- Учителю
- Ашық сабақ Тақырыбы Құрақ жылан жасау 3 сынып
Ашық сабақ Тақырыбы Құрақ жылан жасау 3 сынып
№5 орта мектеп
Тақырыбы:
Өткізген: Зинуллаева К.
2012-2013жыл
Сабақтың тақырыбы:Құрақ жылан жасау
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға құрақтың шығу тарихымен таныстыру,құрақ түрлерін көрсете отырып,тігу жолдарын үйрету.
Дамытушылық:Оқушыларға құрақ құрауды үйрете отырып,шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік:Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге,ұқыптылықпен талғампаздыққа тәрбиелеу
Пән аралық байланыс:ана тілі,музыка
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,орындату,сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:Маталар, ине-жіптер,қайшы,слайд,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психолгиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп-мұның аты еңбек
Кесте тіксең зерлеп-мұның аты еңбек
Сабағыңды жөндеп әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
-
Үй жұмысын тексеру
1. Құрақ дегеніміз не?
2.Панно дегеніміз не?
3.Құрақ пен панноның айырмашылығы қандай?
4.Қиындыларды қалай таңдайсың?
5.Қауіпсіздік ережесін ата
6.Мата неден тұрады?
Жаңа сабақ.
Қауіпсіздік ережесі.
1.Қайшы ұшын жоғары көтерме
2.Инені киімге қадауға болмайды
3.Қайшыны ашық тастама
4.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме
5.Иненің жібін тіспен үзуге болмайды
-Бүгінгі сабағымыз құрақ құрау болғандықтан,әрине маталармен тығыз байланысты.Сол себепті маталар туралы не білетіндеріңді білгім келіп тұр.
1.Матаның құрамы неден тұрады?(талшықтан)
2.Құрақ тұрмысымыздағы қандай затта кездеседі?(құрақ көрпешеде,жастықшада, қоржында,төсеніштерде.)
3.Қандай мата түрлерін білесіңдер?(шыт,жібек,сатин,парша,барқыт)
4.Панно дегеніміз не?
5.Матаның оң терісін қалай анықтайды?(бетіне түскен суреті ,түсі ,бетінің жылтырлығы арқылы)
6.Табиғи талшықтар жануарлардан-жүн,жібек,өсімдіктерден-зығыр,мақта, қоспалы талшықтар;синтетикалық және химиялық;капрон,лавсан,вискоза
----Жарайсыздар , балалар ! Енді сабағымызға көшейік . Мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Сумаңдаған тілі бар,
Бұраңдаған ізі бар.
Тіл ұшында уы бар,
Ол не ?
Біліп ал. (жылан)
Тақтаға күннің жадын,сабақ тақырыбын жазу
Бүгінгі сабақтың мақсаты:жылан құрақ үйрену.
Балалар биыл қандай жыл? (жылан)
Кім жылан туралы мақал-мәтел,ертегі айтып береді?
Жылан -- адамды әп-сәтте өлтіре салатын у-ға ие қорқынышты жануар.Жыланның аса қауіпті ауруларға таптырмас ен болатын қасиеті де бар .Тостағанға оралып келіп,өз уын төгіп жатқан бейнесінің медицинаның негізгі нышанына айналуына дәл осы таңба әсер еткен.
Жыландар жер шарында кең тараған(Антрактидада кездеспейді) 3000-ға жуық түрі бар. Жыланның көпшілігі құрлықта,әдетте,қалың шөп өскен жерлерде,ағаш басында,шөлді аймақтарда,кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.Түрлері; сарыбас,соқыр, сұржылан,бозша,улы т.б.
Енді матадан құрақ жылан тігеміз.
----Құрақ дегеніміз не?
Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар?
1.Көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек,
2. мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді.Яғни,құрақ дегеніміз-
шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.Құрақтың 200-ден астан түрі бар.Соның ішінде төртбұрыш,сегізсай,мүйіз,қиықша,үшбұрыш,аққу,шахмат,жұлдызша құрағы ел арасында кеңінен дамыған.Қазақ халқының қолөнерінің ең көп тараған түрі-құрақ..Құрақ негізінен түрлі-түсті маталардан құралады.Кезінде оны апа,әжелеріміз бірден пішіп,қырқып құрастыра берген.Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
1.Мата қиындыларын іске жарату(кәдеге)жарату
2.Үлкен сәнділікке баулу.Құраққа пайдаланатын маталар жұқа,қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелііп алынады.Құрақ құрау асқан шеберлікті,түс үйлесімділігін қайталанып келіп отыратын элементтерді дәлдікпен үйлестіруді талап етеді.
Сарамандық жұмыс
а) Жылан құрағын құрап үйрену
ә) Жылан құрағының технологиясын меңгерту
б) Әсемдікке ,әдемілікке тәрбиелеу
Сергіту сәті.
Домбырам күмбірлеп
Күй шерте аламын .
Бұрала би билеп,
Суретте саламын.
Ұқсатып кілемге,
Кесте де тігемін.
Актёрше рөлде
Ойнай да білемін.
Ойын. «Жалғасын тап»мақал-мәтелдердің жасырын сөздерін толықтыру
1.Көз қорқақ, қол ......(батыр)
2.Иненің .......(жіпсіз),күні жоқ.
3.Білім......(инемен)құдық....(қазғандай)
4.Қол....( өнері)-кілемде,сөз....(өнері)өлеңде
5.Кім еңбек етсе----сол....(тоқ)
6.Бүгінгі істі ......(ертеңге)қалдырма
7.Өнерлі болу...(зейнет),өнерсіз болу....(бейнет)
8.Еңбек түбі----....(береке)
9.Көңілсіз .......(жұмыс) өнімсіз
Сабақты бекіту
Тақырыпқа қатысты сұрақтар қою.
Қортынды:Оқушылар жұмысты орындағаннан кейін,талдау жасау.
Бағалау