7


  • Учителю
  • 'Қазақ еліне 550 жыл' тәрбие сағаты 4 класс

'Қазақ еліне 550 жыл' тәрбие сағаты 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бекітемін» Тексерілді:

Қорғалжын мектеп-гимназиясының Директордың тәрбие ісі

директоры__________Н.Тәжин жөніндегі орынбасары

___________Г. Ашимова










Тәрбие сағаты


«Қазақ еліне 550 жыл»



4 «А» класс





Бастауыш сынып мұғалімі

Рыспаева Аягоз Бактыгельдиевна
















2015-2016 оқу жылы



«Қазақ еліне 550 жыл»


Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.Отаншылдыққа. бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.


Мұғалім : Биылғы жылы еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше.Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

/Қ.Р. Гимні орындалады./

Мұғалім :Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.

Дана:

Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы.

Асель:

Армандай асқар,

Жолдарға бастар,

Ісіңнен ұрпақ от алар.

Қалмайсың көштен,

Шықпайсың естен,

Тағдыры шыншыл аталар.

Мұғалім:

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда,үйге бір топ ақсүйектер кіреді/


-Ассалаумағалейкум,ағалар.

-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.


Ақсүйектер басшысы-Нұрдаулет:-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз.Елді бей -берекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті.Әскери дайындықсыз,батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?


Жәнібек-А.Алишер:-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.


Керей-Р.Алишер: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.


Жәнібек-А.Алишер:-Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда.Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?


Керей-Р.Алишер:Ия,көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар: -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.


Жәнібек-А.Алишер: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.


Керей-Р.Алишер:

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқын.

Әумин.


Мұғалім: Ия,сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.

Екіншіден,суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

«Туған жер» әні орындайтын Санжар

Амир:

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған,

Көненің сырласы

Тарихты тыңдаған.

Мұхамед:

Шежіре шертеді,

Көшесі, әр тасы,

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.

«Жаса мәңгі, Қазақстан!» орындайтын қыздар тобы


Мұғалім:

Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды. Сол кездегі тәртіп бойынша хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан таққа Керей отырды.Ал ақылдасар тірегі Жәнібек болды.

Шерхан:

Керей хан боп аталды алты алашқа,

Ғаділдіктен тарқады әрбір нұсқа.

Ханның әділ болғаны елдің бағы,

Мінезі өзгермейді жазы, қыста.

Уалихан

Елдің басын құрады, ердің басын,

Шақырып берекеге ықыласын.

Ерте ойлап, әрбір істі алдын болжап

Кеңесіп пішуші еді істің басын.

Мадина:

Керей ханнан кейін таққа Әз-Жәнібек отырды.

Жәнібек хан боп тұрды орнын басып,

Өнері Керей ханнан тұрды асып.

Ел жігін, жердің шетін қолына алып,

Халқына әділдіктен үлгі шашып.

Не қиын мәселеге жауап тапты,

Ақылдың бітіп жатқан көзін ашып.

Мұғалім:

Керей мен Жәнібектен кейінгі хандар да мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, хандықтың туын жықпауға тырысты.

«Қазақ биі» орындайтын қыздар тобы

Асель:

Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан

Атадан арналғандай озып туған.

Аталып «Қасым ханның қасқа жолы»

Мұра боп кейінгіге содан қалған.

Жәнібек ханның ұлы Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.

Асыл:

Аталып Тәуке хан боп ел биледі,

Айырмай жарлы, бай деп тең биледі.

Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан,

Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі.

Мұғалім:

1680-1715 жылдары хан болған Әз -Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды.Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы-хандықты ерекше әлеуметтік топты құрайтын билердің көмегімен өз үстемдігін нығайтты.

«Тұлпарым» әні орындайтын ұлдар тобы

Уалихан:

Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,

Жанымды орай берсе ұлы уайым,

Кеудемде күннің нұры толғандай боп

Жырлаймын алты алаштың Абылайын.

Абылай хан өз заманының көреген де,ақылды саясаткері, даңқты батыры, өткір ойлы дарынды дипломаты болған. Ол өзінің білгір ішкі, сыртқы саясатымен Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды. Қазақ халқының мерейі мен рухын көтерді.

Асыл:

Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.


Мадина:

Қазақта ең бірінші батыр да өткен,

Қазақта ең бірінші ақын да өткен.

Қазақтың ең бірінші ханы да бар

Ең алғаш тақтың дәмін татып өткен.

Ажар:

Ел болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?!

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Нұр-Али:

Нұрсұлтан-Елбасымыз көш бастаған

Ардақтап жырына атын қоспас па адам?

Асылдың сынығысың таза, гауһар

Ешқашан абыройын тот баспаған.

Милана:

Бағаламай болмайды ер еңбегін,

Өзіңсің күллі әлемде еленгенім,

Қазақ елі гүлденді жасыл байтақ,

Болған соң Нұрсұлтандай кемеңгерім.

Ажар:

Қазақ хандығы - біздің елдігіміздің түп-тамыры.Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды.

Нұрдаулет :

Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,

Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық.

Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей

Көрінетін болайық әлем-үздік.

Мұғалім:

Мәңгілік елге жеткізетін тек қана Нұрлы жолдар екенін есімізде ұстайық!

Бабалар жазған ұлы тарихы бар, Нұрлы жолы бар менің халқым -Ұлы халық.

«Алға, Қазақстан!» орындайтын Амир




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал