7


  • Учителю
  • 'Махамбеттің тапқырлығы' Әдебиеттік оқу пәні

'Махамбеттің тапқырлығы' Әдебиеттік оқу пәні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

09.04.2014 ж.


Ана тілі

1 « Д » сыныбы

Тақырыбы

«Махамбеттің тапқырлығы »

Сілтеме

Оқулық «Ана тілі»

Жалпы мақсат

Мәтін бойынша жұмыс жасау арқылы өзіндік ой қорытып шығуына жағдай жасау,түйіндеуге үйрету. Батырдың бойындағы ақылдылық,шешенділік,тапқырлық,батырлық қасиетті бойына сіңіруге тәрбиелеу, заттың санын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен ажыратуға жаттыға түсу.


Оқыту нәтижесі




Мәтін мазмұны арқылы түйін шығару.

Мәтінді өз сөзімен әңгімелеу

Өз жұмысын бағалап,шешім қабылдауға

Негізгі идеялар




Топта ойларын ортаға салу, естігенін,түсінгенін,көкргенін жинақтауға көмектесу.

Қанша ? неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздермен таныстыру.

Оқыту әдістері

СТО «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» , Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау»

Іс-әрекет

Ұйымдастыру. Көңіл -күйді анықтау. Топқа бөліну. №1,2,3,4,5 . Үй тапсырмасын сұрау: «Үш би». Өлеңді мәнерлеп оқыту. Үй тапсырмасын қорыту.Бұрынғы заманда небір билер, небір хандар небір батырлар өмір сүрген. Осы үш бидің басын біріктірген ,елді бірлікке шақырған Абылай хан екенін өткен сабақта өттік.

Кіріспе бөлімдегі сұрақтар:

Батыр сөзін қалай түсінесіңдер? Қандай қазақ

Батырларын білесіңдер? Наурызбай, Бөгенбай,Қабанбай.

Батырдың бойында қандай қасиет болу керек?

Күші көп, ақылды, тапқыр болу керек.

Қазақ халқы тәуелсіздікке жету үшін көптеген қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі

бір қолында қылышы бар, бір қолында қаламы бар батыр - Махамбет Өтемісұлы (1803- 1846)

Махамбет -өзінің досы Исатаймен әділдік үшін күрескен

жалынды жыршы, ел бастаған батыр,қазақтың өр рухты батыры.Ол әр сөзінде «Исатай басшы, мен қосшы », - деп айтқан.Тапқыр қандай болу керек? Ол әр жағдайда әділ шешім бере алатын,кез келген жағдайдан шыға алатын адам.

Соғыста да, өлең жазған кезде де тапқырлық қасиет Махамбеттің бойынан табылған.

Мәтінмен таныстыру. Мазмұнын түсіндіру. Сөздік жұмысы.

Мақал мағынасын ашу.

«Сөз сүйектен өтеді. »

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.Тізбектеп оқу.



Дәптермен жұмыс


Тапсырмалар

1-тапсырма

Теріп оқу: Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?

2-тапсырма: Мәтін кім туралы?

3- тапсырма: Тергеуші неге жөніне кетті?


4- тапсырма: Тест жұмысын жүргізу

5 - тапсырма: 139- ж. Неше?сұрағына жауап беретін сөздерді табу.




Сергіту сәті

Би қимылдарын жасау.



Бағалау



Бағалаудың критерийлерін басшылыққа ала отырып, бірін -бірі бағалайды,жиынтық бағалау.

Кейінгі тапсырмалар

«Махамбеттің тапқырлығы» мәтінін оқу, 140-жаттығу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал