7


  • Учителю
  • Бейнелеу өнері пәнінен күнтізбелік жоспар (4-сынып)

Бейнелеу өнері пәнінен күнтізбелік жоспар (4-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Түсінік хат


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.

2. «Бейнелеу өнері» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады.

3. Оқыту мақсаттары:

1) эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтар-дың мәдениетін құрметтеу;

2) қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

3) халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

4) аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.

4. Оқыту міндеттері:

1) өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

2) сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;

3) жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

4) бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

5) көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

6) шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

7) сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;

8) оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.

5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:

1) көркемдік іс-әрекет түрлері;

2) көркемдік сауат негіздері;

3) қоршаған әлемді тану;

4) көркем-шығармашылық іс-әрекет мазмұны.

6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:

бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;

екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;

үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды;

төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.

7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде бастауыш көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.

8. Оқыту процесінде пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

1) «Сауат ашу», «Қазақ тілі»: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру, бейнелеу нысан-дарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;

2) «Әдебиеттік оқу»: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту, оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту, оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту, оқылған мәтін материалын бейнелеу;

3) «Музыка»: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;

4) «Дүниетану», «Өзін - өзі тану»: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;

5) «Математика»: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыру;

6) «Еңбекке баулу»: қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалану;

7) «Дене шынықтыру»: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.

9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 135 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің базалық білім мазмұн


10. Блок 1. «Көркемдік іс-әрекет түрлері»:

1) өнер туындыларын қабылдау;

2) көркем шығармашылық ерекшеліктері: суретші және көрермен;

3) өнердің бейнелік болмысы: көркем бейне, оның шарттылығы, жеке бейне арқылы жалпы бейнені беру;

4) әсем өнер туындыларындағы адамгершілік пен эстетика туралы жалпы адамзаттық идеялардың көрініс табуы: табиғатқа, адам мен қоғамға деген көзқарас;

5) көркем мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігі туралы түсінік (Қазақстан халықтарының мәдениеті мысалында), Қазақстан халықтары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері (таңдау бойынша), Қазақстан және әлемдік өнер жауһарларын қабылдау және эмоционалдық тұрғыдан баға-лау;

6) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі, оның материалдық ортасын ұйымдастырудағы рөлі туралы түсінік;

7) сурет, сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;

8) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

9) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

10) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

11) кескіндеме, кескіндеу материалдары, кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

12) түс - кескіндеу тілінің негізі, алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескінде-медегі табиғат пен адам бейнелері;

13) мүсін, мүсіндеу материалдары және олардың мәнерлі бейне жасаудағы рөлі, мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдары-мен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру), көлем - мүсіндеу тілі-нің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, мүсіндеу құралдарымен бейнеленген адам және жануарлардың әсемдігі;

14) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған материалдардың алуан түрлілігі (ермексаз, қағаз, картон және т.б.), мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру; қағаз бен картон - жұмсарту, бүктеу, кесу), көркемдік құрастыру және модельдеу дағды-ларын адам өмірінде қолдану мүмкіндіктері туралы түсінік;

15) сәндік-қолданбалы өнер, сәндік-қолданбалы өнердің бастауы және оның адам өміріндегі рөлі, халық мәдениетінің сипаты туралы түсінік (бас-пананы, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімді әшекейлеу), әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер;

16) бейнелеу өнерінде, ертегілерде бейнеленген халықтардың ер мен әйел сұлулығы туралы түсініктері;

17) халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы өнердегі ертегілік бейнелер, қолданбалы өнердегі сәндік пішіндердің негізі ретінде табиғаттағы пішіндердің алуан түрлілігі, Қазақстанның халық және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу.

11. Блок 2. «Көркемдік сауат негіздері»:

1) композиция, жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;

2) ұғым: композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ;

3) ұғым: көкжиек сызығы, жақын - алыс, үлкен - кіші, алдын бөгеу;

4) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;

5) композициялық орталық, композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және асимметрия;

6) түс, негізгі және құрамдас түстер, жылы және суық түстер, түстердің араласуы, эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

7) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, штрих, дақ және көркем бейне;

8) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;

9) пішін, заттай әлемдегі пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылы-ғы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи пішіндер, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;

10) көлем, кеңістіктегі көлем және жазықтықтағы көлем, көлемді беру тәсілдері, көлемді композициялардың мәнерлілігі;

11) ырғақ, ырғақ түрлері (байсалды, баяу, шұғыл, беймаза және т.б.);

12) сызықтар ырғағы, дақтар, түс ырғағы;

13) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, элементтер ырғағы арқылы композициядағы қозғалыс-ты көрсету, сәндік-қолданбалы өнердегі ырғақтың ерекше рөлі.

12. Блок 3. «Қоршаған әлемді тану»:

1) жер - біздің ортақ үйіміз, табиғатты және табиғи құбылыстарды бақылау;

2) жылдың, тәуліктің әртүрлі мезгілінде, әртүрлі ауа-райында табиғатты бейнелеудегі айырмашылық;

3) пейзаж жанры, табиғаттың мәнерлі бейнесін жасау үшін әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану, табиғаттағы құрылыстар: құстың ұясы, індер, құмырсқаның илеуі, тасбақаның сауыты, ұлудың үйшігі және т.б.;

4) табиғатты бейнелеген қазақстандық және шетел өнері жауһарларын қабылдау және эмоциялық тұрғыдан бағалау (мысалы, Ә. Қастеевтің, А.Г. Ғалымбаеваның, К.Т. Телжановтың, А.К. Саврасовтың, И.И. Шишкиннің, К. Моне, В. Ван Гогтың және т.б. туындылары);

5) әртүрлі халықтар мен дәуірлердегі әлемнің бірнеше аса жарқын мәдениеттерімен танысу (мысалы, Ежелгі Грекия, ортағасырлық Еуропа, Жапония және т.б.);

6) әлемдегі әртүрлі халықтардың мәдени салт-дәстүр сипатындағы табиғи жағдайлардың рөлі, әртүрлі халықтардың өнеріндегі адам бейнесі, сәу-лет және сәндік-қолданбалы өнер бейнелері;

7) менің туған Қазақстаным, Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениет сипаттамасындағы табиғи жағдайлардың рөлі, туған табиғат пейзажда-ры, киіз үйді, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімдерді безендірудегі сәндік құрылым тұтастығы;

8) бейнелеу өнерінің билермен, ертегілермен байланысы;

9) дәстүрлі мәдениеттегі адам бейнесі, өнерде бейнеленген адамның сұлулығы (сыртқы және рухани) туралы халық түсінігі;

10) адам бейнесі, әлемнің әртүрлі мәдениеттеріндегі адам бейнесі, замандас бейнесі, портрет жанры, өнердегі махаббат, достық, отбасы тақырып-тары;

11) адамдағы ең ізгі сезімдер мен қасиеттерді: қайырымдылық, рақымдылық, сүйеніш, қамқорлық, ерлік, риясыздық және т.б. сезімдерді оятатын кейіпкерлер бейнесінің эмоциялық және көркемдік мәнерлілігі;

12) ашу-ыза, шіміркену, жеккөрініш тудыратын кейіпкерлердің бейнелері;

13) өнер адамдарға әсемдік сыйлайды, біздің айналамыз тұнған өнер, тұрмыстағы әсем, жайлы әрі мәнерлі заттар, көлік түрлерін жасауда әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану;

14) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі рөлі туралы түсінік, табиғи, географиялық жағдайлардың, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлерінің әсем өнерлерде көрініс табуы;

15) натюрморт жанры;

16) үй-жайларды, ыдыс-аяқты, жиһаз бен киімді, кітаптар мен ойыншықтарды көркемдік құрастыру және безендіру.

13. Блок 4. «Көркем-шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны»:

1) бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркемдік-құрастыру іс-әрекетінің алуан түрлеріне қатысу;

2) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер негіздерін меңгеру;

3) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы бейнелеу (натюрморт, пейзаж, адам, жануар, өсімдік);

4) көркемдік сауат негіздерін: композицияны, пішінді, ырғақты, сызықты, түсті, көлемді, фактураны меңгеру;

5) адамның тұрмыстық орта заттарының модельдерін жасау, мүсін жасау және қағаз пластикасының қарапайым дағдыларын меңгеру;

6) суретте, кескіндемеде, жапсыруда, мүсіндеуде, көркемдік құрастырудағы өз ойын іске асыру үшін мәнерлеу құралдарын таңдау және қолдану;

7) түс, рең, композиция, кеңістік, сызық, штрих, дақ, көлем, материал фактурасының көмегімен шығармашылық жұмыстарды орындау;

8) жеке және ұжыммен жұмыс істеу кезінде әртүрлі көркемдік техникалар мен материалдарды: коллаж, граттаж, жапсыру, қағаз пластикасы, гуашь, акварель, пастель, балауыздан жасалған борлар, қарындаш, фломастерлер, ермексаз, сазбалшық, көмекші және табиғи материалдарды пай-далану;

9) бейнелеу өнері туындыларының мазмұны мен мәнерлеу құралдарын талқылауға қатысу, өзінің туындыға қатысты көзқарасын білдіру.


Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат)

1) мектепте өнерге ықпалдастырып оқыту;

2) қазіргі заманның әлеуметтік, мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас дүниетаным қалыптастыру;

3) бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу;

4) мәдени құндылықтар: адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері.

Кескіндеме (10 сағат)

1) түс - кескіндеу тілінің негізі;

2) кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталық (композицияның көру орталығы);

4) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

5) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;

6) «Достық пойызы», «Серуен», «Менің аулам», «Наурыз», «Астана - бейбітшілік пен бақыт қаласы» атты тақырыптарға сурет салу;

7) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

8) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);

9) 20 ғасырдың 70-80-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.

Графика (6 сағат)

1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;

2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;

6) тақырыптық графика, «Менің жазым», «Бізге тағы да күз келді», «Теңіздегі дауыл», «Сүйікті ертегі» атты тақырыптарға сурет салу;

7) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.

Мүсін (6 сағат)

1) көлем - мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, жұмыр мүсін (ұсақ пластика, пластика, композицияның тұтастығы, типтендіру;

2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;

3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);

4) суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.

Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат)

1) жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы көркемдік құрастырудың өзгешелігін ашу, соның негізінде пішін мен материалдармен тәжірибе жасау, түс тану және композиция элементтерімен танысу;

2) функция мен пішін тұтастығы, пішін жасаудың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта бұйымдарын модельдеу.

Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат)

1) Қазақстанның (тұскиіз, қапшағай күйіктасы және қазіргі заманғы басқа да қолөнерлер), Ресейдің дәстүрлі қолданбалы өнері және басқа республикалардың қолөнерлері;

2) Қазақстанның халық қолөнері шеберлері;

3) жиһаз, музыкалық аспаптар, киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа заттар;

4) қолөнерді дамыту және Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту;

5) икебана, коллаж;

6) әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары, адам және табиғат, әлем халықтарының өнеріндегі су, от, жер, ауа символдарының туындау тұтастығы мен жалпы сипаттары;

7) символдарды пайдаланумен шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сурет композициясы мен мәтін мазмұнындағы өзара байланыс;

8) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындылары-мен танысу.


2-4-сынып

Барлығы - 34 сағат, аптасына 1 сағаттан


Оқу материалы

Сыныптар бойынша сағаттар саны

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Өнер туындыларын қабылдау

2

2

2

2

Кескіндеме

8

8

8

10

Графика

6

6

6

6

Мүсін өнері

4

6

6

6

Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері

8

6

6

6

Сәндік-қолданбалы өнер

5

6

6

4

Барлығы

33

34

34

34




4- сыныбында бейнелеу өнері пәнінен орта мерзімді жоспар

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


4-тоқсан (8 сағат)


1-тоқсан /9 сағат/

Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат)

Тарау мақсаты: Өнерге ықпалдастырып оқыту. Мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас дүниетаным қалыптастыру.

Бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу. Адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін білу.

р/с

сабақ реті

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар.

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды(идеясы)

Белсенді жұмыс түрлері

әдіс-тәсілдері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері.

Оқыту үшін бағалаудың қолданылуы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарлан-ған және күтілген нәтиженің оқушылар-дан анықталуы

Қосымша ресурстар

Сағат саны

Өткізілу мерзімі

1

1

Тақырыбы:Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.

Мақсаты: «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары» тақырыбы бойынша үш жылда өткен материалды бекіту.

«Еркін жауап» стратегиясы

Топтық, жұптық, дараланған жұ-мыс түрлері

Қалыптасты-рушы бағалау

«Бағдаршам»

бағалау

СТО, АКТ, дарынды және талантты, жас ерекшелік, көшбасшылық, ОүБ.

Бейнелеу түрлерінің жанрларын ажырата алады.

Фличарт, маркер

кесте

1


2

2

Тақырыбы: Түс гаммасының қанық-тығы.

Мақсаты: туындының эстетикалық және эмоционалды эффектілерін көрсе-те отырып, түстік гаммаларын анықтау.


Венн диаграм-масы

Жабық және ашық сұрақ-жа-уап, «Радиоға қоңырау шалу» ойыны

Қалыптасты-рушы баға-лауы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Қанық және қанықпаған түстерді ажырата бі-леді.

Флипчарт суреттер

Кесте

Тірек сызба

1

Кескіндеме (10 сағат)

Тарау мақсаты: Түс - кескіндеу тілінің негізі, кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі, кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композиция-лық орталықты білу. Түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-кү-йін бейнелей алу. Пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс түрлерінің суретін салу дағдыларын арттыру. 20 ғасырдың 70-80-жыл-дарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларын танытып, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

р/с

сабақ реті

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар.

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды (идеясы)

Белсенді жұмыс түрлері

әдіс-тәсілдері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері.

Оқыту үшін бағалаудың қолданылуы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарлан-ған және күтілген нәтиженің оқушылар-дан анықталуы

Қосымша ресурстар

Сағат саны

Өткізілу мерзімі

3

1

Тақырыбы: Қанық түстер гаммасы.

Түс - кескіндеу тілінің негізі.

Мақсаты: Қанық және қанық емес түс-тер туралы түсінік және олардың қасиет-терімен таныстыру, қанық (акварель) жә-не қанық емес (ашық және қою) түстерді шығаруды үйрету.


«Еркін жауап» стратегиясы

Топтық, жұптық, дараланған жұ-мыс түрлері

«Бағдаршам»

бағалау

Қалыптасты-рушы бағалау


СТО, ОүБ, АКТ, дарынды оқушы және дарынды, жас ерекшелік, көшбасшылық

Қанық, қа-нықпаған ашық және қою түстерді ажыратады. Бірлесіп жұ-мыс жасай алатын бо-лады.

маркер

кесте

слайд

1


4

2

Тақырыбы: Қанықпаған ашық, қою түс-тер гаммасы. Кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғима-раттардың, заттардың әсемдігі мен ал-уан түрлілігі.

Мақсаты: Шығармашылық ойлауды да-мыту, түстерді тани білу. Түстік гамма-лардың қанықтығына қарай көңіл күйі мен ерекшелігін салыстыруды үйрету. Ұсынылған шығармаға сәйкес қанық және қанық емес түстік гаммадағы ком-позиция жасау.

Венн диаграм-масы

Жабық және ашық сұрақ-жа-уап, «Радиоға қоңырау шалу» ойыны

Оқушылар-

дың өзін-өзі бағалауы жә-не топтағы мүшелерді бағалау.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшылық.

Оқушылар тақырып бо-йынша және сындарлы сөйлеуге ынталана-ды.

суреттер

Кесте

Тірек сызба

1


5

3

Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлерін қайталау. Кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталық.

Мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі кескін-демедегі табиғат пен адам бейнелерін композициялық орталыққа орналастыра білу.

-5 минуттық эссе

«Еркін жауап» стратегиясы

-топтық, жұптық, дараланған жұмыс түрлері.

Критерийлер бойынша ба-ғалау және өзін-өзі баға-лайды

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшылық.

Сыни көз-қарастарын білдіреді.

Өз ойлары-мен бөлі-сіп, ортақ-таса алады.


ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


6

4

Тақырыбы: Сызық пен штрих арқылы көлемді көрсету. Түстің эмоциялық мүм-кіндіктері, түстердің араласуы, түстің кө-мегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету.

Мақсаты:Алдағы уақытта натурамен жұмысқа дайындық, заттардың көлемін көрсету. Сызық және штрихпен заттың көлемін көрсетуді үйрету.

Уақыт шеңбері; Ойлан-жұптас-бөліс;

«Сөз сандық», «сұрақ -жауап», «мәреге жету». БББ кестесі

Қалыптасты-рушы бағалау

Өзін-өзі баға-лау

СТО, АКТ, ОүБ, дарынды оқушы және талантты, жас ерекшелік, көшбасшылық

Штрих пен сызық арқы-лы заттың көлемін көр-сете алады.

ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

слайд

1


7

5

Тақырыбы: График суретшілер. Сиқыр-лы әріптер. Пастозды кескіндеме, компо-зициялық орталық, қозғалыс.

Мақсаты: Әсерді жазуға үйрету, сөздің мәнін түсініп, оны әріп таңбасымен көр-сете білу. Әріп таңбасының мүмкіндік-терімен таныстыру. Әр түрлі компози-циялар мен қолөнер жұмыстарында әсер-лі штрифтерді қолдануды үйрету.

Ой қозғау. Ситуациялық сұрақтар беру, «Түртіп алу»

«Автор орындығы»


Қалыптасты-рушы бағалау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшылық.

Сиқырлы әріптерді өздігінше құрастырып, шығармашылығын көр-сете біледі.

Бағалау парағы, маркер, магнит, ватман,

кесте

1


8

6

Тақырыбы: Ашық хаттарды безендіру. «Достық пойызы» портреттерін салу.

Мақсаты: Әсерлі жазуға үйрету, сөздің мәнін түсініп, оны әріп таңбасымен көр-сете білу. Әсерлі әріп таңбаларын пай-далана отырып, ерекше ашық хат жасау.

Шаттық шеңбері; Даналық ағашы

3 қадамдық сұхбат; БББ кестесі

Қалыптасты-рушы және жиынтық ба-ғалау

СТО, АКТ, ОүБ,

Дарынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшылық

Шығармашылық қабіле-тін көрсете біледі. Порт-ретті сызық-тар арқылы сала алады.

Флипчарт

Кесте

А4 беттері

1


9

7

Тақырыбы: «Менің аулам», «Наурыз» кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра.

Мақсаты: Композициялық ойлауды да-мыту. Заттың көлемі мен пішінін көрсе-те отырып, натюрморт жасау.

Ой қозғау. Ситуациялық сұрақтар беру, «Түртіп алу»

«Автор орындығы»

Оқушылар-дың өзін-өзі бағалауы

СТО, АКТ, Диалог, баға-лау, дарынды оқушы, жас ерекшелік, көшбасшылық

Бірлесіп тп-пен жұмыс істей алады.

Суретті ак-варельмен сала алады.


Сандықша

кестелер

слайд

бағалау парағы

1


10

8

Тақырыбы: «Серуен» пейзажының ком-позициясын салу.

Мақсаты: Композициялық ойлауды да-мыту, пейзажды салуда сызық, көлемді тануды дамыту. Заттың көлемі мен піші-нін көрсете отырып, табиғат пейзажын бейнелей білу.

«Миға шабуыл»

«Сәйкесін тап»

Жұптық жұмыс

«Сен маған- мен саған»

Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі баға-лау.

СТО, АКТ, ОүБ, Диалог, бағалау, дарынды оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Пейзажды ажыратады. Перспектива заңдылығын қолдана ала-ды.

Флипчарт

суреттер

бағалау парағы

1


11

9

Тақырыбы: «Астана - бейбітшілік пен бақыт қаласы». Акварельмен жұмыс.

Мақсаты: Акварельмен жұмыс жасауда түстік гаммалардың қанық және қанық-паған түстер гаммаларын көрсете білу.

Даналық ағашы

3 қадамдық сұх-бат; «Фишбоун», «Сұрақ лақтыру»

Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі баға-лау.

СТО, АКТ, ОүБ, дарынды оқушы, жас ерекшелік, көшбасшылық

Оқушылар-дың сурет салуда қиял-дары дами-ды.

нақыл сөздер, фличарт, БББ кестесі


1


2-тоқсан /7 сағат/

12

10

Тақырыбы: 20 ғасырдың 70-80-жылда-рындағы қазақстандық суретші-кескін-демешілердің туындыларымен танысу. «Үлкен ғарыштық саяхат»

Мақсаты: Қазақстандық суретшілермен таныстыру. Есте сақтау, ойлау қабілет-терін дамыту. Шығармашылық қабілет-терін ояту.

Постер, кластер

Ой қозғау

Даналық ағашы

Критерийлер бойынша бағалау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Суреттерді тани және ажырата алады.

Слайд

Бағалау парағы

1

Графика (6 сағат)

Тарау мақсаты: Графикалық жұмыс істеу жұмысының әртүрлі тәсілдерімен жұмыс істеу түрлерін таныту. Суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы түрлерін ажырата білу дағдыларын жетілдіру. Сурет құралдарымен бейнеленген заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігін бейнелей білу біліктілік-терін арттыру. Қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар құралдарымен сурет салу техникасын жетілдіріп қалыптастыру. Суретші-гра-фиктер туындыларымен таныстыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.


р/с

сабақ реті

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар.

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды(идеясы)

Белсенді жұмыс түрлері

әдіс-тәсілдері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері.

Оқыту үшін бағалау-дың қол-данылуы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарлан-ған және күтілген нәтиженің оқушылар-дан анықталуы

Қосымша ресурстар

Сағат саны

Өткізілу мерзімі

13

1

Тақырыбы:Графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері.(Көмір, қарындаш)

Мақсаты: Композициялық ойлауды дамы-ту. Графикалық жұмысының әртүрлі тәсіл-дерімен жұмыс істеу түрлерін таныту.


«Еркін жауап» стра-тегиясы

Топтық, жұптық, дараланған жұмыс түрлері

«Бағдар-шам»

бағалау

Қалыптас-тырушы бағалау

СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Графиканың әртүрлі тә-сілдермен жасалған жұмыстарын ажыратады

Фличарт, маркер

кесте

1


14

2

Тақырыбы: Суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы. «Менің жазым». (Пастель бояуы)

Мақсаты: Пейзаж жанры туралы білімді тереңдету. Пейзаж жанрының даму тарихы-мен, әлемдік кескіндеме туындыларының жауһарларымен таныстыру.

Венн диаграммасы

Жабық және ашық сұрақ-жауап, «Радиоға қоңырау шалу» ойыны

Қалыптас-тырушы бағалау

СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Негізгі және қосалқы түс-терді қолда-на біледі

Флипчарт суреттер

Кесте

Тірек сызба

1


15

3

Тақырыбы: Импрессионист- суретшілер-дің шығармаларындағы пейзаж. Сурет құ-ралдарымен бейнеленген табиғаттың, адам-ның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі. «Бізге тағы да күз кел-ді» суретін салу.

Мақсаты: Импрессионистердің шығарма-ларындағы пейзаждардың ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғаттағы реңктердің мол-дығын көре білуге үйреніп, жұмыстарында қолдана білу.


«Еркін жауап» стра-тегиясы

-топтық, жұптық, дараланған жұмыс түрлері

Критерий-лер бойын-ша баға-лау және өзін-өзі ба-ғалайды

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерек-шелік, көшбасшылық.

Жаңа тер-миндік сөз-дерді ажы-ратып, қол-дана алады.

ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


16

4

Тақырыбы: Түстердің жарыққа тәуелді-лігі. Ағаштарды, құстарды, аңдарды бейне-леу: ортақ және өзіндік сипаттары. (Қарын-даш және фломастер)

Мақсаты: Байқампаздық пен есте сақтай білуді дамыту, алдағы уақытта натурамен жұмыс істеуге дайындалу. Жарық әр түрлі түскенде түстерді байқап, бейнелей білуге үйрету.

Ойлан-жұптас-бөліс;

«Сөз сандық», «Сұрақ -жауап», «Мәреге жету»

Критерий-лер бойын-ша топ-тық және өзін-өзі ба-ғалау


СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Қарындаш және фло-мастерді қолданудағы үйлесімділі-гін келтіре алады

ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


3-тоқсан /10 сағат/

17

5

Тақырыбы: «Теңіздегі дауыл» суретін са-лу. (Пастель бояуы)

Мақсаты: Табиғаттағы кеңістік перспек-тивасымен танысу және оны композицияда көрсете білу. Ауа және сызықтық перспек-тивасында бейнеленген пейзаж.

Ой қозғау. Ситуациялық сұрақтар беру, «Түртіп алу»

«Автор орындығы»


Оқушылардың өзін-өзі бағала-уы және топ-тағы мүшелерді бағалау.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Пастель бояуын қол-дана алады

Бағалау парағы, маркер, магнит, ватман,

кесте

1


18

6

Тақырыбы: «Сүйікті ертегі» графикалық суретін салу. Суретші-графиктер

В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.

Мақсаты:Суретшілердің туындыларымен таныстыру. Есте сақтау, ойлау, талдай алу білікт іліктерін жетілдіру. Графикалық су-реттер сала білу.

Шаттық шеңбері Даналық ағашы

3 қадамдық сұхбат; БББ кестесі

Критерий-лер бойын-ша топ-тық және өзін-өзі бағалау.


СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Суретшілер-дің туынды-ларын ажы-ратады. Көзқарасы-мен бөлісе алады.

Флипчарт

Кесте

А4 беттері

1

Мүсін (6 сағат)

Тарау мақсаты: Көлем - мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, жұмыр мүсін түрлерін ажырата білу. Халық ертегілерінің сарыны-мен екі, үш тұлғалы композициялар жасай алу. Мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тә-сілдерін (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру) қолдана алу дағдыларын қалыптастыру. Суретші-мүсін-шілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен таныстырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.


р/с

сабақ реті

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар.

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалып-тасатын білім, білік, дағды (идеясы)

Белсенді жұмыс түрлері

әдіс-тәсілдері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері.

Оқыту үшін бағалау-дың қолданы-луы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарлан-ған және күтілген нәтиженің оқушылар-дан анықталуы

Қосымша ресурс-тар

Сағат саны

Өткізілу мерзімі

19

1

Тақырып: Мүсіндеу тілінің негізі, мүсін-нің негізгі тақырыптары, жұмыр мүсін (ұсақ пластика, пластика, композицияның тұтастығы, типтендіру.

Мақсаты: Мүсінің түрлері туралы түсінік беру. Композицияның тұтастығын типтен-діре білу.

«ЖИГСО»,

«БББ» кестесі

«Еркін жауап» стратегиясы

Топтық, жұптық, дараланған жұ-мыс түрлері

«Бағдар-шам» баға-лау

Қалыптастырушы баға-лау


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшылық.

Мүсін түрле-рін ажырата-ды. Бірлесіп мүсін құрас-тыра алады

Фличарт, маркер

кесте

1


20

2

Тақырып: Халық ертегілерінің сары-нымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау.

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің мүсінін құрастыра білу. Екі, үш тұлғалар құрасты-ра білу.

Венн диаграмма-сы

Жабық және ашық сұрақ - жауап, «Радиоға қоңырау шалу» ойыны

Оқушылар-дың өзін-өзі бағала-уы және топтағы мү-шелерді ба-ғалау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшылық.

Топпен бірле-сіп, ынтымақ-таста жұмыс істейді.

Флип-чарт су-реттер

Кесте

Тірек сызба

1


21

3

Тақырып: Мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ер-мексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинас-тыру, пішінді созу және құрастыру).

Мақсаты: Ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру. Мүсіндеу кезінде пі-шінді созу және құрастыра білу қабілетте-рін арттыру.

«ЖИГСО»,

«БББ» кестесі

-5минуттық эссе

«Еркін жауап» стратегиясы

-топтық, жұптық, дараланған жұмыс түрлері.

Критерий-лер бойын-ша бағалау және өзін-өзі бағалай-ды

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшылық.

Мүсінді құ-растыру тә-сілдерін қол-дана алады

ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


22

4

Тақырып: Пішінді созу және құрастыру.

Мақсаты: Заттың пішінін созу және құ-растыра білу. Мүсін құрастыра алу. Шы-ғармашылық қабілеттерін ояту.


Ойлан-жұптас-бөліс,

«Сөз сандық», «Сұрақ -жауап», БББ кестесі

Критерий-лер бойын-ша топтық және өзін-өзі бағалау

СТО, АКТ, ОүБ, дарынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Сыни көз қа-растарын біл-діреді

ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


23

5

Тақырып: Суретші - мүсіншілер

Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың туындыларымен таны-су.

Мақсаты: Суретші-мүсіншілер туын-дылармен таныстыру. Логикалық ой-лау қабілеттерін дамыту.

Ой қозғау

Ситуациялық сұрақтар беру, «Түртіп алу»

«Автор орынды-ғы»

Қалыптастырушы баға-лау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшылық.

Зерттеу жұ-мысына қа-тысып, ортақ шешімдерін шығарады

Бағалау парағы, маркер, магнит, ватман,

кесте

1


24

6

Тақырып: Суретші - мүсіншілер Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың жә-не т.б. туындыларымен танысу.

Мақсаты: Суретші -мүсіншілер туын-дылармен таныстыру. Логикалық ой-лау қабілеттерін дамыту.


Шаттық шеңбері; Даналық ағашы

3 қадамдық сұхбат; БББ кестесі

Қалыптас-тырушы бағалау

СТО, АКТ, ОүБ, дарынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Суретшілер-дің туындыла-рын ажырата-ды. Сыни ойын жеткізе алады

Флип-чарт

Кесте

А4 беттері

1

Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат)

Тарау мақсаты: Жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы көркемдік құрастырудың өзгешелігін ашу, соның негізінде пішін мен материалдар-мен тәжірибе жасау, түстану және композиция элементтерімен тани білу дағдыларын қалыптастыру. Функция мен пішін тұтастығы, пішін жасау-дың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта бұйымдарын модельдей білу білім, білік дағдыларын жетілдіріп қалыптастыру.

р/с

сабақ реті

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар.

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды(идеясы)

Белсенді жұмыс түрлері

әдіс-тәсілдері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері.

Оқыту үшін бағалау-дың қолданы-луы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарлан-ған және күтілген нәтиженің оқушылар-дан анықталуы

Қосымша ресурстар

Сағат саны

Өткізілу мерзімі

25

1

Тақырыбы: «Өткен ғасырларға саяхат. Сәулет стильдері» сұхбат-сабағы.

Мақсаты: Әлем мәдениеті тарихымен таныс-тыру. Ой -өрісті кеңейту. Ежелгі Грекия мен Римнің сәулет өнерімен таныстыру.

«Еркін жауап» стратегиясы

Топтық, жұптық, дараланған жұ-мыс түрлері

«Бағдар-шам» баға-

лау

Қалыптастырушы бағалау


СТО, АКТ, ОүБ, дарынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшы-лық

Әлем мәде-ниетін тани біледі. Өз көз-қарастарын білдіре алады.

Фличарт, маркер

кесте

1


26

2

Тақырыбы: Орта Азияның сәулет өнері. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Мақсаты:Балалардың еліміздегі мәдени мұ-расына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту, шығармашылық ойлауды дамыту, өткен материалды қорытындылау. Еліміздің тарихи сәулет ескерткіштерімен таныстыру, меңге-рілген білімді пайдалана отырып, композиция жасау.

Венн диаграмма-сы

Жабық және ашық сұрақ-жауап, «Ра-диоға қоңырау ша-лу» ойыны

Оқушылар-дың өзін-өзі бағала-уы және топтағы мү-шелерді ба-ғалау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Орта Азия-ның сәулет өнерін тани және ажыра-тады.

Флип-чарт сурет-тер

Кесте

Тірек сызба

1


4-тоқсан /8 сағат/

27

3

Тақырыбы: «Ежелгі азиялық қалалар» ком-позициясын жасау.

Мақсаты: Шығармашылық ойлауды дамыту, өткен материалды қорытындылау. Еліміздің тарихи сәулет ескерткіштерімен таныстыру, меңгерілген білімді пайдалана отырып, ком-позиция жасау.

«Еркін жауап» стратегиясы

-топтық, жұптық, дараланған жұмыс түрлері.

Қалыптас-тырушы бағалау

СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшылық

Композиция-ны бірлесіп орындайды

ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


28

4

Тақырыбы: Түс және символ. Белгі символ-дары.

Мақсаты: Мәдени ой-өрісті кеңейту, әр түр-лі елдердің түстік символдарымен танысты-ру. «Символ» ұғымын түсіндіріп, түс символ-дары туралы білетіндерін пайдаланып, ком-позиция жасау.

Ойлан-жұптас-бөліс;

«Сөз сандық», «сұрақ -жауап», «мәреге жету». БББ кестесі

Критерий-лер бойын-ша топтық және өзін-өзі бағалау.


СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшылық

Символ сөзі-нің мағына-сын түсінеді.


ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


29

5

Тақырыбы: Композициядағы қарама-қай-шылық.

Мақсаты: Композициялық ойлауды дамыту. «Қарама-қайшылық ұғымымен таныстыру, әсерлі композиция жасау үшін қарама-қайшы қатынастарды пайдалануды үйрету.

Ой қозғау. Ситуациялық сұрақтар беру, «Түртіп алу»

«Автор орындығы»


Оқушылар-дың өзін-өзі бағалауы

СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшылық

Сыни пікірле-рін білдіріп, ортақ пікірге келе біледі

Бағалау парағы, маркер, магнит, ватман,

кесте

1


30

6

Тақырыбы: Композицияда қозғалысты бей-нелеу тәсілдері.

Мақсаты: Композициялық ойлауды дамыту. Қозғалысты көрсететін тәсілдерді пайдалана отырып, динамикалық композиция жасауды үйрету.

Шаттық шеңбері; Даналық ағашы

3 қадамдық сұхбат; БББ кестесі

Жиынтық бағалау.

СТО, АКТ, ОүБ, да-рынды және талантты оқушы, жас ерекшелік, көшбасшылық

Оқушыларды тақырып бо-йынша және сындарлы сөйлеуге ын-таланады

Флип-чарт

Кесте

А4 беттері

1



Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат).

Тарау мақсаты: Қазақ, орыс халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру, мәдени-тұрмыстық дәстүрлеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен таныстыру. Есте сақтау, логикалық ойлау, сөйлеу шеберліктерін датыму.

р/с

сабақ реті

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар.

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды(идеясы)

Белсенді жұмыс түрлері

әдіс-тәсілдері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері.

Оқыту үшін бағалаудың қолданылуы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарлан-ған және күтілген нәтиженің оқушылар-дан анықталуы

Қосым-ша ресурс-тар

Сағат саны

Өткізілу мерзімі

31

1

Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киім-дерінің ерекшеліктері. Қазақстанның халық қолөнері шеберлерімен таныстыру.

/Қазақстанның (тұскиіз, қапшағай күйікта-сы және қазіргі заманғы басқа да қолөнер-лер)

Мақсаты: Қазақ халқының бай мәдени мұра-сымен таныстыру, мәдени-тұрмыстық дәс-түрлеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Қазақ ұлттық ерлер киімдерінің ерекшелік-терін түсіндіру, ұлттық киім нобайын жасап, негізгі терминдерімен таныстыру.

«ЖИГСО»,

«БББ» кестесі

«Еркін жауап» стратегиясы

Топтық, жұптық, дараланған жұ-мыс түрлері

«Бағдаршам»

бағалау

Қалыптастырушы бағалау


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Қазақ хал-қының өне-рін ажырата алады. Топ-пен жұмыс жасау арқы-лы, ынты-мақтастық-пен жұмыс істейді.

Фличарт, маркер

кесте

1


32

2

Тақырыбы: Ресейдің халық шығармашылы-ғымен таныстыру. /Ресейдің дәстүрлі қол-данбалы өнері және басқа республикалардың қолөнерлері, икебана, коллаж; әлемдік өнер-дегі негізгі ою-өрнек нақыштары, адам және табиғат, әлем халықтарының өнеріндегі су, от, жер, ауа символдарының туындау тұ-тастығы/

Мақсаты: Орыс халқының бай мәдени мұра-сымен таныстыру, мәдени-тұрмыстық дәс-түрлеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Орыс ұлттық киімдерімен таныстыру.

Уақыт шеңбері; Ойлан-жұптас-бөліс;

«Сөз сандық», «сұрақ -жауап», «мәреге жету». БББ кестесі

Критерийлер бойынша топ-тық және өзін-өзі бағалау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Бірлесіп жұ-мыс істеу қабілеттері артады.

Ресей хал-қының шы-ғармашылығын таниды.

ББҮ кестесі

Бағалау парағы

Кесте

1


33

3

Тақырыбы: Қазақ халқының сәндік - қол-данбалы өнері. Жиһаз, ат әбзелдері, ыдыс -аяқ.

Мақсаты: Қазақ халқына бай мәдени мұра-сымен таныстыру, мәдени-тұрмыстық дәс-түрлеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Сәндік -қолданбалы өнер шығармаларының ерекше-ліктерімен, негізгі терминдерімен танысты-ру.

Венн диаграмма-сы

Жабық және ашық сұрақ-жауап, «Радиоға қоңырау шалу» ойыны.

Оқушылардың өзін-өзі баға-лауы және топ-тағы мүшелерді бағалау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Сын тұрғы-сынан ойла-уы дамиды.

Сәндік қол-данбалы өнердің да-муы туралы біледі.

Флипчарт суреттер

Кесте

Тірек сызба

1


34

4

Тақырыбы: Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туынды-ларымен танысу.

Мақсаты: Басқа халықтардың мәдени мұра-сымен таныстыру, ой -өрісті кеңейту.


«Еркін жауап» стратегиясы

-топтық, жұптық, дараланған жұмыс түрлері.

Критерийлер бойынша баға-лау және өзін-өзі бағалайды

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.

Өз ойлары-мен бөлісіп, ортақтаса алады. Өзіне жүктелген міндетіне жауапкершілікпен орындайды.


ББҮ кестесі

Бағалау парағы

суреттер

1





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал