7


  • Учителю
  • Урок по познанию мира 'Дүние жүзіндегі құстар' (1 класс)

Урок по познанию мира 'Дүние жүзіндегі құстар' (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шындаулетова Макпал Бельгибаевна


1 класс Познание мира

Сабақтың тақырыбы: "Дүние жүзіндегі құстар"


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту. Құстардың алуан түрлілігі, тіршілігі, адамға пайдасы туралы түсінік беру.


Дамытушылық: жүйелі сөйлеу қабілетін,қоршаған орта туралы түсінігін молайту арқылы дүниетанымың жан-жақты дамуың қамтамасыз ету.


Тәрбиелік: құстардың адам өміріндегі маңызын дәріптеу және оларды қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, баяндау.


Сабақтың типі: жаңа сабақ


Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.


Сабақтың барысы:

Ынтымақтастық ахуал ( топқа бөлу)

Бағалау критерийлері


І. Ұйымдастыру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген?

2. Сұрақ -жауап.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бүгінгі жаңа сабағымызда құстар туралы айтпақпыз.

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ - құстар.

Бүкіл дүние жүзінде олардың 10-12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді.

Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай.

Онда құстардың 507 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді.

Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор.

Құсардың кұрылысы туралы:басы,денесі,қанаттары,құйрығы,тұмсығы.

Құстардың топқа бөлінуі

Құстар



Жыртқыш құстар


Қыстайтын құстар


Жыл құстары


Үй

құстары

Жыртқыш құстар: бүркіт,қаршыға,қырғи,жапалақ,лашын т.б

Жыл құстары:аққу,тырна,бұлбұл,тоқылдақ т.б

Қыстайтын құстар:торғай,сауысқан,көгершін т.б

Үй құстары:тауық, қаз,үйрек

V. Слайдпен жұмыс

1. Құстардың әндері (слайд) - 5 мин.

VІ. Сергіту сәті.


VІІ. Топтарға тапсырма беру коллаж жасау

VІІІ.Топтарға сұрақ қою.

ІХ.Халықтық болжамдар.

  • Шағала келсе,сең бұзылады.

  • -Жыл құстары қаптап келсе,көктем тез шығады.

  • -Көкек қатты әрі жиі шақырса,күн жылынады.

  • -қарлығаш өрлеп ұшса,күн жылы,құрғақ болады.Ал жер бауырлап ұшса,жаңбыр

  • жауады.

  • -жаңбыр жауарда қарғалар шуылдайды.

  • -Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.


Х. Ата-бабаларымыздың табиғатты қорғау дәстүрі

  • Құстың ұясын бұзғызбайды.

  • - «Көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

  • - «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.

  • -Құстардың жұмыртқасын жаруға болмайды.

  • - «Қарғысы қатты» деп жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді.


ХІ. Қорытынды.

Сұрақ-жауап

Үйге тапсырма.Шағын эссе жазу.

Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал