7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сабырсыз, арсыз, еріншек. А. Құнанбаев.
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету;Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу; оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: кесте,интерактивті тақта,бағалау парағы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:

Қазақ тілім - өз - тілім - ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана - тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? (мектептің ашылуы)
2. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? (Мектепте байдың балалары оқиды деді)

3.Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? (Оның баласының орнына Олжабайдың баласы оқитын боды деді)
4.Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті? (кедейдің балаларын шығарып,тек қана бай балаларын алыңдар деген сөзді естігенде)
5.Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады? (кедей,шаруа адамдарды менсіңбей,кемсіткендерінен байқауға болады.)
6.Спандияр Көбеев кім? жазушы
7. Ол туралы не білесің? оқушылардың жауабы
Жаңа сабаққа даярлық.
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс-көнсеңіз».
- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
- Абай ата туралы не білеміз?

Ыстық орындық ойыны.



ИтбалықЖаңа сабақ.

1-топ: Абай өлеңдері. Табиғат туралы.
2-топ: Абай қара сөздері.
3-топ Абай аудармалары.
4-топ: Абай әндері.



Абай


Өлеңмен жұмыс: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Тақырыпты шау: 2әріп алып тастап тақырыптың атын табу.

МАСРБАХҺБУҚЫҒЕРНШСОЯЫДЖЗ,ХЕАЖДРНУСҰПЫҮСЗ,ҒМЕКІРӘВІЗИНӨЮШЫНЕБАК

1) Мәтінді мұғалімінің мәнерлеп оқуы.
2) Оқушыларға оқыту.

Іштей оқу

1-топ Тізбектей оқу

2-топ Хормен оқу

3-топ Дуэтпен оқу

4-топ Триомен оқу

Сөздік жұмысы:

Алауыз - береке бірлігі жоқ,ынтымақсыз;

Күндейді - қызғанады;

Мертігеді-бір жері сынады,шығады;

Міндейді- мін тағады,жамандайды;

Егессе - ерегіссе,кектенсе;

Құдай атады- жамандыққа тап болу;

Шығармашылық жұмыс.
1-топ Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, кестені толтыру.
Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» - деп аталатын өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазу.

2-топ Сабырсыз арсыз еріншек сөздерінің мағынасын ашу

3-топ Мақал мәтел жазу

4-топ

Өлең мазмұны бойынша өз пікірлерін жазу

5. Түсінгендерін тексеру: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің бағасы шығады. Жауаптарына ауызша баға қояды.
6. Қорыту.

- Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?
- Нені білмей қалдым? - сұрақтарына жауап беру.

Білемін

Білгім келеді

үйрендім



7. Үйге тапсырма.
1. Түсініп, мәнерлеп оқу.82- бет
2. Бағалау. бағалау парағы бойынша бағалау.

Оқушының аты-жөні

1 тапсырма

2 тапсырма

3

тапсырма

4 тапсырма

5 тапсырма

Жалпы ұпай

1







2







3







4







5







6
















Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Қостанай қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі


Тақырыбы: Сабырсыз, арсыз, еріншек. А. Құнанбаев.

Ашық сабақ

Якупова Нургул Адилхановна

4 «А» сынып жетекшісі










Сараптама


«Өнер,білім бәрі де оқуменен табылған» атты бастауыш сыныптар арасында өткізілген он күндік те 17 қарашаның 2015 жылында 4 «А» сыныбында Әдебиеттік оқу сабағынан «Сабырсыз,арсыз,еріншек. А.Құнанбаев.»деген тақырыбында ашық сабағы өтілді.

Сабақтың мақсаты:. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету;Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу; оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Сабақты оқушылардың психологиялық дайындығынан кейін, топ ережесін еске түсіре отырып, үй тапсырмасын сұрақ -жауап арқылы тексерілді.

Жаңа сабақты ашу үшін «Шатасқан тізбектер» стратегиясы арқылы таптық. Өзіміз бірігіп отырып, сабақтың мақсатын талдап шығардық. Оқушыларға «Ыстық орындық » ойыны арқылы автор туралы ақпарат берілді. Онда балалар Абай туралы мәлімет алып шағын деректі фильімін тамашалады.

Өлеңді мәнерлеп оқу тыңдалып,топтағы оқушылармен оқыту түрлері жүргізілді.

Іштей оқу

1-топ Тізбектей оқу

2-топ Хормен оқу

3-топ Дуэтпен оқу

4-топ Триомен оқу

Мағынасы қиын сөздер талданды.

Топтарға топтық жұмыстар берілді.

1-топ Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, кестені толтыру.
Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» - деп аталатын өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазу.

2-топ Сабырсыз арсыз еріншек сөздерінің мағынасын ашу

3-топ Мақал мәтел жазу

4-топ

Өлең мазмұны бойынша өз пікірлерін жазу

Оқушылар берілген жаңа тақырыпты түсіне алды. Оларды тапсырмалар барысында қолдана алды. Мұғалімнің сұрақтарына бөгелмей жауап берді.Топ басшыларға өз топтарындағы балаларды бағалады. Оқушылар берілген жаңа тақырыпты түсіне алды. Сабақ өз мақсатын жетті.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал