7


  • Учителю
  • 'Бастауыш - Дастан' атты бастауыш класпен қоштасу ертеңгілігі (4 класс)

'Бастауыш - Дастан' атты бастауыш класпен қоштасу ертеңгілігі (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Бастауыш - Дастан»

Мақсты: оқушылар бастауыш сыныптан алған білімдерін, өнерлерін көрсетеді, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезінеді; бастауыш сыныбымен, білімнің нәрін сепкен ұстаздарымен қоштастыра отырып сәт сапар, ақ жол тілеп, әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін бағалап, жоғары сынып мұғалімдеріне табыстау.

Міндеттері: оқушылардың өнер-білімге деген қызығушылығы артады; оқушылар адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді; өз ойын еркін жеткізуге қалыптасады.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, гүл шоқтары, көрме, оқушылардың жетістіктері туралы папкалар, шарлар.


Мұғалім: 4- сынып түлектері

Қобалжулы жүректері

Әрқайсыңда ерекшесің,

Ұстаздың ақ үрпектері.

Ортаға 4-сынып оқушыларын шақырайық. Ерболатова Жанбота.

Жанабаева Ақбота. Келіс Аружан. Утенова Сабина. Урынбаева Фариза.

Мұғалім:

Қымбатты, ақ қанатты балапандарым!!!

Биылғы жыл біз үшін ерекшк жыл. Ұлы жеңіске 70 жыл толды. Бабаларымыз қанмен, аталарымыз жанмен тілеген жеңіс. Сол жеңістің , тәуелсіз еліміздің тірегі- кішкентай бүлдіршіндерім бүгін қанаттарын қомдай қағып, өздері өскен кішкентай мектебінен - бастауыш сыныптан ұшқалы тұр.

Әр адамның өмірінде қимастықпен еске алатын қымбат күндері болса, соның бірі- бүгінгі мереке. Бүгін мен өзім тәлім берген шәкірттеріме ақ жол тілеймін. Ал сіздер, құрметті қонақтар олардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!!!

Бастауыш- Дастан,

Тәлімнің бәрін үйреткен.

Ананы сүйіп, әкені сыйлап,

Пір еткен. Сіңіріп бәрін,

Бойыма алып барамын.

«Жолдама» етіп

Өмірге сапар мен шеккен.

Айқара жазған, ашайық бетін дастанның

Өнерді төгіп, шашуды бүгін шашайық!!!

«Бастауыш- Дастан» кітабының бірінші бетін ашады.

«Ұстаздық еткен жалықпас» сөзі шығады.

1-оқушы: Фариза

Алдыңыздан бірінші рет хат танып,

Еліміздің сал- дәстүрін жаттадық.

Қандай адам жақсы көрмес ұстазын,

Білім берген жан дүниесін ақтарып.

Жалын атып, от боп бірге жанарсың,

Білім беріп, содан бақыт табасың.

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың.

«Ұстазым» әні орындалады.

Жүргізуші:

Бастауыш- Дастан

Тәлімің терең тұңғиық.

Берерің де көп,

Бойыма менің сіңіріп.

Кітаптың келесі беті ашылады.

«Әлпештеген баласын.

Ана- бақыт, ана- күн».

2- оқушы: Сабина.

Кім сендерді балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Анамыз ғой дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.

Жалқау болсақ, балалар, жаман болсақ,

Анамыз ғой көз жасын көлдететін.

Мен бәріне адаммын

Маған жақын бар адам.

Барлығынан солардың,

Жақынырақ жан анам.

«Ару ана»ән орындалады.

Жүргізуші:

Әке деген қамқорым- ну орманым.

Бастауыштан білдім мен ол- қорғаным.

3-бет ашылады. «Әке асқар тауым».

3-оқушы: Ақбота.

Ұштасаң қаламыңды қаламұштай,

Түседі жүрген сайын жол алыстай.

Өмірде әкелердің орны бөлек,

Ұл- қызын баулитұғын бала құстай.

Қамқорсың әке өмірде,

Қуатым сенсің көңілде.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

«Әкем- әнім» әні орындалады.

Күй орындалады кітаптың келесі беті ашылады. Отан туралы ұлағатты сөз шығады.

«Отан оттан да ыстық».

4-оқушы: Аружан.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала.

Шуақ болып шашылам жолыңа да

Сүй отанды! Шынымен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

-Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Жүргізуші:

Дастанымның келесі бетін ашайын,

Не бар екен деп қуанып бір қарайын.

«Тәуелсіздік тірегі- білімді ұрпақ».-деген қанатты сөз шығады.

Жанбота.

Математика сабағын,

Жақсылап оқып аламын.

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.

Сабина.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ақбота.

Как прекрасен и велик,

Русский близкий наш язык,

Я на нем как родной,

Раговаривать привык.

Аружан.

Күнде гирді көтергенбіз,

Шынығамыз жалықпастан,

Жүре алмаймыз бекерге біз,

Қабілетті танытпастан.

Фариза.

Мектептің әдемі ғой әр сабағы,

Қызық- ау, әсіресе ән сабағы.

Шәрипа Шара болып би билесе,

Күлипа Күләш болып ән салады.

Би: «Қош бол, бастауыш» 4-класс қыздары.

Бойымызда бұла күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу- білім үйреткен

Ұстаздарға мың алғыс!

Абзал жан биік тұлға, байсалды,

Құшақ жая шәкірттерді қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.-дей отыра сөз кезегін мектеп директоры Клара Рахметқызына береміз.

Мұғалім: Балалар, біз төрт жыл бойы не үйрендік?

-Оқуды,жазуды, есеп шығаруды,ән айтуды, би билеуді. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

Әйтекенің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан.

Төле бидің тауып айтқан

Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.

Мұғалім: Біз нені сүйеміз?

-Отанды, ата- анамызды, халқымызды, достарымызды, жақындарымызды, құрбы- құқрдастарымызды, табиғатты, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді сүйеміз.

Мұғалім: Біз нені ажырата аламыз?

Жақсылық пен жамандықты, арамдықты, ақ пен қараны ажырата аламыз.

Мұғалім: Бізді болашаққа не бастайды?

-Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген берік сенім.

Мұғалім: Біз кім боламыз?

-Адал азамат, оқымысты ғалым,елін-жерін сүйетін нағыз адам боламыз.

Мұғалім:

Ұстаз болу- жүректің батылдығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күншуағы,

Ұстаз болу- адамның асылдығы.

-дей келе келесі кезекті «Менің жетістігім» айдарына береміз. Әр оқушы 4 жыл бойы осы мектепте іс-шараларға қатысып алған жүлделі орындары мен аудандық олимпиядаларға қатысып алған мадақтама және дипломдары туралы айтып өтеді.

Біз2013 жылы ауданымызда өткен математикалақ»Бастау» олимпиядасына құрама топпен барып, алғыс хатпен оралдық.

2015 жылы да «Бастау» олимпмядасына құрама топпен барып Алғыс хатпен оралдық. Әр оқушыға сөз кезегін беру.

Мұғалім:

Білімнің терең мәндерін

Мәндерінде пәндердің

Мерекеде сөйлесін

Мектептегі пәндерің.

«Әліппе» арқылы әріптердің бәрін танып, оқи алатын болдық. Ал, балалар, тағы басқа пәндерден нені үйрендік?

Ақбота.

«Ана тілі» пәнінен ақын- жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар оқыдық.

Жанбота.

«Қазақ тілінен» дыбыс, әріп, сөйлем, сөз таптары, сөйлем мүшелері туралы оқыдық.

Сабина.

«Математикадан» көп таңбалы сандарды оқып, жазуды үйрендік.Көбейту кестесі мен кез- келген өлшем бірліктерді жатқа білеміз.

Аружан.

«Дүниетанудан» айналамыздағы қоршаған ортамен, жан- жануарлармен, өсімдіктермен таныстық.

Фариза.

Дәптерлеріміздің сыртына аты-жөнімізді, сыныбымызды өзіміз жазып, «Күнделікті» де өзіміз толтыра алатын болдық.

Әртүрлі тақырыптарда шығармалар мен мазмұндамалар жазуды үйрендік.

Аружан.

Тойымызға бүгінгі

Ақ тілегін арқалап

Келді ата-анамыз

Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз. Келесі құттықтау сөзін 4-сынып оқушыларының ата-аналарына береміз.

Би: үнді биі 4-класс оқушылары.

Хор: «Қош бол бастауыш»

Бастауыштан білім алып,

Кеңейді ой- санамыз.

Шаттық толы балалық шақ,

Шырқап әнге саламыз.

Қайырмасы:

Қош бол, қош бол бастауыш.

Жаңғырады сан дауыс.

Ешқашанда біз өзіңді

Ұмытпаймыз бастауыш.

Балалықтың бал дәурені

Аялады біздерді

Ұстаз ана мейрімі

Саялады біздерді.

Қайырмасы:

Қимастықтан жүрегіміз

Елжірейді бүгінде.

Ораламыз біз өзіңе.

Ұмытпаймыз бастауыш.

Қайырмасы:

Мұғалім:

4-сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азама боп өсіңдер деп тілек білдіремін.

Ал ата- аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын!

Бастауышты тауыстың,

Жоғарағыға ауыстың.

Құтты болсын қадамың,

Озаты бол заманның.

Биік болсын білімің,

Біреуі бол ірінің.

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман- есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.


Ақбота:

Үйретіп бізге алғаш әліппені

Гүлмарал апай ғылымға жол салып берді.

Адамның ой- арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Аружан:

Білім нәрін себелеп,

Өсіп күтер баланы.

Тәлімің неткен керемет.

Гүлзина апай бала бағбаны.

Жанбота:

Жүзің жылы құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Клара апай биіктерге шығамын мен.

Фариза.

Ұқсаттың сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға

Жақын тарттық, Жанна апай бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

Сабина:

Ақылшым асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың

Қасыма кеп Идира апай

Қамқор боп қалам ұштадың.

Ақбота.

Оқытты бізді Мұнар ағай

Өсті білім санамыз.

Білгіш ер боп өсетін Біз бақытты баламыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал