7


  • Учителю
  • Планирования по родному языку на тему 'Мағзұм Сүндетов. ҚАйырымдылық' (3 класс)

Планирования по родному языку на тему 'Мағзұм Сүндетов. ҚАйырымдылық' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ана тіліСабақтың тақырыбы: Мағзұм Сүндетов. Қайырымдылық.Сабақтың мақсаты: Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесімен таныстыру.Сабақтың міндеттері: 1.Мәтіндегі негізгі ойды білу, әңгіме бойынша қорытынды шығара білуге үйрету.2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабіле
предварительный просмотр материала

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Мағзұм Сүндетов. Қайырымдылық.

Сабақтың мақсаты:

Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Мәтіндегі негізгі ойды білу, әңгіме бойынша қорытынды шығара білуге үйрету.

2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, сөйлеу тілін, сөздік қорын, сауатты сөйлеу дағдысын, танымдық әрекетін дамыту.

3.Оқушыларды мейірімділікке, тазалыққа қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау, оқу, көрнекілік, шығармашылық. СО.әдісі

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар.Авторлардың суреті

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.

-Ж.Аймауытов кім? - Қандай әңгімеоқыдық? Үй тапсырмасын қорытындылау. Тест арқылы



1.Ж.Аймауытов кім: а)жазушы ә)әнші б)ағартушы

2.Ақбілек қандай бала: а)қорқақ,жылауық ә)батыл,қайырымды б)өнерлі

3.Әлгі торғай жансыз тастай, ағып түсті топ етіп. Қайдан? Қайда? а)жерден,шұққырға ә)әуеден,шөпке б)жерден,шөпке

4.Шөптің үстінде не жатыр: а)тас ә)жылын Б)құмыра

5.Сұр жыланның басы қандай:көзі және тілі қандай: а)басы салбыраған,көзі әдемі,тілі тәтті ә)найзабасы қақшиған,алмас көзді,айыр тілі

6.Жылан торғайды арбап жейді дегенді Ақбілек қашан естіген? А)бала кезінде ә)ертеректе б)үлкейгенде

7.Сұр жыланды сойылшамен салды кеп қақбастан. Сойылша деген не? А) тас ә)мықты ұзын ағаш б)темір

8.Ақбілек торғайды аман алып қалғанда қандай күйде болды? А)қуанды ә)таңқалды б)ренжіді

Қорытынды:

1.Тестінің дұрыс жауабын мұғалім айтады, оқушылар бірін-бірі тексереді.

2.Әңгіменің соңында «Бұл жауыздың көзінде не бар?» (Пікір айту. Оқушылар өз пікірлерін айтады.)

3.ВЕНН диограммасы бойынша торғай мен жыланды салыстыру

ІІІ.Жаңа сабақ: Мағзұм Сүндетов «Қайырымдылық» 1956 жылы 29.01. Атырау облысы, Доссор кәсіпшілігінде туған.

Қазақстан Мемлекеттік Университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қайраткері.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Сендердің ойларың мәтінмен сәйкес келе ме?

3.Мәтіндегі басты кейіпкер кім?

4.Кейіпкер жағымды ма, жағымсыз ба?

5.Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер!

IV.Бекіту.Мәтінмен жұмыс

1.Оқушылардың оқу техникасын тексеру

2.Мәтінге жоспар құру (дәптерге жазу) 1.Ұқыпты Мұхтар 2.Балаларға кездесуі 3.Жұдырықтай күшікке жаны ашуы 4.Күшікке көмек 5.Анасына баяндауы 6.Анасының баласының ісіне риза болуы

V.Сөздікпен жұмыс

1.Бұлыңғыр-бұлттанып тұр

2.Айнаның сынығындай қақ -жаңбырдың суы

3.Іркіле-тоқтай қалды

4.Қылау жұқтырмай-таза

5.Ұйлығып-жиналып

6.Жұдырықтай-кішкентай

7.Өлеусірей-әлсізденген

8.Әкіреңдеп-дауыс көтеру

9.Абдырап-сасқалақтап

10.Еңсесін басқан зіл-денесін басқан қорқыныш

VІ.Қорытынды:

Кім туралы? Тақырыптың ең басты түйінділері Не істеді?

Неге? Нәтижесі

Проблемалық сұрақтар:

1.Біз кішкентай болсақ та қолымыздан қайырымдылық жасау келе ме?

2.Қайырымдылыққа тағы не жатады?

3.Сен қайырымдылық жасап көрдің бе?

VІІ.Үйге тапсырма.

VІІІ.Бағалау.

1.Ж.Аймауытов кім: а)жазушы ә)әнші б)ағартушы 2.Ақбілек қандай бала: а)қорқақ,жылауық ә)батыл,қайырымды б)өнерлі 3.Әлгі торғай жансыз тастай, ағып түсті топ етіп. Қайдан? Қайда? а)жерден,шұққырға ә)әуеден,шөпке б)жерден,шөпке 4.Шөптің үстінде не жатыр: а)тас ә)жылан Б)құмыра 5.Сұр жыланның басы қандай:көзі және тілі қандай: а)басы салбыраған,көзі әдемі,тілі тәтті ә)найзабасы қақшиған,алмас көзді,айыр тілі 6.Жылан торғайды арбап жейді дегенді Ақбілек қашан естіген? А)бала кезінде ә)ертеректе б)үлкейгенде 7.Сұр жыланды сойылшамен салды кеп қақбастан. Сойылша деген не? А) тас ә)мықты ұзын ағаш б)темір 8.Ақбілек торғайды аман алып қалғанда қандай күйде болды? А)қуанды ә)таңқалды б)ренжіді

1.Ж.Аймауытов кім: а)жазушы ә)әнші б)ағартушы 2.Ақбілек қандай бала: а)қорқақ,жылауық ә)батыл,қайырымды б)өнерлі 3.Әлгі торғай жансыз тастай, ағып түсті топ етіп. Қайдан? Қайда? а)жерден,шұққырға ә)әуеден,шөпке б)жерден,шөпке 4.Шөптің үстінде не жатыр: а)тас ә)жылан Б)құмыра 5.Сұр жыланның басы қандай:көзі және тілі қандай: а)басы салбыраған,көзі әдемі,тілі тәтті ә)найзабасы қақшиған,алмас көзді,айыр тілі 6.Жылан торғайды арбап жейді дегенді Ақбілек қашан естіген? А)бала кезінде ә)ертеректе б)үлкейгенде 7.Сұр жыланды сойылшамен салды кеп қақбастан. Сойылша деген не? А) тас ә)мықты ұзын ағаш б)темір 8.Ақбілек торғайды аман алып қалғанда қандай күйде болды? А)қуанды ә)таңқалды б)ренжіді



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал