- Учителю
- Есім сабақ оқуды қалай үйренді?
Есім сабақ оқуды қалай үйренді?
Күні: 12.02.16.
Әдіскер: Жахметова Б.К.
Сабақтың тақырыбы: Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыны Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Пәнді, мұғалімді, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
б) Психологиялық дайындық:
-Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойында.
-Жарайсыңдар, балалар!
Үй тапсырмасын сұрау:
-Балалар өткен сабақта біз Үлек тақырыбының өттік.Қане, үй жұмысын кім айтады?
Оқушылардын түсінгендерін сұрау.
Сұрақтар:
-Үлек дегеніміз не?
- Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
-Балалар неден, неге қатты қорықты?
-Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
-Портрет дегеніміз не?
-Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын барлығың жақсы орындар келіпсіңдер.Олай болса біз жаңа сабағымызды бастайық.
Жаңа сабақ
-Балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімесі.Бұл әңгімеден Есім деген баланың сабақты қалай үйренгендігі туралы, атасының сөзі туралы біледі екенбіз.
Қабыш Жәркенов - 1933 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Түркістанда туған. Сонда педагогикалық училище бітірген. 1955 жылы атамекеніне қайтып оралады. ҚазМУ-дің филология факулътетін бітірген (1963). Көп жылдар бойы ауылда ұстаздық қызмет еткен.
Балаларға арналған «Мінезді аға», «Айналайын», «Көңілді жаз», т.б. басқа да кітаптары, «Мүға-лімдер» атты романы шықты (1999</<font color="#000000">).
Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып тізбектей оқу.
Мәтін бойынша сұрақтар:
-Ақсақ Темір туралы атасы қандай аңыз айтады?
-Есім мұғалімге не үшін барады?
-Мұғалім Есімге не деп айтады?
-Есім дәптеріне не жазды?
-Әліпбай мұғалім мен атасының қандай сөзі рас болды?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Белге қолды қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш қана отырамыз.
Дәптермен жұмыс.
Ақпанның оны екісі.
Есім сабақ оқуды қалай үйренді.
-Мына жоспарды мәтін мазмұнына сәйкестеп жаз.
1.Есімнің мұғалім болып «ойнауы».
2.Ақсақ Темір туралы аңыз.
3.Есімнің кітабын қолтықтап Әліпбай мұғалімге келуі.
-Мәтін бойынша бес сұрақ құрастыр.
Қорытынды.
-Бүгін не жайлы өттік?
-Сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қалай?
Үйге тапсырма: Есім сабақ оқуды қалай үйренді мәтінін түсініп оқу, мазмұндау.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Мұғалім:
Баға: