7


  • Учителю
  • 'Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу' (3 класс)

'Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты:

Математика

Уақыты:

09.10.2015

Кабинет:

№17

Мұғалім: Калиева.Г.Е

Сабақтың атауы

Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу.

Мақсаты

1.Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу алгоритмімен танысу;

2.Оқушылардың жеке ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Ұжымда тыныштық сақтауға, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

Сілтеме

Математика оқулығы 3-сынып «Атамұра» 2015 жыл, Математика оқыту әдістемесі.

Негізгі идеялар

Оқушылардың жаңа сабаққа ынтасы,қызығушылығы артады,тапсырмаларды орындауда сыни тұрғыдан ойлай біледі.

Дерек көздері

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, ғаламтор материалдары 3 сыныпқа арналған математика оқулығы Атамұра 2015ж.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Жұмыс дәптері, слайд, бағалау парағы, флипчарт, суреттер, маркер, түрлі-түсті стикерлер, фигуралар, асықтар

Оқыту әдістері

Жеке,топтық жұмыс, бағалау критерийлерін ұсыну, шығармашылық тапсырмалар, постер қорғау, кері байланыс, СТО стратегиялары.

Білу I Ұйымдастыру Кезеңі

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге күліп тұр ғарап,

Сондай жақсы көңіл-күймен

Басталды бұл сабақ.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгін сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықы ояту

-Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің қай айы?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай пән?

Білім өнер талабын

Математикадан аламын

Жақсы оқу мақсатым

Математика сабағын

Топқа бөліну. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.

1 топ Үшбұрыш

2 топ Дөңгелек

3 топ Тік төртбұрыш

Топ басшысын сайлау, оның міндетін түсіндіру,бағалау парақтарын үлестіру.



Бағалау түрлері:

-Өзін-өзі бағалау;

-Топтар бірін-бірі бағалау;

-Топ басшысының бағалауы;

-Мұғалімнің бағалауы;

*Бағалау әр тапсырманың соңында жүргізіліп отырады.

*Топ ережесімен таныстыру.

1 тапсырма Постер қорғау

1 топ x+32=70

2 топ х-17=60

3 топ х+25=50

-Теңдеуді қалай шештіңдер?

-Оны қалай таптыңыздар?

Оқушылар өз ойларын флипчартқа түсіреді.

Мағынаны тану

Түсіну ІІ

2.Мағынаны тану

-Үлгіні көрсету, салыстыру, тексеру

-Теңдеу туралы білімдерін толықтыру

(Электрондық оқулықпен жұмыс)

2.Тапсырма.Өзіндік жұмыс түрінде жүргізіледі.

Жұптық жұмыс түрінде жүргізіледі.

1топ х*2=12

2топ х*3=18

3топ х*4=20

Топтардың бірін-бірі бағалауы

3.Тапсырма. Есепті шығар

Әр топқа есеп беріледі, есептің өрнегі мен жауабын жазады.

Сергіту сәті Қолдану ІІІ

«Мен қазақпын» Музыкалық би қыймылдарын қайталайды.


Ой толғаныс



Талдау ІV



Жинақтау V

3 тапсырма. Шығармашылық тапсырма.Суретке қарап есеп құрастыр.

Берілген суреттерге қарап әр топ есеп құрастырады.

4 тапсырма. Логикалық тапсырма

Әр топқа сыни тұрғыдан ойлай білуге тапсырмадан беріледі.

5 тапсырма. Ойлан, тап.Ия,жоқ.Неліктен жоқ?

Берілген жауаптың дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді.

«Мен саған, сен маған» әдісі

3 топ бір-біріне көбейту,бөлу туралы сұрақтар қояды.

Үйге тапсырма

№5,6 есептер, Ережелерді қайталау

Күнделіктеріне жазып алады.


Бағалау VI

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Әр топ басшысы оқушының әр тапсырмадан алған бағасын хабарлайды.

Өзіңді қалай бағаладың?

Білім ағашының қай деңгейіне қояр едің? Сол адамды боя.


Бағалау парақшасын толтырады.

Білім ағашындағы адамдарды әр түрлі түспен бояиды.

Кері байланыс

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Жаңа сабақты түсіндің бе?

-Сабақтың үнемі осылай өткенін қалар ма едің?




Екі жұлдыз, бір тілек оқушылар тілектерін стикерге жазып қорғаған постерлеріне жабыстырады.



«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы:

«Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу»

Математика 3сынып

Бастауыш сынып мұғалімі:Қалиева Г

Ақтау-2015





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал