- Учителю
- Урок на тему 'Отты жылдар өрендері'
Урок на тему 'Отты жылдар өрендері'
Тақырып: Отты жылдар өрендері
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Тарихи танымдарын қалыптастыру. Патриоттык сезімдерін ояту. Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеңес Одағы батырлары жайлы түрлі
деректер, суреттер. Жерлес ардагер атайдың соғыс туралы естелік, әңгімесі жазылған бейнетаспа. Ак кептерге тізілген түрлі-түсті шарлар.
Мұғалім:
Ұмытпа сен,елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Ұмытпа сен елімізге,
Бакыт тегін келмеген.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай күні.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
( 1-минут үнсіздік)
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткішке асығады.Олар жауынгерлердің тас мүсінге айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып,батырлар есімін еске алады.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл ,1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін ,келешек ұрпақ үшін сұрапыл соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік,грузин мен белорус,қазақ пен украйн қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған.Ұлан-байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған.
Сол сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына ,жеріне деген патриоттық сезімін,ұлттық мақтанышын дәлелдеді.500-ден астам жерлестеріміз.
Ұлы Отан соғысының күнтізбесі:
1941-1945 жалынды жылдары.
1.Соғыстың басталуы-22 маусым 1941ж.
2.Брест қамалын қорғау-маусым 1941ж.
3.Ленинградты қорғау-1941-1944ж.
4.Москва үшін шайқас-30қыркүйек 1941-20сәуір 1942ж.
5.Сталинград үшін шайқас-17 шілде 1942ж.2 ақпан 1943ж.
6.Курск шайқасы-5 шілде 23 тамыз 1943ж.
7.Днепр үшін шайқас-тамыз-желтоқсан 1943ж.
8.Берлин операциясы-16сәуір 8 мамыр 1945ж.
Жеңіс күні -9 мамыр 1945ж.
1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия Отанымызға опаздықпен басып кіріп шабуыл жасады. Жазықсыз халықты қырып-жойды. Ел басына күн туып, бүкіл халық Отанын қорғауға шықты. Осы шақта біздің ата -әжелеріміз, аға-апаларымыз да қолына қару алып елін, жерін қорғады. Халқымыздың батыр қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова , Хиуаз Доспанова сияқты апаларымыз соғыс майданында қайталанбас ерлік жасап аты аңызға айналды. Фашистик Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Жұлдызай: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұткиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса,көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер күні төнген күнде.
Олжас: Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында.
«Мені ал, мені ал» деп алуан гүл,
Қолына оның таласуда.
Саяжан: Тығылып гүл омырауға.
Сұрағандай жанға дауа,
Ант еткендей тұрды Мәншүк,
Гүлді жауға таптатпауға.
Алдияр:Ауыр күнді артымызға тастады,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген,
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
Серікболсын: Бір ата,бір ананың түлегіміз,
Бірге болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда ,тірлік бар деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
Қазыбек:Біз жас ұлан-Отан ана өркені ,
Үміт артқан болашағы ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Аружан: Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Көрініс:
«Катюша» әнінің ырғағымен гүл ұстаған қыздар айнала билеп шығады. Жүздерінде қуаныш, бір-бірін жеңіспен құттықтап жатады.
«День победы» әні ақырын ойнап тұрады. Жеңіспен оралған солдаттар, ерлік көрсеткен батырларын құттыктап аспанға лақтырады. Құшақтасып тарасады.
Мұғалім:
Тарихи деректерге қарағанда 1942-1945ж 1млн.196мың.164 қазақ- стандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Ұлы Отан соғысының батырларын білесіңдер ме? дегенде кімдерді айтар едіңдер.
Оқушылардан жауап алу
Дұрыс айтасыңдар.
Қазірде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың атымен қала, көше аттары аталады. Әр батырларга арнайы ескерткіштер қойылған. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған.
Көп кой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр апалар,
Жаттап алғын балалар.
5- оқушы:
Бақытқа байтақ елді бөлегендер,
Бауыржан,Әлия, Мәншүк,Төлегендер.
Солардың қасиетті ерлігімен,
Құлпырып шешек атып, көгерген жер.
6-оқушы:
Батыр ұл есімдері сақталады,
Жыр болып жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі-бақи мақтанады.
7- оқушы:
Бауыржан Момышұлы - кара басы,
Халықтың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы - қазақ деген,
Ғаламат,ұлы елдің баламасы.
8- оқушы:
Әлиядай апамыз, Бауыржандай атамыз,
Фашистерден Отанды, қорғап батыр атанды.
Біз еліктеп өсетін батырларың кім? десе,
Әлия, Мәншүк апамыз, Бауыржандай атамыз.
Мұғалім: (слайд бойынша)
Балалар биыл біз Ұлы жеңістің неше жылдығын тойлайын деп отырмыз?
Окушылар: 70 жыл.
-Балалар айтыңдаршы осы ауылда соғысқа қатысқан аталарымызды білеміз бе?
Дұрыс айтасыңдар балалар
Соғыс жылдары М.Ғабдуллинмен Б.Момышұлы екеуі бір-біріне хатты өлең арқылы жазып, бір-бірін ерлікке, батырлыққа шыңдап отырган екен. Панфилов М.Ғабдуллинге , жауынгерлердің осы ерліктері жайлы міндетті түрде кітап жаз, деген екен. М.Ғабдуллин сол кездері бір қолына қаламын, бір қолына қаруын ұстап жүрген . Соғыс біткеннен кейін елге оралып, *Сұрапыл жылдар* *Майдандас достарым*т.б көптеген кітаптар жазады.
Қазақ балаларының білімді болуын армандаған екен. Мектеп оқушыларымен жиі кездесуге барып, оларға соғыс жайлы әңгімелерін айтып, оларды оқуға, білімге қызықтырған.
Диссертация қорғап кандидат, профессор, доктор атактарын алады. Мектеп, институт тыңдаушыларына арнап қазақ әдебиеті оқулыктарын жазған ұлы педагог.
Мұғалім:
Қазірде егеменді ел болып, әр халық өз батырларын қастерлеп, дәріптеуде. Осы күні Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымыз қазірде қартайып тәуелсіз еліміздің лайыкты құрметіне бөленіп ортамызда жүр. Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесіне куә болып отырған , жерлес ардагер атамыздың әңгімесін бейнетаспадан көрейік.
Интерактивті тақтадан бейнетаспа көреді.
10- оқушы: Сүйінші елім, сүйінші
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді.
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні?
9 мамыр күні.
Хор: « Әрқашан күн сөнбесін»
Оқушылар шарларға ілінген ақ кептерлерді тілек айтып ұшырады.