7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс Наурызым мерекем

Сыныптан тыс жұмыс Наурызым мерекем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Ана - өмірдің шуағы

Ана - өмірдің шуағы.

1-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын

8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.

2-жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.

1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол - анамыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі 8-наурыз -аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»

атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.

1-жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1-оқушы:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

3-оқушы:

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

4-оқушы:

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар жанары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

5-оқушы:

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да ,

Тек анаңа жақынсың.

6-оқушы:

Ақыл құйған санама,

Күннен артық, расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

7-оқушы:

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, меніңше сүй, -деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың орындауындағы «Аяулы анашым» әнін, қабыл алыңыздар.

Ән «Аяулы анашым»



2-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге -демекші, ендігі кезекте қазақтың

«Қазақ биі», қабыл алыңыздар.

Би «Қазақ биі»

1-жүргізуші:

Дүние ойдан шығалы,

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып, -дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

«Асыл әже» әні

2-жүргізуші:

Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.

2-жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, -демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

«Үнді биі»

2-жүргізуші:

Ана ол біздің елде ардақты адам,

Кішісі де, үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы да Отанын да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, -деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»

Немересі: -Әже деймін, әже,

Сұрақ қойғым келеді сізге.

Мен түсінбейтін бір жәйт бар.

Түсіндірші соны бізге.

Бірінші сұрағым сізге:

Дүниеде не қымбат?

Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.

Немересі: -Адамға не қымбат?

Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.

Немересі :-Балаға не қымбат?

Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.

Немересі: -Иә, десеңші әже!

Түсінбеппін осы жайды.

Тағы бір сұрағым бар сізге,

Қатты мен жұмсақ жайлы.

Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.

Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?

Әжесі: Ананың сүті тәтті.

Немересі: -Дүниеде не қатты?

Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.

Қарағым, сауал қойдың көп маған.

Бір ақыл айтайын саған

Тату болса -ағайын жақын,

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарыңдасын.

Немересі:-Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт берекең - атаң қымбат.

Аймалайтын - анаң қымбат.

Мейірімді - әжең қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

2-жүргізуші:

Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

8-оқушы:

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да қүттықтап,

Мерекесің тойлаймыз-дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік.

2-жүргізуші:Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

1-жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал