7


«Чч» дыбысы және әріпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:07.12.2015 Мектеп:№8 мектеп Сынып:2 Ә Пән: Әліппе Әдіскер:Жахметова Б.К. Практикант:Нұрділда Айгерім Мұғалім:Бакирова А.Ә.

Тақырыбы: «Чч» дыбысы және әріпі Мақсаты: Білімділік: Дидактикалық материалдардыпайдаланып,оқушылардың біліміне білім қосып,әрі қарай білімдерін тереңдету.Осы «Чч» әріпіне нақты тоқталу. Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту,соны жетілдіру. Тәрбиелік:Тиянақты оқуға,өз ойларын анық жеткізуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:суреттер,сөйлем,әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгін әліппе сабағынан мен Нұрділда Айгерім беремін.Бүгінгі көңіл-күйлерін қалай? -Жарайсыңдар!Олай болса сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық. Психологиялық дайындық: Арайлап таң атты. Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз,- деп бәріміз сабағымызды бастайық. Өткенді қайталау: -«Цц» әріпі қандай дыбыс? -Осы әріпке байланысты сөздер айтыңдаршы? Сөздің қай жерінде кездеседі?-Жеке-жеке оқыту. «Цирк» мәтінің мазмұндау,сұрау. - (Аю не істеді?, Иттер не ойнайды?) Сергіту сәті: Шаршасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар

Бір,екі,үш,төрт,бес

Саусақтармен ойнаңдар

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын. -Балалар бойларын сергіп қалдыма,олай болса сабағымызды жалғастырамыз. Жаңа сабақ: Балалар бүгінгі сабағымыз, алдыңғы сабақтарға қарағанда ерекше өткелі жатыр.Сол себепті барлығымыз ат салысып қатысайық. Бәріміз 3 топқа бөлінеміз. 1 топ «еңбек»орталығы, 2 топ: «оқу»орталығы, 3 топ: «жазу» орталығы деп бөлінеміз. Балалар,бүгін бізге «Чебурашка» қонаққа келді.Чебурашка сендерге өз тапсырмасын ала келіпті. -Кәне чебурашканың хатын ашып,сендерге арнаған тапсырмасын көрейікші. -Бәрекелді! «Чч»дыбысы және әріпі. Олай болса , «Чебурашка»деген сөзде «Чч» дыбысы барма?-жарайсыңдар! -Ендеше,бүгін өтетін тақырыбымыз «Чч» дыбысы және әріпі. «Чч» дыбысы дауыссыз.Балалар «Чч» әріпіне байланысты чемпион,чемпионат,чек деген сөздер бар,оны барлығымыз білеміз,иә.Балалар,чек деген сөзді талдайықшы. Чек-деген бәріміз білетіндей,дүкеннен зат немесе төлем ақы алған кезде берілетін қағазды айтады.ЧЕК дегенде «Ч»дауыссыз, «Е»дауысты, «К»дауыссыз.

Оқулықпен жұмыс:

1.Оқулықтағы сөздердіоқу,оқушыларға жеке-жеке оқыту;

2.Оқулығымыздың 107 бетіндегі «Болашақ чемпиондар»өленің оқу. Мен оқимын,ал сендер мұқият тыңдаңдар.Сосын сендер оқисындар.

3. «Болашақ чемпиондар» мәтінің мазмұндау Тақтамен жұмыс: -Балалар,барлығымыз тақтаға назар аударайықшы.Тақтадағы суреттермен жұмыс.Мына сөздердің дауысты немесе дауыссыз екенін анықтайықшы.Көк белгілермен белгілейміз. Ойын: «Шебер болсаң»деп аталады.Ойынның шарты:1-топ;берілген ермексазбен,мына чупачупсты жасайды,ал 2-топ;берілген сөздерді есте сақтап орындарын ауыстырмай жатқа айтады. Ал 3-топ «Ч» әріпінен келетін 4 сөз жазады да оқиды.Ал мен сендердің шеберліктерінді тексеремін.

Сергіту сәті: Бір, екі, үш

Жинап алдық күш

Төрт, бес, алты

Біз жазамыз мықты

Дәптерімізді ашайық

Көрсетілген үлгіге,

Әдемі етіп жазайық

-Бойларын сергіп қалды ма?Олай болса дәптерімізді ашып,әдемілеп жазайық. Дәптермен жұмыс: Мынау «Чч» баспа түрі,ал мынау «Чч» жазбаша түрі. Кәне,барлығымыз ауаға жазып көрейікші. Сергіту сәті: Біз чемпоион боламыз, 1,2,3.1,2,3. Торғайда біз боламыз чирик-чирик-чирик-чирик Оқушы боп орнымызды табамыз.

Қорытынды:Ал енді, чебурашканың тапсырмасын орындайтын сәтте келді.Мына чебурашканың қолындағы гүлдердің ішінде сұрақтар бар,соны осы гүлді ала отырып сұраққа жауап береміз. -Бүгін біз қандай әріппен таныстық? -«Чч» әріпі дауысты ма,дауыссыз ба?

-«Чч» әріпіне байланысты сөздерді атайықшы?



Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал