7


  • Учителю
  • Мектептегі бастауыш білім берудегі жаңалықтар

Мектептегі бастауыш білім берудегі жаңалықтар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Баймағанбетова Рыскүл-Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісіМектептегі бастауыш білім берудегі жаңалықтартәжірибелер тиімділігіБізде «Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондық
предварительный просмотр материала

Баймағанбетова Рыскүл-Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі

Мектептегі бастауыш білім берудегі жаңалықтар

тәжірибелер тиімділігі

Бізде «Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы» деген ұғым қалыптасқан . Ал АҚШ-тағы адамның әлеуметінің даму мүмкіндіктерін зерттейтін институтының директоры Глен Доуман жапондық инженер «Сони» фирмасының негізін қалаушы Масару Ибуконың «Үш жастан кейін бәрі кеш» деген кітабына жазған алғы сөзінде «бес жасқа дейін балалардың ми клеткаларының 70-80пайызы дамып жетіледі » дейді. Осыған ғалымдарымыздың бес жасқа дейінгілерде 90 пайыз таным қалыптасады

деген дәлелдер сәйкес келеді.Олай болса бастауыш сыныпқа танымы ,ойлауы,

шығармашылық қабілеттері кешеуілдеп немесе жетілген балалардың келуі

заңдылық. Өйткені қазіргі кезеңде 5жасқа дейінгі балалардың көбі үйінде, ата-аналарының, ата-әжелерінің қолында тәрбиеленетіні рас. Сондықтан бала қа-

білеттерінің дамып,жетілуі сол адамдардың тәрбиелік іс-әрекетіне байланысты.

Бәріміздің арнамыз-баламыздың жақсы азамат болып, досарымен, болашақ әріптестерімен тіл табысып, бақытты ғұмыр кешкені. Сондықтан да мектептің міндеті-балаға жалаң білім беру ған емес, оны өмір сүруге бейімдеу. Ал бұған қалай қол жеткізуге болады?

Ойынсыз, ойыннан тыс балалық шақ негізгі дамудан; шығармашылықтан, әлемді тануға деген белсенділіктен айыру деген сөз. Сондықтан бастауыш сыныпта мұғалім үшін негізгі әдіс-тәсіл ойынға бағытталуы тиіс.Бірақ бала сезімталдығы өте жоғары болып келетіндіктен, мұғалімнің шығармашылығы бұл жерде, ойынды тәрбиеге ұластыру, оқушының құштарлығын, ынталығын өршіте отырып, қабілеттерін дамытуға бағыттай алуынан көрінеді.

Жалпы бала үшін білімді терең игерудің, сезінудің мынандай кезеңдері бар:

  • Оқи алу;

  • Жауап бере алу;

  • Оқып, түсініп, жауап бере алу;

  • Оқып, түсініп, жауап беріп, дүниетанымын кеңейте алу(өзіндік ізденіс)

Мен 4-сыныптардадүниетану, ана тілі пәндерінің жоғарыдағы игеру кезеңдерін ескере отырып, «мәтін ауыстыру »ойынын көп қолданамын.

Бұл ойынның мақсаты:

  • Оқуға үйрету

  • Қарым-қатынас жасауға үйрету

  • Оқуға деген қызығушылығын дамыту

Ол үшін мен жаңа материал негізінде мәтін дайындаймын. Оқушыларды қызықаыру үшін мәтін суреттермен болғаны дұрыс. Мәтін 40-50 сөзден құралады.

Өйткені 4-сынып оқушысы 1-минутта оқуға тиісті (таныс емес мәтінді оқу минутына 90 сөз) сөзді ескердім.Ал мәтіндерді кейде бір қатар тақырып бойынша алуға болады. Бірақ мәтінді дайындауда оқушыға қажетті білімді кеңейткені және әртүрлі ақпараттарды байланыстырғаны жөн.

  1. Әр оқушы бір-бір мәтіннен алып оқиды.Бұл кезде мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап (нақты емес, бағыт-бағдарға негізделген ) беріп, бағыттау жұмыстарымен айналысады

  2. Оқушы мәтінді оқып түсінген соң, серіктес оқушы тауып оған оқиды. Түсіндіреді. Ал серіктес оқушы сұрақтар беруіне болады.

  3. Одан кейін серіктес оқушы өз мәтінін оқиды. Түсіндіреді

  4. Соңында екеуі мәтінін алмастырып, басқа әңгімелесуші іздеуге кіріседі. Солай бір-бірін оқыту жалғасады.

Егер мәтін қызықты, көрнекілігі жоғары болса, оқушы зор қызығушылықпен жұмыс жасайды. Әркім көп мәлімет алуға тырысады. Ал оқушылардың қызығушылығын мұғалім «балалар кім 15-20 минутта көп мәтінді игере алса, сол озады» деген шарт қойса, белсенділік арта түседі.

Осы әдісті 4-сыныпта ана тілі пәні бойынша «Абылайхан» тақырыбын өткен кезде қолдандым. 22-оқушыға 5 түрлі мәтін жасалды. Ал мәтінді жасағанда «Абылайхан» тақырыбын оқушылардың өздерін-өздері оқыта, түсіндіре отырып игертуді мақсат еттім.

Басқыншылық

(1-мәтін)

Осыдан 288 жыл бұрын еліміздің шығыс жағындағы жоңғарлар мен батыс жағымыздағы қалмақтар қазақ жеріне басып кіреді. Олар мал мен дүние-мүлікті тонап, бала, әйел,шал, кемпір демей өлтіріп, қалғандарын құлдыққа,күңдікке салды. Жоңғарлар қазақ пен қырғыз жерін тез арада, толықтай жаулап алуға тырысты. Сондықтан олар басқыншылық жасауды көктемге белгіледі. Өйткені бұл кезде мал төлдеп, абыр-сабыр болып жататын қазақтардың қарсыласуға мүмкіндігі болмайтын. Осыны пайдаланған жоңғарлар мен қалмақтар қатты қарсылыққа кездеспеді. Еліміздің ішіне қарай еніп кетті. Ешкімге аяушылық жасаған жоқ. Мал-мүлкінен айырылып қашқан қазақтар аштыққа ұшырады. Елді жұт қыса бастады.

Осы кезеңде қазақтар жартысынан астам адамдарынан айырылды. Қазақтар бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламалы » деп атап кетті

Абылай

(2-мәтін)

Осы кезеңде Абылай сұлтанның аты шыға бастады. Оның шын аты Әбілмансұр болатын. Жоңғар шапқыншылығы кезінде әкесі Уәли өліп, ол Сабалақ деген жасырын атпен жүреді. Бастапқы кезде жоңғарларға қарсы күресте жауынгерлер қатарында болған ол, ержүректігімен танылады. 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Серенің туысы Шарышты өлтіреді. Ел әңгімелері , тарихи жылдарда Сабалақ әуелде Бөгенбай батырдың жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқаны айтылады. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң беделі арта түседі. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б болды

Абылайхан

(3-мәтін )

Жоңғарлардың қонтайшысы қанқұйлы Қалдан-Серен қазақ даласын басып алу үшін барын салды.Бірақ ол 1745 жылы дүние салады.

Жоңғарлардың өз ішінде билікке талас басталады. Жоңғар тайпаларының кейбіреулері Абылай сұлтаннан көмек сұрайды. Ол бұл кезде Орта жүздің Әбілманбетпен бірдей билік жүргізіп отырған болатын.

Абылай бұл жағдайды жоңғарларды әлсірету үшін пайдалана білді. Бірақ қытай императоры Цянь- Лунь жоңғарияны басып алып, жойып жібереді. Содан кейін қазақ жеріне көз аларта бастайды. Бұл кезде батысымыздан Ресей империясы да еліміздің ішіне ене бастаған болатын.

Абылай сұлтанға екі алып мемлекетпен күресіп, елінің тәуелсіздігін сақтап қалу болатын. Орыс патшалығы Абылай ханның күшейгенін көре алмады.Оған кедергі жасауға тырысты.Абылай 1771 жылы Орта жүздің ханы болып сайланды. Абылай іс жүзін жалғыз орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды. Қазақта шексіз билікті бір уысына ұстаған Абылай секілді хан болмаған.

Басқыншыларға қарсы күрес

(4-мәтін)

1723 жылы басып кірген жоңғарларға қазақтар қарсы тұра алмады. Біртіндеп ес жиған қазақтың батырлары қол жинай бастады. Сөйтіп жоңғарларға қарсы күрес басталды.1726 жылы Бұланты-Білеуті шайқасы болды. Сол шайқаста Бөгенбай батыр бастаған әскер жоңғар әскерін тас-талқан етті. Шайқас болған жер кейін Қалмаққырылған деп аталып кетті. Осы шайқасқа 15 жасар Әбілмансұр қатысты деген сөз бар. 1728-1729 жылдары Балқаш маңында тағы бір шайқас болды. Бұл шайқаста жоңғарлар тас-талқан болып жеңіліп, қалғандары аңырап, жылап қашады. Кейін бұл шайқас «Аңырақай шайқасы » деп аталып кетеді. Бұл шайқаста Абылай үлкен ерлік көрсетіпті.

Абылайды хан көтеру

(5-мәтін)

Халқы Абылайды пір тұтты. Оны жердегі құдайдай көрді. Абылайды ақ киізге көтеріп 1771 жылы хан көтерді. Осы кезде болған орыс жиһанкезі ел басқарған сұлтандар жан-жақтан дауыстап, Абылайдың даналығын, ақылгөйлігін қолбасшылығын, ержүректігін тағы да басқа қасиеттерін айтып тауыса алмапты.Қазақтарда «ханталапай»деген салт-дәстүрі бар .Хан болған Абылайдың да шапанын шешіп алған халық әрқайсысы тәбәрік ретінде талап әкетеді. Қазақтардың аңызы бойынша,Абылай заманы-қазақ батырларының заманы деп аталады.

Осы «мәтінді ауыстыру»ойыны арқылы оқушыларға материалды игерту мүмкіндігі зор.Кез-келген сабақтың соңында оқушылар бағалануы қажет.сонымен бірге мұғалім де өзін-өзі бағалауы,есеп беруі жаңашылдыққа ,жаңа әдістер мен тәсілдерін іздеп табуға итермелейді. Сондықтан «Абылайхан» тақырыбын «мәтін ауыстыру» ойыны арқылы өткізе отырып,бағалау парағын төмендегіше жасаймын.



Оқушының аты -жөні

1-мәтін

2- мәтін

3- мәтін

4- мәтін

5- мәтін

Қорытынды баға

1


+

+

-

+

+

4

2


-

+

+

+

+

4

3


-

-

+

+

+

3

4


+

+

+

+

+

5

5


+

+

+

+

+

5

6


+

+

+

+

+

5

7


-

+

+

+

-

3

8


-

+

+

+

-

3

9


+

+

+

+

-

4

10


+

+

+

+

+

5

11


-

-

+

+

+

3

12


+

+

-

-

+

3

13


+

+

+

-

-

3

14


+

-

+

+

+

4

15


+

+

+

+

+

5

16


-

+

+

+

+

4

17


+

+

+

+

-

5

18


-

+

+

+

+

3

19


+

+

+

-

+

3

20


-

+

+

-

+

3

21


+

+

+

-

+

3

22


+

+

+

+

+

5

23


+

+

+

+

+

5

15

20

21

18

17

91


%

0.65

0.89

0.91

0.78

0.73

0.78

Бұл кесте арқылы оқушылардың мәтінді сынып қаншалықты деңгейде игергенін анықтай алсам,көлденеңінен әр оқушының қанша мәтінді оқып,игергенін білуге болады.Жалпы есептей келгенде сыныптың қаншалықты деңгейде мәтінді игергенін көрінеді.бұл менің жұмысымның көрсеткіші.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.


  1. Қазақстан мектебі №9 2009ж. «Жаңа технологиялар-сабақта», «Сабақтағы өзіндік жұмыс», «Жаңаша оқыту тәсілдері»

  2. Бастауыш мектеп №7 2003ж. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту»

  3. Б. Тұрғанбаева. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы-1997жыл

  4. Бастауыш сыныпты оқыту журналы. №4. 2009

  5. К.С.Құдайбергенова «Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өзіндік дамуында»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал