7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Доссыз адам - тұзсыз ас'

Тәрбие сағаты 'Доссыз адам - тұзсыз ас'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Доссыз адам-тұзсыз ас»


Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,орны, достықтың шынайы белгілері туралы әңгімелей отырып, олардың досқа деген танымын,талғамын шыңдау.

2. Өз ойларын айта білуге,берілген сұраққа ойланып,нақтылы толық жауап бере білугеүйрету,ойлау қабілетін,тілдерін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа,тату,мейірімді болуға тәрбиелеу.Өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге,әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып,сол жақсы қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге үйрету.


Пайдаланылатын көрнектілер: Достық туралы ғұламалардың сөздері, мазмұнды суреттер, шарлар, плакаттар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. «Қуаныш шеңберін»құру.

- Арайлап атты жаңа күн,

Шуағын шашып баршаға.

Қане досым,күлімде,

Қуаныш орнасын жер жүзінде,- деп шеңбер бойымен «Жұмсақ жүректі»бір-бірімізге бере отырып,жақсы тілектерімізді айтайық. Тілектеріңе көп-көп рахмет.Жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

ІІ.Топқа бөлу.

Түстерді таңдау арқылы «Достық», «Сыйластық»топтарына бөліну.

ІІІ.Өткен сабақтың ұранын, білгендерін еске түсіру.Салған суреттері бойынша қысқаша қайталап өту.

ІV. Жаңа сабақ.

Балалар!

Күнделікті өмірде қуанышыңды бөлісетін,Сырласатын,сыйласатын,ренішіңді айтатын,істеген істерің ортақ,қиын кезде көмекке келетін,ауырсаң қасыңда болатын,мінездерің ұқсас.

Ол кім?

-Әрине достар.

«Досым,саған сенемін,сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін,жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен» - деп, Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз достық,достық қарым-қатынас туралы болады.Жалпы «дос»сөзінің мәні,оның адамға жақсы,жағымды жерін тигізетін қасиеті жайлы айтамыз.

Дос дегеніміз - өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбат жан.«Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек, дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің. Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.

Олай болса балалар «ДОС» күн шуағын құрастырайық.Тақтаға «ДОС» күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік

1.Тақырыпты ашу сұрақтары:

Дос деген кім?

-Сыр бөлісетін адам

-Мені өте жақсы түсінетін адам

-Көмекке әрдайым дайын адам

-Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

-Сенімді адам

2. Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір топ өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)

1-жауап: Достықты шеңберге теңедім.

2-жауап: Жүрек.

3.Досың бар ма? Ол кім?

4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5. Достық жасқа байланысты ма?

6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

9. Дос қандай болу керек?

Достық жайлы нақыл сөздерге кезек берейік:

«Дос адам артық сұрамайды.» Махмұт Қашқари.

«Дос, достың кемшілігін кешіре береді.» Жүсіп Баласағұн.

«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.» Абай.

«Екі ердің достығы асулардан асырар.

Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.» Мұзафар Әлімбаев.

«Дос табу оңай - сақтауы қиын, Жау табу оңай - тоқтауы қиын.» Жүсіп Баласағұн.

«Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос.

Таршылықты қайырылған дос та өзгеше.» Абай.

Достық жайлы әңгіме

Ертеде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

- Достық нешеу? - деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады а, - деп жауап береді екен.

2.Оқушылардың «Адал»және «Амал» достық жайлы көрінісін тамашалау..

V. «Сөйлемді аяқта» тренингі

Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …

Ә) Сыйластық бар жерде …

V. Жағдаяттан шығу.

YІ. «Мінездеме беру» тренингі

Қазір мен сіздерге қағаз беремін. Осы қағазға өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.

Тірек сөздер:

Адал арам

жомарт өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол кекшіл

қарапайым сөзге түсінбейтін

мейірімді жалқау

кешірімді тәккапар

төзімді қатал

ақылды мейірімсіз

сабырлы сараң

салмақты қызғаншақ

кек сақтамау тұйық

ашықтық

Міне ,балалар, біз бір-бірің жайлы қандай ойда екендеріңді білдік.

YІІ. "Сиқырлы орындық" жаттығуы

Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Сыныпта бір-біріне деген достығын,қамқорлығын, өзара сыйластығын ақындардың шығармашылықтары арқылы жеткізетін өқушыларымыз да бар. Бір сәт сол оқушыларымызды тыңдасақ.

YІІІ . Мақалды жалғастыр

1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».

4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».

6. «Досы көппен …. ,

Досы жоқпен … ».

7. «Досы … , өзі де жақсы».

8. «…. басқа қарайды,

… аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».

10. « Досың мың ….,

… біреу болса да көп».

11. « … адам тамыры жоқ … тең»

12. « … дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

… дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».


Жауаптары:

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

12. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар»

Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қорытынды:

Балалар, дос және достық жайлы бүгінгі тәрбие сағатымызда көп нәрселерді білдік деп ойлаймын. Енді осы білгендерімізді түрлі- түсті қағазға оң қол саусақтарыңды өз достарымызға деген жақсы тілектерімізді жазып, күннің шұғыласына жапсырып, бүгінгі сабақты қорытындылайық. Балалар, адал достық таба біліңдер. Достарың әқашан көп болсын деген тілек айтқым келеді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал