- Учителю
- Открытый урок (Өткенді пысықтау 2 класс)
Открытый урок (Өткенді пысықтау 2 класс)
Уақыты:
27.10.2015
Пәні:
Математика
Сабақтың тақырыбы:
Өткенді пысықтау
Мақсаты:
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерінің деңгейін анықтап, өз беттерінше тапсырма орындауға мүмкіндік жасау
Міндеттері:
-
Сыни тұрғысынан ойлай отырып, тапсырмаларды, өрнектерді және есептерді тиімді тәсілмен шығарады, дәлелдейді.
-
Өз бетінше жұмыс жасай алады.
-
Қызығушылығы артып, ой өрісі кеңейеді.
-
Бірлескен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа үйренеді.
Сабақтың әдісі:
Жеке , жұптық, топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Модульдер :
-
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
-
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
-
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
-
Талантты және дарынды балаларды оқыту
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу
-
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық әдіс-тәсілдер:
Шаттық шеңбері, топқа бөлу, «Мықтының мықтысы», «Ассоциация», «Ойлан, жұптас, бөліс» сергіту сәті «Кім ұшқыр ойлы?», «бағалау пирамидасы»
Негізгі дереккөздер мен құралдар:
Оқулық, сынып, маркер, дәптер, қалам, тақта, бор, слайд, смайликтер, қима сандар.
Бағалау:
«смайлик», ауызша бағалау, шапалақ, мадақтау.
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Жоспар мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
бағалау
Ресурстар: осы іс-әрекеттер үшін маған қандай құралдар қажет?
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу. Шаттық шеңбері
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру мақсатында балаларды шеңберге тұрғызамын да бір-біріне тілек айтқызамын.
2.Үй тапсырмасын сұрау. «Мықтының мықтысы» стратегиясы бойынша үй тапсырмасы сұралады.
Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Сұрақты доп ұстаған оқушы қояды. Жауап берген оқушы допты келесі оқушыға лақтырады. 3-4 оқушы жалғастырады.
Керемет!
Өте жақсы!
Көңіл күйлерің жақсы ма?
Тамаша, керемет!
Интертақтадан музыкалық әуен ойналып тұрады.
доп
Топқа бөлу
«Зеректер», «Алғырлар», «Тапқырлар», «Жүйріктер» санның қимасын оқушыларға таңдату арқылы топқа бөлемін.
Оқушылар таңдап алған санның қималарына байланысты топқа бөлініп отырады. Оқушылар 5 ден 4 топқа бөлінеді.
Тамаша, керемет!
Жарайсың!
Сандар қимасы.
Тұсаукесер
Қызығушылықтарын ояту кезеңі
«Ассоциация»стратегиясы.
15=9+*
15=6+*
16=8+*
16=*+7
17=9+*
17=8+*
13=8+*
13=*+6 берілген өрнектерің белгісіз компоненттерін әртүрлі тәсілмен қарастыруын сұраймын.
Оқушылар берілген өрнектерді білімдеріне сүйене отырып, не білетінін ортаға салады, өз ойларын айта отыра ментальді картаны қорғайды, дәлелдейді.
Керемет!
Жарайсыңдар!
Білетіндеріңді білгенмін.
Қошемет көрсетейік!
Смайлик беріледі.
Смайликтер
Фостер , фломастер
Негізгі бөлім
Мағынаны тану сатысы
Оқулықпен жұмыс.
№2 тапсырма.
Оқушылар тапсырманы оқиды.
Талдайды.
Көрсетілген жауап шығатындай өрнектер құрастырады.
Керемет!
Тамаша!
Сергіту сәті. «Сиқырлы сандық» Логикалық есептер оқылады.
Логикалық есептер жауабын оқушылар таба отырып, бой сергітеді.
Керемет!
Тамаша!
Интертақтамен жұмыс
Оқулықтағы №3 тапсырма.
Терек, үйеңкі т.б.ағаштар туралы мағлұмат беріледі.
Оқулықтағы №4 тапсырма
Оқулықтағы № 5 тапсырма
Оқушылар жұптаса отырып есеп шығарады. Видео ролик қарай отырып, ағаштар туралы мағлұмат алады.
Керемет!
Тамаша!
Интертақта
Қорытынды
Ой толғаныс сатысы
Әрбір топ мүшелеріне математикалық диктант оқылады.
Топ мүшелері кезек-кезек тақтада орындайды.
Керемет!
Тамаша!
Үйге тапсырма
Оқулықтың 55 бет, 4(а)
Бағалау
Сабақтан алған әсерлерін бағалау пирамидасы бойынша бағалауын өтінемін.
Ауызша мадақтаймын.
Топ басшылары бағалайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша өзара бағалайды.
Сабақтан алған көңіл күйлерін бағалау пирамидасы арқылы бағалайды.