- Учителю
- Эксперимент сабақ 'Білгіштер бекеті' 4 класс
Эксперимент сабақ 'Білгіштер бекеті' 4 класс
Тақырыбы : Білгіштер бекеті.
Мақсаты : а) оқушылардың тапқырлығы мен біліктілік қабілетін байқау және
арттыру.Әр түрлі эксперимент арқылы өмірдегі өзгерістерді
бақылау,байқау.Өз тапқырлығы арқасында белсенділік арттыру.
Ә) бірлікке,тапқырлыққа,өнерлілікке,білгіштікке баулу.
Б) сабақты жаңа заман талабына сай жаңа технология әдісімен
өткізу,дарынды балалар қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: эксперимент сабақ .
Сабақтың әдісі: бақылау,зерттеу,тексеру.опкккккссссссс
Көрнекілігі;ноутбуктар,слайдтар,шарлар,қайық,магнит,парақшалар,
жұмыртқа,Су,ыдыс.
Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ .
А) ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.Әр топ өз белгілері мен ұрандарын айтады.
1 топ - Күн: Күндей жайнап,көңілді баламыз.
2 топ- Жұлдыз: Жұлдыздай жарқырап биікте тұрамыз.
3 топ -Ту: Көк тудай желбіреп тұрамыз.
Мұғалім сөзі . Балалар ,бүгінгі эксперимент сабағымызды күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген жабдықтарды пайдалану арқылы,эксперимент жүргізіп,нәтежесіне көз жеткіземіз.
1 слайд.
Өмір-күш,оны қозғаушы-ақыл,ой, білім,тәрбие,еңбек.Осы күштер арқылы біз бақытқа да,табысқа да,өнерге де қол жеткізе аламыз.
Эксперимент барысы:
1. « Судағы қайық.» Оқушылар аквариум ішіндегі суда қайықты жүздіру әдісін көрсетеді.
Нәтиежесі:Қайық ішіне магнит салып,тартылыс күші арқылы жүзеге асады.
2.« Кім епті?». Шарларды өз денесімен отырып,секіріп,қысып,құшақтап жаруы қажет.Бұл эксперименттен қысымдық күші байқалады.
Сергіту сәтінде қимылды би әуенімен денені жаттықтырады.
3.« Сиқырлы күш.» Бұл экспериментте су үстіне қағаз қойып,жұмыртқаны жоғарыдан тастап сындыруды көрсетеді.Жоғарыдан келген күштен,соққыдан жұмыртқаның жарылуына көз жеткізеді.
4.« Білгім келеді». Жаңа ақпараттық құралды,компьютерді пайдалану арқылы,өздерінің қалай меңгергендігін көрсетеді,ақпарат береді.
1. Халелина С.: «Табиғат-менің өз үйі». Презентация.
2.Қуантаев Д.: «Тапқырлық».Логикалық тапсырманы орындау.
3.Мамбетов А.: « Ойын элементін пайдалану». Ойын элементтері арқылы тапсырманы орындау.
Тренинг. «Құрылысшы». Әр топ математикалық фигуралардан өздері бірігіп, бір жоба құрастырады.Әр топтың тапқырлығы мен ойының ұшқырлығы артып,бірігіп жұмыс жасау әрекеті жүзеге асады.
(Үй,аққала,машина,тікұшақ құрастырады.)
5.« Ғажайып парақ». Бұл экспериментте балалар парақты матаға үйкеу арқылы қағаздың тартылыс күшін анықтайды.
2. Слайд. Ой қозғау стратегиясы.
ақпарат алу үйрену
Білу
жинақтау іздену
-
«Білгіштер бекеті.» Эксперимент соңында балалар өздеріне қандай ақпарат алғанын парақшаларға жазып,Раушан гүл макетін құрастырады.
3. Слайд. Білім қуып тынымсыз,ізденеміз,
Білген сайын ғажайып күйге енеміз.
Түрлі-түлі сынақтар өткізумен
Көп жаңалық ашуды үйренеміз.
«Білгіштер бекеті» әнін оқушылар орындайды.
Соңы.