7


  • Учителю
  • ӘДебиеттік оқу 4 сынып 'Құрманғазы'

ӘДебиеттік оқу 4 сынып 'Құрманғазы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу 4 сынып.

Сабақтың тақырыбы

С. Бақбергенов «Құрманғазы»

Жалпы мақсаты

Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып, Құрманғазы мен оның күйлері туралы мағлұмат беру, өз бетінше білім алуға үйрету.

Жұптық, топтық жұмыс арқылы сыни ойлауын дамыту.

Оқытудың нәтижесі

Мәтін туралы ұғымдары кеңейеді, өз бетінше білім алуға үйренеді,күй және қазақ күйшілері туралы мағлұмат алады, сөздік қорлары артады.

Негізгі түйіні

Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, негізгі ұғымды меңгерту. Топтық, жұптық жұмыс арқылы бір-бірімен пікірлеседі, ой бөліседі.

«Ыстық орындық» тәсілін пайдалану нәтижесінде оқушының оқу үрдісіне қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Жабдықтар


Флипчарт, бағалау парағы, суреттер

Сілтеме

Әдебиеттік оқу 4 сынып.С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

5мин

Қорапқа салынған домбыра, қобыз,жетіген аспаптарының суреттерін таңдатады.

Суреттерді таңдап алады. Сол арқылы топқа бөлінеді, әр топ топ басшысын сайлап,топ ережесін құрады.

Білу

10 мин


Күй тыңдатады. Сұрақтар қояды.

-Біз қандай музыканың түрін тыңдадық?

-Күйді кім орындайды?

-Қандай күйшілерді білесіңдер?деген сияқты сұрақтар қояды.


Оқушылар сұраққа жауап береді, сол арқылы ұпай жинап, бағалау парағына қояды.


«Құрманғазы» әңгімесінің авторымен слайд арқылы таныстырады.

Автор туралы мағлұмат алады.


«Білемін Білгім келеді Үйрендім» кестесінің 2 бағанын толтыртады. Жазғандарын оқытады.

Құрманғазы туралы не білетіндерін жазып, оқып береді

Түсіну

10 мин


3 бөлімге бөлінген мәтінді топтарға таратады.

Оқушылар жеке, топтық жұмыстар жасап,талқылап, талдайды. Түсінбеген сөздерін түртіп алып отырады.


Слайд арқылы сөздік жұмысын жүргізеді.

ЖИГСО әдісін пайдаланады.

Топ басшылары орнында қалып,қалған оқушылар басқа топтарға барып, бір- біріне түсіндіреді. Топ ішінде ауыса отырып, бір- біріне түсіндіреді.

Қолдану

5 мин


2 мин


Топтарға тапсырма береді.

1-топ.1.Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?

2. Ол әңгімеден Құрманғазының өмірі жайында не түсіндің?

2- топ.1. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі неге «Қайран шешем» деп аталған деп ойлайсың?

3-топ.1. Құрманғазыны түрмеге әкетер кездегі Динаның көңіл- күйі қандай болды?

2. Құрманғазы Динаға домбырасын не үшін қалдырып кетті деп ойлайсың?

Сергіту сәтін жасатады.


Топтар берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Берілген сұрақтарға жауап береді.


Талдау

4 мин

Әңгімеге жоспар құратады.

Құраған жоспарларын оқып береді.

Жинақтау

3 мин

ББҮ кестесінің соңғы бағанын толтыртады.

Соңғы бағанға жазғандарын оқиды.

Бағалау.

6 мин

Көшбасшылықты анықтау үшін барлық топ мүшелеріне ортақ тапсырма:

Құрманғазы туралы эссе жазғызады.

Бүгінгі сабақтың көшбасшысын « Ыстық орындыққа» отырғызады.

Бүгінгі сабақ туралы пікірін сұрайды.

Топ басшыларына топ мүшелерінің жинаған ұпайын есептетеді.

Жазған эсселерін оқып береді.

Мағыналы, мәнді эссенің иесін анықтайды.

Көшбасшы мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Топ басшылары бағалау параметрі арқылы топ мүшелерін бағалайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал