7


Зат есім 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 11.04.16

Пәні: сауат ашу

Сыныбы: 1 «Б»

Мұғалім: Чмаева Ж.Д.

Сабақтың тақырыбы:Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана

Сабақтың мақсаты:

а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы түсінік беру.

ә) Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ой-өрісін дамыту.

б) Домалақ ана өлеңін оқу,талдауарқылы ананы сүюге ,құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:үйректің суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген «Өнерлі жігіт» әңгімесі туралы кім не айтады?-Өнерлі жігіт деген қандай жігіт?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-«Өнерлі жігіт» әңгімесін пысықтап, талдау.- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?

Бір, екі, үш бұлар нені білдіреді?-сандыМысал келтірейікші.Алмас театрға екі билет сатып алды.

V. Жаңа сабақ:133-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыпжазыңдар.Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.134-жаттығу Сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жазыңдар2. нешінші деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.135-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау136-жаттығу Сандарды сөзбен жазу.

ЕРЕЖЕНІ жаттау«Домалақ ана» Автор Т.Молдағалиев туралы түсінік беру

VI.Жаңа материалды пысықтау:137-жаттығу сұрақ-жауап ұйымдастыру

VII.Бекіту кезеңі:-сан есім дегеніміз не?-Қанша?Неше?Нешінші сұрақтарына жауап беретін сөздерге мысал келтіру.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:138-жаттығу





Күні: 09.04.16 математика

Сыныбы: 1 «Б»

Мұғалім: Чмаева Ж.Д.

Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу қабілеттерін арттыру, нығайту.

Тәрбиелік: Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу. Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар болуға тәрбиелеу.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Сабақтың көрнекі құралдары: Интербелсенді тақта, слайдтар

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

1. Психологиялық икем.

Қонақ күту - салтымыз,

Оқып, біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз

І - бөлім: «Ойлан тап» (Өткенді пысықтау).

Үй тапсырмасын оқытып тексеру. «Ұшақтың жолын анықта».



ІІ - бөлім. (Жаңа сабақ).

Оқулықтың 167 - бетіндегі тапсырмалар.

Кестені толтырамыз.

(Оқушылар ауызша орындап толтырады).

Көркем жазу

03 03

178*

2. а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а - ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және мәні ең кіші санды өрнектерді жаз.

(Өрнек құрады, мәні үлкен және ең кіші санды өрнекті жазады).

а+1

а = 9

а= 0

9+1=10

0+1=1



Есепті шығар.

Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?

Шешуі: 6+4=10

Жауабы: 10 ағаш



Мына амалдарды орындап нені табасың: 6+4, 6 - 4?

(Оқушылар есепті оқып талдайды, шартын құрып, шешуін табады, есепті шығарады. Сұрақ бойынша оқушылардың жауабы тыңдалады).



Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

4. Сандардың құрамын көрсет.

(Ауызша орындалады, оқушылар бір - бірден санның құрамын атайды).



Логикалық тапсырмалар

Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 -

2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды?

3. Сен, мен және біз. Нешеуміз?

4. Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші?

Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонбады оның нешеуі?



Бекіту

Бағалау

Үйге тапсырма







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал