7


  • Учителю
  • ҚМЖ ана тілі 'Наурыз көже 1 сынып'

ҚМЖ ана тілі 'Наурыз көже 1 сынып'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шымкент қаласы Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таукебаева Райханның ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Ана тілі 1 «Д» сынып

Сабақтың тақырыбы

Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз көже.


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейту, сыни ойлау қабілетін дамыту, топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейтеді.
Сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады;
Топпен жұмыс жасауға белсенді қатысады.

Сабақта қолданылған материалдар:

АКТ, постер, бағалау парақшалары,стикер, сызбалар.

Оқыту әдістері

Шаттық шеңбер, топпен және жеке жұмыс, Ой қозғау

«Ыстық орындық» «Джиксо» әдісі


Сабақ барысы

Тапсырма мен уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

I Ұйымдастыру

2 мин

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбер арқылы жылы лебіздер білдіру.

Оқушыларды санамақ арқылы топқа бөлу. Топ басшыларына бағалау парағын беру.


Оқушылар шеңбер құра бір-бірлеріне,тілек айтып, сәттілік тілейді.4 топқа отырады


Үй тапсырмасы

10 мин

«Ұлыстың ұлы күнінде» өлеңнін мәнерлеп оқу мазмұндау.

Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқиды. Балалар жазып келген өлеңдерін, эсселерін оқиды.


«Ыстық орындық»


Наурыз мейрамы туралы не білдіңдер?
Наурызды қалай тойлаймыз екен?

- Мәтінде қандай тағам түрі айтылған?
- Оның қалай жасалатынын білесің бе?
- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

Оқушы ортаға шығып сұрақтарға жауап беруге тырысады. Топ басшысы бағалайды.

Жаңа сабақ

«Ой қозғау»"

15 мин


«Көрейікте, білейік»

Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу.

Осы наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Ендеше тақтаға қараңдар. (наурыз туралы видео көрсету)
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
22 - наурыз қандай мереке?
- Адамдардың бәрі қалай киінген? Өздерінің наурыз тойын тамашалап көрдіңдер ме?
- Наурыз - қазақтың ұлттық мейрамы екен.
- Ал, осы мерекеде қандай тағам дайындалады?
- Наурыз көже

(наурыз көженің жасалу жолын интерактивті тақтадан көрсету)

- Ендеше балалар, біз бүгін осы Наурыз көже деген мәтінмен танысамыз.
- Барлығын дәптерді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.


Видеокөрсетілімнен көргенін сұрақтарға жауап бере отырып өз ойларын айтады

Тақырыпты керекті сөздер арқылы айтады- оқушылар дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазады.


«Джиксо» әдісі

8 мин

Өлеңді оқып танысу.топтық жұмыс

1-топ.Өлеңді мәнерлеп оқу

2-топ.Өлеңнің мазмұнын айту

3-топ.Өлеңге сұрақтар қою

4-топ.Өлеңнің мазмұнына сызба сызу

Сөздік жұмысы (тақтадан көрсету)
Уыз - жаңа бұзаулаған сиырдың алғашқы сүті.

Оқушылар оқыған бөліктерінен өз ойларын постерге жазып топтан бір оқушы шығып қорғайды, бағалайды..

Наурыз көже

Ет, құрт, қамыр, бидай, сүт, тұз, бұршақ

Сергіту сәті

2 мин


Музыка әуенімен қимылдар жасау

Оқушылар музыка әуенімен қимылдар жасайды.


3 мин

Заттың атын білдіретін және заттың қимылын білдіретін сөздерді «Венн диаграммасы» әдісімен салыстыру.

Оқушылар тапсырманы өзбетінше орындайды.

Бағалау. Үйге тапсырма 2 мин

Критерийлер бойынша бағалау

«Наурыз көже» шығарма жазу.

Критерийлер арқылы бағаланады.

Кері байланыс

3 мин


Бүгінгі сабақта не қиын болды? Не қызық болды? Сабақты қалай түсіндің?

Стикерге жазып, даналық ағашына іледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал