.Еңбек етсең ері...бей, тояды қарның тіленбей. 2.Күшіңе се...бе, адал ісіңе сен. 3.Астық қырма...ға жөнелтілді. 4.Қорыққа...ға қос көрінер.
Сергіту сәті
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
Оқушылар денелерін жаттықтырады
Ой толғаныс
Жинақтау. Үлестірмелермен жұмыс.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл - жас..., асыл тас...,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс... - тер
аң... - шы
көбелек... - дар
- Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?
- Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.
Бекіту
35 - жаттығу: Айтылуы мен жазылуы бойынша бір - бірімен сәйкестендір.
қарала үңгір
үңгүр қара ала
жасса көнбеді
көмбеді жазса
келемекен көк гүл
көк күл келе ме екен
Үй тапсырмасы
35-ж, 22 - 23 бет
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Топ басшыларының бағалауы