- Учителю
- Жыл мезгілдері Ескен Елубай
Жыл мезгілдері Ескен Елубай
Күні:
Тақырыбы: Жыл мезгілдері Ескен Елубай
Мақсаты:
Оқушыны Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, жыл мезгілдеріне байланысты мына «туады, шығады, түседі, келеді» сөздердің қандай мағынасы барлығы жайлы түсіндіру. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кесте
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, іздену, түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, «ДЖИК СО» стратегиясы, «Sinkuein» стратегиясы, «Ыстық орындық» әдісі, «Топтастыру» стратегиясы, «Бағдаршам» әдісі
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Еріншек Шәкәрім Құдайбердіұлы
ІІІ. Өткенді қорыту:
«Ыстық орындық» әдісі
Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па? Сенің жалқау, еріншек болғың келеді ме? Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жылдары өмір сүрген? Қандай шығармалары бар?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру:
«Топтастыру» стратегиясы
«Ой шақыру»әдісі
Жыл мезгілдері туралы жұмбақ
1. Қар кетіп, қыр көгерді,
Қыс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.(Көктем)
2. Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.(Жаз)
3. Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.(Күз)
4. Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.(Қыс)
Ескен Елубай - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.
Шығармашылығы
Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды.Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;
Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984;
Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.
Жетістіктері
Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 - 2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.
Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
Суреттер топтамасымен жұмыс. Әңгімелеу. Қандай жұмбақ, өлең, ертегі білесіңдер? Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып көрелік. Не жайлы жырлайды екен?! Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Бөлімдерге бөлу. Әр бөлімде не жайлы екенін анықтау. (көктем, жаз, күз, қыс).
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді Джиксо - ұжымдық оқыту әдісімен оқу.
Іштей, тізбектей, түсініп оқу.
Сергіту сәті
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Сөздікпен жұмыс:
Ақырап - қазан айының ескіше аты.
Жыл мезгілдеріне сәйкес айтылған сөз тіркестерін үлгілік кесте бойынша дәптеріңе жазып, неліктен олай айтылатынын дәлелде.
Көктем
туады
Құлын, бұзау, қозы, лақ туады. Көктемде барлық жан-жануар туылып, жер - көк көктейді, өсіп өнеді.
Жаз
Шығады
Егін шығып, қауыздар толып, орақ басталып, диқан бидай орады.
Күз
түседі
Ағаштың жапырағы сарғайып түседі, Шопан таудан түседі.
Қыс
Келеді
Жотаны, даланы, қырау тегіс жабады; су қатып, қыстың хабары келіп, ел қамданады сондықтан «келеді» деп күтеді.
ҮІІ. Бекіту кезеңі:
Өлең мәтіні бойынша өз сөздеріңмен диалог құраңдар.
«Ой қозғау» сұрақтармен жұмыс
Балалар, неше жыл мезгілі бар? Олар қандай? Кәзір қандай жыл мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? Қай жыл мезгілін ұнатасыңдар? Көктемнен кейін қай мезгіл келеді? Жаздан кейін қай мезгіл? Күзден кейін?
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы жаңа сабақты түсінгендерін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабақты жақсы түсінсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді, түсінген, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді, түсінгені шала болса қызыл түсті көтереді.
ІХ. Қорытынды: Бүгін не білдік? Не үйрендік? Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Оны қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?
Х.Үйге тапсырма: 201 бет өлеңді мәнерлеп оқу. Жыл мезгілдері жайлы 2 жұмбақ, 2 мақал жазып кел. 2. Бағалау.
ХІ. Бағалау