7


  • Учителю
  • 5санын қосу және азайту ашық сабақ жоспары

5санын қосу және азайту ашық сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 санын қосу және азайту

Оңтүстік қазақстан облысы, Шымкент Қаласы,

№ 69 Жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Турсунмуратова Зульфия



Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту



Мақсаты: 1. Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, оқушыларды 5санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру;

2. Есеп шығару білігін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, таным қабілеттерін жасаған көрнекіліктер арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта түсу.

3. Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Түрі: жаңа білімді игеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап әдісі.

Көрнекіліктер: проектор, слайдтар, А. Құнанбаев кітабы



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психолгиялық дайындық

Жаңа білімді игеру сабағы



Әңгімелеу. - Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ.

- Өйткені, мектебімізде «Математика - ғылымдар патшасы» атты апталық жүріп жатыр. Балалар осы апталықта математика пәнінен бар білімдерін көрсете алады. Сендерде білімдеріңді көрсеткілерің келе ме?

- Ендеше «Математика патшалығына» саяхат жасайық. Математика сарайына жалқаулар мен дым білмейтіндерді кіргізбейді екен. Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың үш қақпасын өз қабілеттерімен ашып кіреді екен. Ал қабілетін көрсеткен оқушыға сыйы да ерекше.

Слайд

- Сарайға кіргілерің келе ме?

- Алдымен білімімізді кеңейтіп алайық.

- Қосудың компоненттерін атайық.

- Азайтудың компоненттерін атайық.

Ең үлкен бір таңбалы сан?

- Ең кіші бір таңбалы сан?

Ең кіші екі таңбалы сан?

- Жарайсыңдар!

Слайд

«Тас қақпа» тапсырмасы

- Балалар, біз бүгін 5санын қосу және азайтумен танысамыз. 5 саны туралы не білеміз? 5санына қатысты қандай заттар бар?

5слайд.

- Бес бұрыш, бес жұлдыз, бес қару, бес саусақ, баға.

- Бәрекелді.

- Енді 5санының құрамын қайталайық.

4+1

3+2

0+5

Оқулықпен жұмыс

№1 Қосылғыштарының бірі 5 болатын қосындыларды жаз және мәндерін тап.

Азайтқышы 5 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.



- Ал қане бәріміз орындадық па?

-«Ашыл, ашыл, тас қақпа!»

Слайд



«Күміс қақпа» тапсырмасы

№2 сандар қатары бойынша 5 - тің қосу кестесін құру.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1+5 ═

2+5 ═

3+5 ═

5+5 ═

4+5 =

Слайд

«Алтын қақпа» тапсырмасы



№5 Есепті оқулықтан оқыту, талдату.

- Есепте не туралы айтылған?

- Салғаны неше бояу?

- Боялғаны неше бояу?

Нені табамыз?

- Қандай амалмен табамыз?

- Ендеше, шартын жасайық.

Боялғаны - 5

Қалғаны -?

Шешуі: 9 - 5═4

Жауабы: 4ою

«Есіңе сақта!» ойыны. Фигураларды қою( көздерін жұму), ауыстыру. Қай фигуралардың орны ауысқанын табу.

Слайд

«Алтын сандық» тапсырмасы

Логикалық тапсырманы орындату «Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?»

Асқар дәрігер

Дәулет мұғалім

Талғат ұшқыш



- Ал, балалар сандықтың ішін ашып көрелік.

- Бұл не балалар?

Әрине кітап

- Бұл жай кітап емес, Абай атамыздың кітабы. Ол бізді бес жақсы бес жаман істен аулақ болуға шақырады. Ол сөздің қандай сөздер екенін білесіңдер ме?

- Білгілерің келе ме?

- Ендеше тыңдайық.

Слайд

Қанағат, еңбек, терең ой, талап, рақым - бес асыл іс

Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпан.



Қорытындылау

- Бүгін не үйрендік?

5саны туралы не білдік?

Үйге тапсырма №4 126 - бет.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал