- Учителю
- ҚАзақ тілі: 'Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша'. /сабақ жоспары 3 сынып/
ҚАзақ тілі: 'Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша'. /сабақ жоспары 3 сынып/
Күні:
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөйлем мүшелері:бастауыш туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөйлем мүшелерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар.
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру. 44 жаттығу
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут:
Есту диктанты:
Алма- көп тұқымды шырынды жеміс. Алма ағашы- жапырағы түсетін өсімдік. Алма- жер шарының барлық жерінде өсетін ағаш.
Әр сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап, сұрақ қой. Не байқадың?
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады(-): Әмір- оқушы. Алматы- әдемі қала.
47 жаттығу ауызша салыстыр.
48 жаттығу Сөйлемдерді көшір, бастауыш пен баяндауышты тап
Шерхан Мұртаза- халық жазушысы. Нұрпейіс Байғанин- ақын. Күләш Байсейітова- атақты әнші.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
49 жаттығу сөйлемдерді дұрыстап жаз.
-
Отан қуат, отбасы шуақ- Отан- қуат, отбасы-шуақ.
-
Мектеп кеме, білім теңіз- Мектеп-кеме, білім-теңіз.
-
Ас атасы нан-Ас-атасы нан.
50 жаттығу тек сызықша қойылған сөйлемдерді жаз.
52,53 жаттығулар ауызша
Ойын «Кім шапшаң?» берілген сөйлемдерді екі себет бөліп сал: бастауыш ы зат есімнен, баяндауышы етістіктен оң себетке, бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен сол себетке.
Әнші қыз келді. Қарбыз- көкөніс. Аян- биші. Күн қызарып батты. Бөдене жақынға ұшады. Саят-оқушы. Абай- ақын. Асан сурет салды. Айнұр- ұқыпты қыз. Марат футбол ой»нады. Айжан- биші.
56 жаттығу - шығармашылық тапсырма
59 жаттығу топтық жұмыс
Өзіндік жұмыс дәптері.17 бет№ 1,3
Карточка бойынша жұмыс
4.Үйге тапсырма: 87 бет 51 жаттығу, 86 бет ереже, 88 бет- 55 жаттығу