- Учителю
- Дүниетану пәнінен 'Қазақстан ғарыштық мемлекет' сабақ жоспары
Дүниетану пәнінен 'Қазақстан ғарыштық мемлекет' сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-ғарыштық мемлекет
Сабақтың мақсаттары:
1.Қазақстан-ғарыштық мемлекет деген ұғымды кеңейту. Оқушыларды ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыруды жалғастыру.
2.Танымдық ойлауларын, шығармашылықпен ойлауды, қызығушылықтарын дамыту
3.Денсаулығы мықты, ақылды,білімді балаларды тәрбиелеу
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, баяндау, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, бояу, қарындаштар
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй жұмысын тексеру
ІІІ Негізгі бөлім
-
Жаңа материалмен жұмыс
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Ғарыщкерлер Ю. Гагарин мен Т. Әубәкіров, Т.Мусабаев жайлы әңгімелеу.
-
Оқулықпен жұмыс
Сынып үш топқа бөлінеді
1-топ Байқоңыр туралы оқиды
2-топ ҚР ғарышкерлері жайлы оқиды
3-топ Ғарыш, ғарыш айлығы туралы оқиды
Оқушылар оқығандарын мазмұндап береді.Пікір алмасады
Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтінді қалай түсінгендері тексеріледі.
-
Пікір айт
-Қоғамға ғарыштық зерттеулер қандай пайда әкеледі?
Сызба құрастырылады.
Астрономиялық бақылау
Зерттеу
Ғарыштық игеру
Ғаламшарды зерттеу Ғарыш
Ауыл шаруашылығына пайда
Туризм
-
Пікірталас өткізу
-Ғарышқа не үшін ұшады? Осы керек пе?
-Егер де басқа ғаламшарға тап болсаңдар не істер едіңдер?
Қазақстан азаматтарының өмірбаяндарынан ақпарат беру. Тоқтар Әубәкіров өмірбаянынан ақпарат беру.
Ғарыш сөзіне байланысты сөзжұмбақ шешкізу.
Көрнекілікпен жұмыс жүргізу.
-
Сабақты қорытындылау
А) Сабақты бекіту
Б)Үй тапсырмасын беру
В) Сабақты бағалау