- Учителю
- «Ұлттық киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері» ашық сабақ
«Ұлттық киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері» ашық сабақ
«Манашы орта мектебі» ММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Ұлттық киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері»
Дайындаған: Нугманова Қоңырау
2015 - 2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық киімдері, олардың ерекшеліктері туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Қазақтың ұлттық киімдері арқылы оқушылардың ішкі түсініктерін дамыту. Ұлттық киім арқылы өнерге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлт, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, туған елге , жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің алыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түсті қағаз, альбом, акварел, қарындаш, суреттер (киім үлгілері).
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, музыка, Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, құрал - жабдықтарын түгендеп, сабаққа әзірлеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Адам өміріндегі киімнің рөлі:
-
Тас дәуірінде адамдар қандай киім киген?
-
Олар киімдерді немен тіккен?
-
Олар мойнына неден алқа жасаған?
-
16 - 18 ғасырларда тағы қандай киім киген?
-
18 ғасырда әйелдер мен ер адамдар шаштарын немен майлап сәндеді?
-
Кейіннен қандай маталардан киімдер тігіп, тоқып киді?
-
Сән үлгілерін қалай көрсетеді?
-
Олардың киімінің салмағы қанша килограмм еді?
-
Олардың сән киімдерімен жұмыс жасауға икемі бар ма?
-
Соңғы уақыттарда заман талабына сай адамдар оқу орындарына және жұмыс орындарына қандай киімдер киетін болды?
3. Жаңа сабақ: Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Балалар бүгін сабағымызды топтық түрде алып барамыз. Сабағымыздың тақырыбы: «Ұлттық киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері.»
Күнделікті өмірде еліміздің тұрғындары дүниежүзіндегі халықтар секілді жеңіл әрі ыңғайлы киімдер киеді. Алайда, көз тартар әсемдігін қазақ ұлттық киімдері сан ғасырдан бері маңызын жоғалтпай келеді. Қысы суық, жазы ыстық ауа - райына байланысты түрліше киінген. Мысалы, қалпақ тымақ, бөрік кимешек, сәукеле. Бөрік - жеткіншіктерден бастап ересек адамдарға дейін киетін бас киім.
Қазақ халқы бас киімді аса қадір тұтқан. Қасиетті бас киімді айырбастауға, аяқ астына тастауға болмайды.
Тымақтың бірнеше түрі бар. Соның бірі ең бағалы - түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен немесе басқа асыл маталармен сырылады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай үшкіл киізден құралып шошақ болып келеді.
Қалпақ
Қарапайым адамдар ақ киізден тігілген қою түсті ою - өрнек салынған бас киім - қалпақ киген. Қыста жылы, ал жазда күннің шыжыған ыстығынан қорғайды.
Тақия
Тақияның бірнеше түрі бар. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол тақия биіктігі 10 - 15 см ұзындықта дөңгеленіп тігілген жалпақ төбесіне үкі тағатын, ал жиегіне ою - өрнек түрлі асыл тастармен тігіледі.
Кимешек
Қазақ әйелдерінің ұлттық бас киімі - киешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Бет жағы ойылып, қалған бөлігі иық, кеуде, жоны жабатындай тұйық етіп жасалынады. Ойықтың екі жағы кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді.
Сәукеле
Сәукеле - ұзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптың киімі. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Өн бойы алтын, күміс сияқты қымбат металлдармен өрнектеліп, маржан, гауһар сияқты асыл тастармен безендіріледі. Екі жағына моншақтап, салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Сәукеле - бағасы қымбат жүз жылқыға дейін барабар болған.
Оқалы кимеше, зерлі шапан үлкен кісілер қымбат матадан жаға жең өңіріне зер салып, арқа мен ет, жең оңалы жіппен өрнектеліп тігіледі. Арқасына дөңгелек күн тәріздес өң бойындағы өрнек өсімдік тектес оюлар саналады. Ертеректе мұндай шапандарды хан - сұлтандар киетін болған. Қазір біздің ата - әкелеріміз де киеді. Ішкі сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен қымбат бағалы аң терісінен жүнін ішке қаратып тігілетін сырт киім сеңсең ішік әжелеріміз киеді. Той мерекеге көкірекше - жиденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз жеңіл киім. Оның өңірімен етегі өрнектеліп, кестеленеді. Қыз балалардың көкірекшесінде теңгелер, маржан сияқты әшекей заттар қадалады. Ыңғайлы, ықшам көкірекшені көбінесе балалар жейденің көйлек сыртынан киеді.
Қос етек көйлек
Асыл - жібек матадан тігіледі. Тік жаға кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан «қос етек көйлек» делінеді.
Камзол. Шапанға қарағанда ықшам қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келген әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектерден кестеленіп өрнектеледі.
Кебіс мәсі. Мәсі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киіледі.
Жаңа тақырыпты бекіту:
Сергіту сәті: Қызыл - жасыл қарасаң,
Қолға кезек аласың.
Қарындашпен әртүрлі
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі
Міне қандай көп еді,
Ұштай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек төгеді.
Қорытынды:
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру. Ұлттық киім. Қазатың ұлттық киімдері.