- Учителю
- сауат ашу пәнінен сабақ жоспары, 1 сынып 'Ұ ұ дыбысы мен әріпі. Ұ ұ әрпін жазу. '
сауат ашу пәнінен сабақ жоспары, 1 сынып 'Ұ ұ дыбысы мен әріпі. Ұ ұ әрпін жазу. '
.
Пәні:әліппе
Сабақтың тақырыбы:Ұ ұ дыбысы мен әріпі. Ұ ұ әрпін жазу.
Сабақтың мақсаты: а\БілімділігіҰ ұ дыбысы мен әрпін таныту.Берілген сөздерді түсініп, дұрыс буынға бөле білдіру.Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, дауысты, дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету, оқу дағдысын қалыптастыру.
ә\Тәрбиелілігі:Имандылыққа, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын
кеңейту.
Көрнекілігі: Мазмұнды суретттер,қима әріптер буындар, дидактикалық материалдар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аздару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Дидактикткалық материалдар мен суреттерді пайдалана отырып, сөздерді буынға бөлу З дыбысы бар сөздерді тапқызу..
2. Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, сызба түрінде көрсету:
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау!
Жұмбақ шешу.
Құстай ұшар
қанаты тұлпар.(ұшақ)
-Ұ дыбысы дауысты жуан дыбыс.Ұ дыбысын таныстыру.
3.Оқулықпен жұмыс
Бағандағы сөздерді оқыту.
Буындық, дыбыстық талдау жасау.
Мәтінді оқыту.
Мазмұнын айтқызу, мәтінді талдау
4.Сергіту сәті.
5 Дәптермен жұмыс.
дәптермен қаламды дұрыс пайдалану ережесін сақтау.
Әріптердін дұрыс тұлғасын өрнектеу үшін қол саусақтарын жаттықтыру. Ұ ұ әріпін
.жазу үшін оның элементін құрайтын сызықтарды жазу арқылы әріптің толық тұлғасын өрнектеу.( тақтада көрсету)
6.Сөздік диктант:ұл, ұлан, ұлар ,ұшақ ,ұшқыш , бұлақ.
IV.Сабақты бекіту.
«Кім жылдам»Ойын арқылы сабақты бекіту
Жоқ әріпті табу.Сызба арқылы жазу.
...... .. жем шашты. ___ ___ ____.
Сәуле .....шақ жасады.. ___ ___ _____.
V. Қорытынды. Мадақтау.
-Қандай әріппен таныстық?
- Ұ дыбысы қандай дыбыс?
-Ұ дыбысына байланысты сөздер айтқызу.