- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен кешенді бағдарлама
Қазақ тілі пәнінен кешенді бағдарлама
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №9 орта мектебі» ММ
«Тіл біліміне саяхат»
(1-4 сынып оқушыларына арналған
таңдау курсының комплексті бағдарламасы)
Авторлары: Бастауыш сынып мұғалімдері:
Якупова Н.А., Ермаганбетова Г.К., Досбаева Г.Т.
Қостанай 2014 ж.
Мазмұны:
-
Түсінік хат
-
Тақрыптық-күнтізбелік жоспар
-
Бағдарлама мазмұны
-
Сабақ жоспарларының үлгілері
-
Жұмыс дәптері
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Түсінік хат
Қазақ тіл білімінің салалалрын бастауыш сыныпта оқыту аса маңызды қызмет атқарады. Сондықтан бұл пәнді оқыту барысында эаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін бұдан да маңызды болуы шарт. Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей , Қазақстанның болашағы қаза тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ тілінің бастауыш сыныптан бастап оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.
«Тіл біліміне саяхат» атты кешенді бағдарлама орта мектептің бастауыш сыныптарына арналып құрылған. Бұл кешенді бағдарламада қолданылатын жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Курсты оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп тану қасиетін, өзіндік ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдірумен қатар, олардың дүниетанымын кеңейтеді, ой, сана, тіл тұтастығы арқылы тілдік қатынасты жете меңгерту, таным үдерісін жан-жақты іске асыру жүзеге асырылады.
Мақсаты:
Оқушыларға тіл тарихын, сөздердің түрленуінен, тіл категориялары, грамматика салалары, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтары туралы түсінік бере отырып, оқытуда даралауға және өз пікірін еркін жеткізуге, ойын жүзеге асыруға бағдарлау.
Міндеттері:
1.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру.
2.Оқушылардың байқағыштық, зейінді, ойлау сияқты танымдық қабілетін дамыту арқылы құзырлылығын арттыру.
3.Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.