7


  • Учителю
  • Бейнелеу өнерінен сабақ жоспары 1-сынып

Бейнелеу өнерінен сабақ жоспары 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


пәні

бейнелеу өнері

сыныбы

1 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Бояу түсі не туралы сыр шертеді?

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.
ә) Дамытушылығы: оқушының ой - қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.

Оқыту нәтижелері:

Бейнелеу өнеріндегі түстердің гаммасын түсінеді . Олардың жылы және суық түстерге бөлінетінін, олардың адамның көңіл күйіне әсер ететінін ескереді және бояулармен жұмыс жасау жағдайларын меңгереді. Белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып, бейнелеу өнерінің сырларын ұғынады

негізгі идеялар

Бейнелеу өнерінде түстердің гаммасы сақталған . Олар жылы және салқын түстер болып екіге бөлінеді . Олар адамның көңіл күйіне әсер етеді

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, суреттер,

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин

Оқушылармен амандасу

Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Санау арқылы топтарға бөлу

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айту

3 топқа бөлінеді



Білу

7 мин

жеке жұмыс:

Тест тапсырмаларын орындайды

1. Жеке жұмыс: заттарды атайды, салыстырады

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

8 мин

  1. Жаңа сабақты хабарлау, сабақ мақсатын қою:

Түсіндірме жұмысы

Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын. Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

- Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін. Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.

Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын

Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат - суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.

Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік


1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жаппай жұмыс: мұғалімнің айтқанын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Талдау және қолдану:

6 мин

Суреттерге талдау, өмірмен байланыстыру.

Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».

Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ - адалдық, ақ ниет; қызыл - оттың және күннің белгісі; жасыл - көктем және жастық белгісі; сары - парасат және байлықтың белгісі; қара - жердің, берекенің нышаны; көк - аспанның белгісі.



Жаппай жұмыс: түстерді ажыратады

Сергіту сәті:

1 мин

Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

7 мин

2 тапсырма:Жылы түстермен жұмыс. Бұл жұмыс барысында топтағы балалар жылы түстерді пайдалана отырып сурет салады.

Суық түстермен жұмыс. Бұл жұмыс барысында топтағы балалар суық түстерді пайдалана отырып сурет салады.

жеке жұмыс: сурет салады.

І\/. Сабақты қорыту:

Жинақтау:

6 мин

Постер . « Менің жақсы көретін түсім» Әр топ өз түстерін қорғайды.



Топтық жұмыс: постер қорғайды, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау:

2 мин

Смайликтер арқылы бағалау. Ауызша мадақтау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин

1. Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?

Ауызша жауап береді





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал