- Учителю
- Ашық сабақ 'Біріңғай мүшелер' 4сынып
Ашық сабақ 'Біріңғай мүшелер' 4сынып
Күн
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер 1
Сабақтың мақсаты:сөйлемде бір сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада айтылатын сөздердің сөйлемнің біріңғай мүшесі болатынын меңгерту. Бірыңғай мүшелердің сөйлемде бір ғана мүшемен байланысатынын үйрету, жасалу жолын мысалдар келтіре отырып таныту.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімділік: бірыңғай мүшелер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Бірыңғай мүшелердің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді таба білу. Бірыңғай мүшелердің қай мүшемен байланысатынын анықтай алуға үйрету.
2. Дамытушылық: сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді сөйлеу кезінде пайдалана білу дағдыларын дамыту. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы ұғымдарын кеңейту.
3. Тәрбиелік: келтірген мысалдар арқылы оқушылар бойынан ұлттық өнеге, шешендік сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Эстетикалық жәнеэкологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтижелер:
-ережені дұрыс қолдану
-өз ойын айтуға үйрену
-дәлелдеуге үйрену
-бір- бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға үйрету
Сабақтың көрнекті құралдары: кестелер, деңгейлік тапсырмалар,маркер, ватман, фломастер,кітап, дәптер, түрлі- түсті қарындаш, ойыншықтар,
интерактивті тақта,қима қағаздар,жемістер. т.б.
Сабақтың әдістері мен тәсілдері: слайдпен жұмыс,топпен жұмыс,кітаппен, дәптермен, дамыта оқыту арқылы қызығушылығын оятатын ойындар,сұрақ-жауап арқылы,СТО жобасы,Ой шақыру,Ой толғаныс,кайталау арқылы жұмыс,
сұрақ-жауап, жаттығу, практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес «Сайыс сабақ» атты жарыс сабағы.
Сабақтың барысы:I. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі. 1слайд. «Қош келдіңіздер!»
2 слайд.Қонақтармен амандасу.
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтыма.
2 слайд. Шаттық шеңбер.
Көңіл күйіміз қандай?
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Менде сендерді көргеніме қуаныштымын. 2
1.-Балалар,біз бүгін сендермен сабақты бастайық, алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында күнделікті өтіп жүрген сбақтардан өзгеше - жарыс сабағын бастаймыз.
2.-Сабақтың негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып , ойларыңды бөлісіп ашық айтуға дағдыландыру.
4-слайд. Оқушыларды 4 топқа бөлу.
1-топ. «Зерде тобы»
2-топ. «Дарын тобы»
3-топ. «Алғыр тобы»
4-топ. «Ынталы тобы»
-Тіл туралы өлең оқып беру арқылы алған білімдерін пысықтау.
5-слайд.
Қазақ тілі- өз тілім, ана тілім,
Абай , Мухтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым ,дара тілім.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйден орындаған жаттығуларын тексеру, қорытындылау.
- Өздерің білесіңдер, қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне жүректері жарыла қуанған халық . Сол қуаныштарын дүйім жұртшылық алдында шашу шашып,ақтарылған ақ тілектерін көрсетіп бөлісіп отырған.Ендеше шашу- тілек, береке. Бүгінгі өткелі отырған сабағымыз да үлкен мереке. Сондықтан сендердің алдарыңа бірнеше ойыншықтар шашылады.Сондағы берілген тапсырмаларды орындаймыз.
Әрбір топ осы сұрақтарға жауап берсек бүгінгі тақырыбымыз шығады.
6-слайд. Сұрақтар: Ойлан,тап:
1. Тақтада із қалады - (бор)
2. Майлы сүтті ұзақ қайнату арқылы жасалатын ақшыл қою сүт тағамы-(ірімшік)
3.Әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көрінісі- (рәсім)
4. Қайнап тұрған су- (ыстық)
5. Сөздің басында келмейтін әріп- (ң әріпі)
6. Оқымысты,ғұлама - (ғалым)
7. Ақшақардың аттасы- (аяз ата)
8. Ай сөзінің соңында келетін әріп?- (-й әріпі)
9. Құстың үлпілдеген жұмсақ жүні- ( мамық)
10. Бір шатырдың астында төрт батыр- ( үстел)
11. Сөзге шебер, тілге жүйрік адам- (шешен)
12. Ауырған адамды емдейтін жер қалай аталады?-( емхана)
13. Ешкінің төлі- ( лақ)
14. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме- (есеп)
15. Бокс үшін алаң- (ринг)
-ЖАРАЙСЫҢДАР!
7-слайд. Міне, балалар бүгінгі тақырыбымыз сөзжұмбақ арқылы шықты.
Б
о
р
і
р
і
м
ш
і
к
р
ә
с
і
м
ы
с
т
ы
қ
ң
ә
р
ә
п
і
ғ
а
л
ы
м
а
я
з
а
т
а
й
ә
р
і
п
і
м
а
м
ы
қ
ү
с
т
е
л
ш
е
ш
е
н
е
м
х
а
н
а
л
а
қ
е
с
е
п
р
и
н
г
3
III. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
-Ендеше, балалар бүгінгі тақырыпты аштық. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық жұмысы ретінде алдымен сөйлем мүшелерін, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді қайталап алу керек.
«Кім шапшаң?» ойыны арқылы мына сұрақтарға жауап берейік.
(3 топқа таратылады.)
1-топ. «Зерде» тобына
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем мүшелерін ата.
2-топ. «Дарын» тобына
Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
Бастауыш дегеніміз не?
3-топ. «Алғыр» тобына
Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүшелерді ата.
4-топ. «Ынталы» тобына
Баяндауыш дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын ата.
8,9-слайдтар. Бірыңғай мүшелері
Бірдей сұраққа жауап беріп,
сөйлемнің бір ғана мүшесімен бірыңғай мүшелердің
арасында үтір қойылады.
байланысып тұрған сөздерді
сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Мысал келтіру.
2-3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату арқылы, сөйлем мүшесі болу 4
үшін белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем ішінде белгілі бір қызмет атқару керек екенін естеріңде болған дұрыс.
Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме өткізіп, сөйлемдер құратып, олардың мағынасын, тұлғасын, байланысын, дауыс ырғағын аңғарту керек.
Ендеше тақтада әрбір сөздердің тобы берілген, осыған сөйлем құрастырамыз.
10-слайд. 11-слайд
дәптер тоғай
кітап бар терек өсіп тұр
қалам емен
қарындаш қарағай
сызғыш шетен
12-слайд.
Төле би
Қаздауысты Қазбек би билері
Әйтеке би
13-слайд.
мейірімді
кеңпейіл жан
ақкөңіл
ақжарқын
-Балалар біраз демалып алайық,бойымызды сергіттіп алайық.
14-слайд. Сергіту сәтінеде келіп жеттік.
15-слайд.
Дайындық жұмысынан кейін оқулықтағы жаттығу жұмыстарына назар аударылады.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығуда әртүрлі сөздер тобы берілген. Алдымен оқушылар әр топтағы артық сөздерді тауып, олардың неге артық екенін дәлелдейді. Артық сөздер алынғаннан кейін бұл сөз топтары тақтаға жазылады да, оқушылар әр сөз топтарына сұрақтар қояды, олардың қандай сөз табы екенін анықтайды. Әр топтағы сөздерді толық қатыстырып сөйлем құрайды. Ол сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдату арқылы берілген сөздер тобының сөйлемнің бір мүшесі болып тұрғанына көздері жеткізіледі.
2-жаттығу арқылы бір сұраққа жауап беретін сөздер тобының бір сөйлем мүшесімен байланысатынына көздерін жеткізеді. Сөйлемдердің оқылуындағы дауыс ырғағына көңілдерін аудару керек.
Осындай жан-жақты жұмыстардан кейін бірыңғай мүшелер туралы түсінік
беріледі немесе ережені оқушылардың өздері қорытып шығуына жетелеу қажет.
3-жаттығуда мәтінді оқып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің мүшелердің астын сыз.
Бірыңғай мүшелерге сұрақ қой. 5
Олардың арасына қандай тыныс белгісі қойылған?
4-жаттығуда сурет бойынша сөйлем құрап жаз.Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер болсын.
Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұр?
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр?
IV.Бекіту.
Электрондық тест.
«Бәрін білгім келеді» тесті шешеміз.
Оқушылармен бірыңғай мүшелерді қаншалықты меңгергенін анықтау және жетілдіру үшін поэзия минутын өткізу.
1-оқушы
Біз бірыңғай мүшеміз,
Қызмет те ортақ,сұрау да
Жауап беріп тұрамыз,
Бәріміз бір-ақ сұрауға.
2-оқушы
Әр сұраққа жауап боп,
Дараланып жүреміз .
Бір мүшеге бағынып,
Бірдей қызмет істейміз.
3-оқушы
Синтаксис деген кітаптан
Арнаулы бізге бет берген
Бірлігімізді ұнатып,
Бірыңғай деген ат берген.
Әртүрлі тыныс белгісі
Оған қызмет етеді.
4-оқушы
Бізде осал емеспіз,
Жалғаулықтар бізде бар.
Төрт түрге олар бөлініп
Байланыстыру қызметін
Түрліше тұрып атқарар.
5-оқушы
Жалпылауыш деген сөз
Бізден ғана табылар.
Жалпылауышым жалпыға,
Ілгері, кейін кетеді.
6-оқушы 6
Өз орнымен әр мүше
Бір сұрауға жауап боп,
Ыңғайласып кетеді.
Рахмет сендерге.............
Мадақтау,оқушыларды бағалау.
Қорытындылау
-Алдымыздағы жемістер мен көкөністерге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен тілектерің.
Үйге тапсырма: 52 беттегі 5-жаттығуды орындау.Ережелерді жаттау.
Сабақ аяқталды,сау болыңдар.
«№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Бірыңғай мүшелер»
Өткізген: К.С.Ибраева
2013-2014 оқу жылы