- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен Балақай мен Карлсон -дос тақырыбына өткізілген ашық сабақ
Қазақ тілі пәнінен Балақай мен Карлсон -дос тақырыбына өткізілген ашық сабақ
Күні: |
24.09.16 | |||
Пән: |
Қазақ тілі | |||
Сынып: |
2 «Б» | |||
Сабақ тақырыбы: |
Балақай мен Карлсон - дос | |||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылар қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде жақын досына мінездеме бере алады. | |||
Жетістік критерий- лері: |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): белсенді лексикаға енген сөздерді пайдалана алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде өз достарына сапалық мінездеме бере алады. Оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында достарымен диалог құра алады. | |||
Негізгі түсініктер: |
Балақай, шатыр, тосап, бал | |||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, желім қағаздар, фишкалар | |||
Оқыту әдістері: |
Түсіндіру, сипаттау, талдау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ең үздік аудармашы» ойыны, «Кім тез?» ойыны, «Пирамида!» ойыны, «Бағдаршам» тәсілі, сергіту жаттығуы. | |||
Тапсырмалар: | ||||
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: | ||||
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | ||
Оқушыларға психо- логиялық ахуал ту- ғызу. (2 мин) |
Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге шаттық шеңберін құрайды. Мен тәртіпті баламын, Жақсы оқушы боламын, Кілең бестік аламын. Қазақ тілін үйреніп, Еркін сөйлер боламын! |
Оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге айтады. | ||
Топқа бөлу ( 1 мин) |
Карлсонның, балақайдың және достық суретін таратып үш топқа бөледі. |
Суреттерді таңдайды. Үш топқа бөлінеді. 1-топ - Карлсондар 2 -топ - Балақайлар 3-топ - Достық | ||
Үй жұмысын тексеру ( 2 мин) |
«Ең үздік аудармашы» ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша сөздердің аудармасын сұрау. Отбасы, ата, әже, әке, ана, аға, әпке,іні, қарындас, сіңлі, тату, жақсы, әдемі, мейірімді, әзілқой,адал
|
Сөздердің аудармасын айтып, фишка алады. Ең көп фишка жинаған бала «Ең үздік аудармашы» атанады. | ||
І. Қызығушылықты ояту (2 мин) |
Оқушыларға орыс тілінде балақай мен Карлсон туралы жұмбақ жасырады. Сабақтың тақырыбын анықтатқызады.
(Карлсон) |
Оқушылар жұмбақтардың жауабын айтады. Малыш -балақай (аударады ). Сабақтың тақырыбын анықтайды.
| ||
ІІ. Мағынаны тану. (ауызша) (3 мин) |
1. Сөздікпен жұмыс. А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Балақай - малыш шатыр - крыша тосап - варенье
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.. Айтылым. Жаңа сөздердің айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді. |
«Фишка» беріледі | |
Мәтінмен жұмыс (3 мин) |
Ә) Мәтінді оқытады, талдайды.
|
Айтылым. Мәтінді талдайды.
1- топ - мәтінді оқиды; 2- топ - мәтінді аударады; 3-топ - мазмұнын айтады. |
«Фишка» беріледі
| |
Жеке жұмыс (оқуға деген мүддесі төмен оқушы тақтаға шығып жазады) (3 мин) |
2. Тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 1-тапсырманы орындатады. Әріптерді орнына қойып жаз (қ, ү,і) Бала ... ай, мысы..., ертег..., к...ш...к, сен...мд... .
|
Жазылым. Әріптерді орнына қояды. |
Бір - бірін тексереді, бағалайды.
| |
«Пирамида» ойыны. (3 мин) |
Б) Сөйлем құастыртады. 1- топ - Досым 2- топ - Әдемі 3- топ - Жақсы. |
Оқушылар «Досым» сөзімен сөз тіркеі мен сөйлем құрастырады. 1.Досым. 2.Менің досым. 3.Менің досым ақылды.
|
«Фишка» беріледі
| |
Балалар, сендердің достарың қандай? Сыныптағы достарыңа сипаттама беріңдерші. |
Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Достарын сипаттайды.
(10 мин)
|
| ||
Сергіту сәті. Мұғалім қимылмен көрсету арқылы сергіту жаттығуын жасатады. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық!
|
Мұғаліммен бірге қайталайды, сергіту жаттығуын жасайды. (1 мин) |
| ||
ІІІ. Бекіту. Жұптық жұмыс. (4 мин) |
Диалог құрастыртады. |
Оқушылар достары туралы диалог құрайды. |
Әр топ бір- бірін бағалап, «фишка» беріледі.
| |
V. Бағалау. (2 мин) |
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың алған фишкалары бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. |
«Фишка» бойынша бағаланады. |
| |
VI. Үйге тапсырма (2мин) |
«Дос, достық» туралы 3 мақал - мәтел жазып келу. |
|
| |
VII. Рефлексия. (2 мин) |
Мұғалім есіктегі бұлт пен күннің суретіне оқушылардың назар аудартқызып,таратқын стикерлерге аттарын жазғызады. Сабақтың өту барысы ұнаған оқушыларға күнге, ұнамағандарға бұлттқа жапсыруды ұсынады. |
Оқушылар стикерлерін бұлт пен күнге жапсырады. |
|