- Учителю
- 'Әжем және мен' (тәрбиелік шара) 1 сынып
'Әжем және мен' (тәрбиелік шара) 1 сынып
«Әжем және мен" сайысы.
Сайыстың мақсаты: Әжелер мен немерелерін сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтың өнерден танымын анықтау.
Көрнекіліктер: слайдтар, құрал-жабдықтар.
Слайд 1.
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Слайд 2
«Ата мұраң - асыл қазынаң»
Слайд 3
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер.
1. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл - гүл жайнап біздің, мына төрімізге.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар!
«Әжем және мен » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайын...
Мектебімізде, бүгін болар сайыстың,
Сөзге жүйрік, жыршы бетін ашады.
(домбырамаен жыр орындалады)
- Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы - үй базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі сайысқа 4 қыз әжесімен қатысқалы тұр. Олар:Ебрай Жанеркем, Пангерей Ақжібек, Бекжан Гулжайнар, Кдыргалиева Толганай әжесімен
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1.Кәне, кел танысайық! (таныстыру)
2. Өнерлі өрге жүзер
3. Әжелер билейді
4. «Үй шаруасын қарастырайық»
5.Кім тапқыр?
6.Сұлу қыздар
1бөлім
. «Танысу кезеңі» (Әжесі мен немересі өздерін таныстырады)
2 бөлім "Өнерлі өрге жүзер"
(Әжесі мен немересі өз өнерлерін бірігіп көрсетеді.)
Әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді. Қойылымнан көрініс. Ән орындалады, би биленеді.
Музыкалық үзіліс.
3 бөлім "Әжелер билейді"
(Бұл турда берілген әуенге әр әже сәйкес қимылдап билеуі керек.)
4бөлім "Үй шаруасын қарастырайық"
(Бұл турда әжелерге үй шаруасына байланысты сұрақтар қойылады.)
5 бөлім "Кім тапқыр?"
(Әжесі немересіне берілген суретті ыммен түсіндіреді, немересі оның не нәрсе екенін табуы керек?)
6 бөлім
қыздар (Әжесі өзіне берілген материалдардан сол жерде қызына киім дайындап, кигізеді.)
Сайыс соңында әділ - қазылар алқасы сөз алып, қорытындылайды. Мақтау қағаздарымен марапатталады.