- Учителю
- Әліппе Өткенді қайталау ашық сабақ
Әліппе Өткенді қайталау ашық сабақ
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарды қайталап еске түсіре
отырып, алған білімдерін толықтыру. Ойын арқылы
оқыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру. Сұрақтарға толық жауап беруге
дағдыландыру.
Дамытушылығы: Сұраққа жауап ала отырып, есте сақтау, жылдам ойлау,
ойын толық жеткізе білу қабілетін дамыту.
Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: Ұжыммен жұмыс жасауға, бір-бірін сыйлауға,
ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ-жауап
Сабақтың құрал-жабдығ: бағалау парақтары, қималар, суреттер, сандар
салынған қорап, екі топтың ұрандары
жазылған плакаттар , марапаттау қағаздары.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару, түгендеу. Сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақта «Бақытты сәт» ойыны арқылы өтетінін айту. Ойын ережесімен таныстыру. Оқушыларды «Сұңқар» және «Тұлпар» деп екі топқа бөлу. Ойын 5 геймнен тұрады:
І- гейм. «Бой сергіту»
ІІ-гейм. «Қораптан шыққан қатырғылар»
ІІІ-гейм. «Жұмбақтас»
ІҮ-гейм. «Сен маған, мен саған»
Ү-гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
Мұнда бағалу парағы бірден жүргізіліп отырады. Жұлдызша 5 балл, төртбұрыш 4 балл, үшбұрыш 3 балл болып есептеледі.Ойын барысында бағалау парағына сәйкесосы белгілер беріліп отырады.
Бірінші топ басшылары өз тобын таныстырып, ұрандарын айтып шығады.
І-гейм. «Бой сергіту». Екі топқа үй тапсырмасы бойынша 5 сұрақтан 10 сұрақ беріледі. Әр топ мүшесі жауап береді. Сұрақтар Һһ дыбысы және «Қаһарман» мәтіні бойынша беріледі. Алдымен мәтінді оқып шығамыз.
«Сұңқар» тобының сұрақтары
-
Һһ дыбысы қандай дыбыс және ло сөздің қай жерінде кездеседі?
-
«Айдаһар» сөзіне дыбыстық талдау жаса
-
Қазақ халқы қандай халық?
-
Қазақтың қандай батырлары бар?
-
Ал батыр қыздарымыз бар ма?
«Тұлпар» тобы мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді.
-
«Қаһарман» сөзіне дыбыстық талдау жаса
-
«Жиһаз сөзінің» мағынасын түсіндір
-
Батырларға қандай атақ беріледі?
-
Қазіргі кездегі қаһарман қандай ұл-қыздарымызды білесіңдер?
-
Олар қандай ерлік жасады? Мына әріптерді ата Аа, Ққ, Һһ, Сс, Ұұ.
Әр топтың жауаптарына сәйкес балл беріледі.
ІІ-гейм. «Қораптан шыққан қатырғылар». Мұнда топ басшысы қорпаптан шарлар алып, шардағы санға сәйкес сұрақтарға жауап береді.
-
«Ыы» дыбысына талдау жаса
-
«Етікші» сөзін жікте
-
«Оқулық» сөзін тәуелде
-
«Қорғасын» сөзіне дыбыстық талдау жаса
-
«Кк» әрпінен басталатын 5 сөз айт
-
«Балалар мектепке келді» сөйлем неше сөзден құралған?
-
«Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады» жұмбақтың шешуін тауып, сөйлем құра.
-
Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер айт.
Топ басшыларының берген жауаптарына сәйкес топтарға балл беріледі.
ІІІ-гейм. «Жұмбақтас» Мұнда жалпы 3 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші болып белгілерін көтерсе сол топ жауап береді.
-
Жыл мезгілдері жайлы сөйлем құрап, оны тақтаға жазу
-
«Терек» сөзінің соңына «І» дыбысын қосып айт, сөз қандай өзгеріске ұшырады, ненің әсерінен?
-
Не істеді? Сұрағына жауап беретін 5 сөз айт.
ІІІ-гейм бойынша баллдары жазылады.
ІҮ-гейм. «Сен маған, мен саған» Мұнда оқушылар өздері дайындап келген сұрақ тары бойынша жауап алынып баллдары беріледі. Әр топ 2 сұрақтан дайындауы шарт.
Ү-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Мұнда алдын ала дайындалған 10 сұрақ қойылады. Сұраққа барлық оқушы жауап бере алады. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады. Айтылған әрбір дұрыс жауапқа 1 фишкадан беріліп отырады. Гейм соңында фишкалар саналып, баллға қосылады. 1 фишка 1 балл болып есептеледі.
-
«Аа» дыбысына талдау жаса
-
Кез келген сөзді тәуелде
-
Дауысты дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
-
Қандай? Сұрағына жауап беретін 5 сөз айт
-
Жуан дауыстыларды ата
-
Дыбыстарға байланысты сергіту өлеңдерін айт
-
Кез келген сөзді жікте
-
«Ұұ» дыбысына талдау жаса
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Қозы, лақ, бота, бұзау, құлын бұлар нелер? Қандай сұраққа жауап береді?
Екі топтың баллдары бағалау парағы бойынша есептелініп, қорытынды баллдары шығарылады. Жеңіске жеткен топ «Тәуелсіз еліміздің дарынды ұландары», ІІ-топ «Тәуелсіз еліміздің білімді ұландары» атағымен марапатталады.
Бағалау парағы
(«Бақытты сәт» ойыны)« »-5
« »-3,4
« »-1,2
« »-4
« »-3
« »-1,2
« »-3
« »-2
« »-1
« »-2
« »-1
« »-0
« »7,8
« »-5,6
« »-3,4
«Сұңқар тобы»
1
2
3
4
5
1
2
3
4
1
2
3
1
2
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Дұрыс жауаптар саны