7


  • Учителю
  • Амангелді Дінмұхаммед 2'Б' сынып оқушысының 'Қазақ халқындағы жылқының маңызы' атты ЖОБАСЫ

Амангелді Дінмұхаммед 2'Б' сынып оқушысының 'Қазақ халқындағы жылқының маңызы' атты ЖОБАСЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жезқазған қаласының білім бөлімінің

Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ» КММ







Қазақ халқындағы жылқының маңызы

Бағыты: тарих, өлкетану, этномәдениеттану







Орындаған: Амангелді Дінмұхаммед, 2«Б» сынып, Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Кеңгір селосы

Жетекшісі: А. А. Тулегенова, бастауыш сынып мұғалімі, Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ







2015 жыл

Мазмұны:

І Кіріспе..................................................................................................... 5-бет

1. Жылқының қасиеті

ІІ Негізгі бөлім................................................................................... 6-12 беттер

1) Жылқының түрлері

2) Ер-тұрман және қамшы

4) Жылқыдан алынатын өнімдер және дайындалу жолдары

5) Жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер


ІІІ Қорытынды............................................................................................12-14бет

7. Зерттеу жұмысының нәтижесі

8. Пайдаланылған әдебиеттерге шолу.........................................................15-бет

Аннотация:

Жылқы малының қазақ халқы өміріндегі ролін танып, білу арқылы ата дәстүрді насихаттау.

Пропагандировать традиции народа с помощью познания роли лошадей в жизни казахского народа.



Тақырыбы: Қазақ халқындағы жылқының маңызы

Жобалау әрекеті: жылқы тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы екендігін анықтау.

Жұмыс түрі: ізденушілік.

Ұйымдастыру формасы: өздік.

Мақсаты: «Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстып, жылқы туралы түсінігімді кеңейту жылқы кәделі, бағалы қазына екендігі жайында зерттеп білу.

Өзектілігі: қазақ халқы шаруашылығындағы жылқы малының алатын ролі мен тарихын біліп тануға өз үлесімді қосу. Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке, төзімділікке деген өз достарымның арасында насихат жүргізу.

Міндетті: 1. Жылқының өмір сүру мерзімі және қасиетін анықтау;

2. Жылқыдан алынатын өнімдерді анықтау;

3. Жылқының кәделі, бағалы қазына екендігін анықтау;

Күтілетін нәтиже:

1. Тақырып бойынша жылқы жануарының ерекшелігі және шығу тегі, жіктелуі, пайдасы туралы іздену арқылы жылқы жануарының қасиет, ерекшелігімен танысамын

2. Жылқы малының әрі жүйрік,әрі ақылды,сезімтал-жануар екендігін дәлелдеймін.

3. Қымызы халқымыздың денсаулығына маңызды екендігіне көз жеткіземін.

4. Жылқы жануарын біліп,танып өсу біздің ұлттық сана-сезімімізді жетілдіреді.







Кіріспе

Жылқының қасиеті

Қазақ жылқы малының болмысындағы басқа түліктерде болмайтын барша қасиетін жақсы танып, терең зердерлеп білген. Соның нәтижесінде өзінің өмір сүру қалпы мен болмысына қатысты көптеген сөздер жылқы түлігіне қатысты айтылған. Мен бұл тақырыпты өз жобама алуымның себебі, менің атам жылқы өсірумен айналысады. Атам үнемі қазақ халхы тарихынан көп әңгімелер айтып отырады. Сол әңгімелерінің бірінде «Жылқы - малдың патшасы» деп, жануар туралы қызықты мәліметтер келтірді. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше. Атамыз қазақ «Ер қанаты -ат» деген. Осы төрт-түліктің ішінде жылқыны халқымыз ерекше бағалаған, оны көп өсірген. Жылқы- қазақтың кәделі, бағалы қазнасы. Халық ер- азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Құрмет белгісі ретінде жылқы үлкен сый орнына жүреді. Ал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға қолдана білді. Жылқы сүйегінен қобди сандықтар бетін өрнектеді. Күзеп алған жал, құйрығынан мықты арқан есті. Қымызын сусын әрі ем ретінде пайдаланған.



Дінмұхаммед атасына көмектесуде


ІІ.Негізгі бөлім:

1. Жылқының түрлері:

Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата.

Қамбар атаға «Тағы бір тілек тілейін, Шын бергенін білейін. Өңкей ала шұбардан, Жал - құйрығы шұбалған. Айғырды бер байсалды, Үйірі толған байталды. Өңкей мама биемен, Сауған сайын иіген. Желіні сүтін тыймасын, Көнекке саусақ сыймасын. Ұзара берсін желісі, Кеңи берсін өрісі. Қоғалы көлді жайлаған, Қоғаның басын шайнаған. Шыңғыртып асау құлынды, Қыл арқанмен байлаған. Жылқышы ата баласы, Жылқы бассын үйіңді. Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған:

Жылқы жасы:

құлын,

жабағы



қулық, бие



айғыр, сәурік



бесті, ат



байтал, дөнен



тай, құнан

Жылқы жасы

Құлын - жылқы төлі, жабағы - 1 жылға дейінгі төл, тай - 2 жастағы жылқы, құнан - 3 жастағы жылқы, байтал - 4жастағы ұрғашысы, дөнен - 4 жастағы еркегі, бесті - 5 жасар еркек жылқы, ат - кестірілген, мініс ат, айғыр - аталық жылқы, сәурік - жас айғыр,бие - аналық жылқы, оның ішінде мама бие - көп құлындаған жуас бие, қулық - алғаш құлындаған бие.

Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген, аты озған зор олжаға ие болған. (ҚСЭ -4том 1974ж , 538-540 беттер)

Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген:

Аян, жорға, жортақ, бүлкек, бөкен желіс, сар желіс, текірек, шоқыту, шабыс деген түрлерге бөлген.

Басқа малға қарағанда жылқы түсі де көп:

Торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, қызыл, қара, шұбар, теңбіл, көк, баран, бурыл,, қылан, ала, сұр, кер, құла, құлагер, қарагер.

Жылқының жаманың мәстек, тулақ дейді



торы, күрең



сұр, құла



шұбар, теңбіл



көк, қызыл



ақбоз, боз



жирен, шабдар



Жылқы түсі





Ер-тұрман және қамшы

Ер-тұрман - ат әбзелдері. Қазақ халқының арасында ер-тұрман салт атқа мініп жүру үшін жасалған.

Ер-тұрманды жасау тек халық ішінен шыққан шеберлердің қолынан келетін іс. Іскерлік өнерге қарай шеберлердің біреулері ердің соқа басын жасайтын болса, екіншілері ағаштан ер шауып, былғарыдан, киізден тоқым тігіп, қоладан үзеңгі құйып, темірге алтын, күміс жалатып және сүйекпен нақыштап, асыл тастан көздер орнатып, ертоқымды түгелдей жасаған. Ер-тұрман жасау мен оны күнделікті өмірде пайдалану - қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас мәслелерімен тығыз байланысты.

Ер-тұрман - атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тұрманға ерден басқа тоқым, желдік, тебінгі, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, , шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, тұсамыс, кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тұрман (тоқым, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, , жүген, сулық, айыл, өмілдірік, құйысқан, пыстан, шеттік, сауырлық, салпыншақ) әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тұрман жеңіл, ықшам, көбінесе мүйіз, сүйекпен, әшекейленеді. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады.


Қамшы

Қамшы-ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі.

Қамшының түрлері:

1.Тобылғы сапты қамшы, мүйіз сапты қамшы, ырғай сапты қамшы, орама сапты қамшы, сылдыр қамшы, "Қасиетті (киелі) "қамшы, жыланбауыр қамшы, шыбыртқы қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, күмістелген қамшы, алтындалған қамшы, ат қамшы (ат жүргіш)

Жылқыдан алынатын өнімдер мен дайындалу жолдары

Жылқының басты өнімдері сүті мен еті, терісін былай қойғанда қылына, сүйегіне, тұяғына, тіпті тезегіне дейін пайдаланған. Бие сүтінен қымыз ашытылады. Қымызға жоғары баға бергендердің бірі -орыстың атақты ғалымы В.И.Даль. Ол былай дейді: «Қымыз ішуде әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан гөрі оның артықшылығын сезінесің. Осынау шипалы сусын аштық пен шөлді бірден басады, денені салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың жеңілдейді, жүзің жарқырап шыға келеді. Мен бұл тұрғыда қымыздың қыс айларында адам денсаулығын сақтап, ұзақ мерзімді ораза ұстауға септігін тигізетіндей қасиетіне тәнтімін. Оны басқа қорек түрлерімен ешбір салыстыруға болмайды».

Биені алғаш байлағанда ашытатын қымызды-уыз қымыз, алғаш рет құлындаған қулық биенің сүтінен ашытылатынды-қысырақ қымыз,немесе ту қымыз, қымыздың үстіне саумал құйылып келесі күні қотарылатынды-түнеме қымыз, ашып кеткен қымыздың үстіне үстемелеп саумал құйып жуасытқанды- жуас қымыз, сабадағы мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып бірнеше күн жинаған қымызды-қорабалы қымыз деп атайды."

"Саумал"-сабаға құйылған жаңадан сауылған бие сүті, аздап пісілген, бірақ аши қоймаған түрі. Якуттар да мұндай қымызды "саумал қымыз"деп атайды.

Піспек- қымыз және іркіт пісуге арналған құрал. Қымыз пісетін піспектің сабы талдан, басы теректің безінен, қайыңның топшысынан істеледі.

Торсық -қарапайым, терінің жұмсақ түрінен тігіледі, ешқандай ою-өрнек болмайды, қойшылар жаяу және көлікпен жүргенде белдеріне байлап алады. Торсықтар; шимай торсық,мүйіз торсық,өрме торсық,жан торсық деп бөлінеді.

( ҚЭ., Алматы 2002ж. 120-122 бет)


Жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер

  1. Ағайын тату болса -ат көп,

Абысын тату болса -ас көп.

  1. Адам құлақтан азады,

Ат тұяқтан азады.

  1. Ақ пейілді аты арып, тоны тозбайды.

  1. Ақыл-жас ұланнан,

Жүйрік-тай құлыннан.

  1. Ақылсыз атқа мінсе,

Атасын басып кете жаздайды.

  1. Алтын ерің атқа тисе,

Алтынын ал да отқа жақ.

  1. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер.

  1. Алып анадан туады

Ат биеден туады.

  1. Алысты жақындатар -ат,

Жақынды алыстатар-жат.

  1. Ат көрмеген ат көрсе, шаба-шаба өлтірер.

Тон кимеген тон кисе, қаға-қаға бітірер.

  1. Аттан тай озады,

Атадан бала озады.

  1. Аты барға тай мінсе де жарасады,

Асы барға сұрап ішсе де жарасады.

  1. Атына қарай тұрманы, еңбегіне қарай қырманы...

  1. Жылқы-жаным, қымыз -қаным.


Зерттеу жұмысының нәтижесі

Айғырдан шығып кеткен биелер 10 айдан кейін яғни сәуір айынан бастап

15 шілде аралығында құлындайды. Аналық бие жатып құлындайды. Жылқы жануары өте қызғаншақ болады. Аналық бие құлының жалап , құлынның үстін кептіреді. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды.Жылқы сымбатты жануар ,сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі.

Құлынды биелердің құлыны қара құлақ болып, отығып жетілген кезінде байланылып, күніне 4-5 сауылғаннан кейін, ағытылады. Жас құлында-ғандарын бір-екі жұмадан кейін байлап, 2-3 сауылғаннан соң ағытып жібереді. Қазақ биені алты айға дейін сауады. Ал менің апам биені үш ай сауады. Алты ай толғанда қарақұлақ құлын жабағы болып өседі.

Атам екеуміз жайылымнан жылқыларды айдап әкелеміз де сауынға байлаймыз. Жазда жылқылар төбесі жабылған көлеңке жерде тұрғанды жақсы көреді. Астауға жиі-жиі таза салқын су құямыз. Себебі жылқы өте таза, жел-кеншек жануар.

Атаммен бірге жүріп және көптеген зертеулер нәтижесінде жылқы жануарының қасиетті екенін білдім. Жылқы -ішетін ас, жейтін тамақ, қазақтың сүйікті сусыны екеніне көз жеткіздім. Атама көмектесіп жылқыға жем, су, шөп беруді уйрендім.


Қорытынды

Қорыта келгенде, қазақ жері жылқының-отаны. Жылқы қазақ шаруашылығы ішіндегі басты да, жетекші саласы. Ең алдымен жылқы күй талғамайтын, жыл он екі ай бойы жайылымда бағылатын -түлік. Жылқыны еті -қазы-қарта, жал-жая. Сүті түрлі ауруларға ем. Жылқының терісінен киім, ыдыстар,қылынан арқан дайындайды. Мінсең көлік.

Қазақта байлық жылқының санымен бағалаған, салтанат пен сұлулықтың өлшемі де жылқы болған. Қалың малға, ат бәйгеге, адамның құнына, сондай-ақ айыпқа ат-шапанмен қоса жылқы төленген.























Пайдаланылған әдебиеттерге шолу:

1 .ҚСЭ -4том 1974ж , 538-540 беттер.Бас редакторы М.Қ. Қаратаев

2. ҚЭ., Алматы 2002ж. 120-122 бет

3. Жылқы түстерін кім көп біледі? 1991ж Ұлан газеті Тоқтабаев А . 3-бет

4. WWW. Minder. Kz сайты

5. bilimdiler.kz сайты



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал