7


  • Учителю
  • Қазақ тілі сөйлем түрлері 2 сынып

Қазақ тілі сөйлем түрлері 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 3.12.15 Бекітілді:_____________

Пәні:Қазақ тілі

Сыныбы: 2 «а»

Тақырыбы: Сөйлем түрлері

Мақсаты:

а) Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.

Ә) Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

б) Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Типі: Жаңа білім беру

Әдісі: Сұрақ жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік

Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!

Қастерлейді, ұл қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім!

"Миға шабуыл"

1.199-жаттығудағы сурет бойынша әңгімені оқыту

2.Сөз неден құралады?

3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

4.Мәтін дегеніміз не?

5.Мәтіннің неше түрі бар?

6.Жуан дауысты дыбыстарды ата

Сөзжұмбақ шештіру

Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз "Сөйлем" деп аталады.

Сөйлем неден құралады?

Сөйлем соңында қандай тыныс белгі қойылады?

Сөйлем

Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем

Мұғалім сыныпқа кірді. Сабақ қашан басталады? Қыс мезгілі қандай

керемет!

Хабарлы сөйлем аяқталғаннан ойды білдіреді. Сөйлем аяқталған соң нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны білдіреді. Сұраулы сөйлемнен соң ? белгісі қойылады

Лепті сөйлем адамның көңіл күй, сезімін білдіреді. Сөйлем аяқталған соң ! белгісі қойылады.

Кітаппен жұмыс

200-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Дәптермен жұмыс

Топпен жұмыс

Алғырлар тобы - 201 жаттығу

Білгірлер тобы-202 жаттығу

Тапқырлар тобы-203 жаттығу

Жаттығуды болған соң әр топтан бір оқушы қорғайды.

сұраулық мағынаны білдіріп тұрған сөз қайсы?

Сергіту сәті

Тақтамен жұмыс.Сәйкестендіру

204-жаттығу

Хабарлы сөйлемдер: Мысық қалай дыбыстайды?

Міне, жігіт!

Сұраулы сөйлемдер: Өркенің өссін, қарағым!

Мал жайылады.

Жүйрік озады.

Лепті сөйлемдер: Қасқырдың төлі не?

Ойын: "Сөз ойла, тез ойла"

Жатқа айту

205-жаттығу. Жаңылтпаштың алғашқы екі сөйлемін сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Топпен жұмыс

Әр топ берілген сызба бойынша сөйлем құрау.

Алғырлар тобы - _____ ______ ______ .

Білгірлер тобы - _____ ______ ______ ?

Тапқырлар тобы- _____ ______ ______ !

Жұмбақ

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын

(Сөйлем)

Ойын: "Адасқан сөйлемдер"

Қыс келді!

Қыста не жауады.

Қыс мезгілі қандай керемет?

Сабақты қорыту

Бүгінгі сабақта не өттік?

Сөйлем дегеніміз не?

Мысал келтір.

Үйге тапсырма: 206-жаттығу

Ережені жаттау.

Бағалау.



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал