7


  • Учителю
  • 100 көлеміндегі сандарды оқыту

100 көлеміндегі сандарды оқыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Математиканың теориялық негіздері

Топ: ______­­­­___ Уақыты: ______



Сабақтың тақырыбы: Жиындардың декарттық көбейтіндісі. Графигі

Сабақтың мақсаты: Жиындардың декарттық көбейтіндісі туралы түсінік беру, жиындарды декарттық координаталар жазықтығында кескіндеу тәсілдерін үйрету.

Міндеттері:

Білімділік:Жиындардың декарттық көбейтіндісі туралы түсінік беру, жиындарды декарттық координаталар жазықтығында кескіндеуге үйрету;

Дамытушылық: жиын ұғымы, оның түрлері, қолданылатын амалдар туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: тапсырманы түсіндіре отырып орындату арқылы математикалық тілде сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Әдісі, тәсілі: түсіндіру, дедуктивті, индуктивті, иллюстративті

Технология: ақпараттық-коммуникациялық технология (презентациялық технология)

Бақылау түрі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: презентация, тірек-сызба

Пәнаралық байланыс: Математиканы оқыту әдістемесі.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Л.П.Стойлова, А.М.Пышкало «Основы начального курса математики»;

2. Ө.Ш.Төлегенов «Математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері», 37 - 43 беттер.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі -3 мин.

  2. Сабақ мақсатын қою - 2 мин.

  3. Үй жұмысын тексеру - 5 мин

  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 17 мин.

  5. Жаттығу жұмыстарын орындау - 10 мин.

  6. Бекіту - 5 мин.

  7. Сабақты қорытындылау, бағалау және үй жұмысына нұсқау беру - 3мин.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Топты түгендеу;

  • Сабақ жоспарымен таныстыру;

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

а) Өткен тақырып бойынша тексеру сұрақтарын қою:

- Тең жиындар деп қандай жиындарды айтамыз?

- Бос жиын деп қандай жиынды айтады?

- Ішкі жиын деп қандай жиынды айтады?

- Меншікті ішкі жиын деп қандай жиынды айтады?

  • Жиындардың қилысуын анықта.

  • Қилысудың қандай қасиеттері бар?

  • Жиындардың бірігуін анықты.

  • Бірігудің қандац қасиеттері бар?

ә)Жаттығу жұмыстарын тексеру №5,6, 37 - бет;.



ІІІ. Жаңа тақырып материалы:

Анықтама. А және В жиындарының декарттық көбейтіндісі деп, бірінші компоненті А жиынынан, ал екінші компоненті В жиынынан алынған реттелген парларды айтады.

Белгіленуі: А х В

Анықтама бойынша, А В =х; у х А у  В.



Жиындардың декарттық көбейтіндісі ауыстырымдылық және терімділік заңдарына бағынбайды. Яғни, АхВ = ВхА және Ах(ВхС) = (АхВ)хС

Жиындардың декарттық көбейтіндісі үшін бірігу амалына байланысты үлестірімділік заңы орындалады: (АВ)хС=(АхС)(ВхС)



Жиындардың декарттық көбейтіндісін кесте түрінде жазу ыңғайлы:

Мысалы: A={1,2,3}, B={5,6}

АхВ = {(1,5), (1,6), (2,5), (2,6), (3,5), (3,6)}



Өзара перпендикульяр орналасқан бір нүктеде қилысатын Ох және Оу түзулерін координата жазықтығы деп атайды.

Тік бұрышты координата жазықтығының әрбір нүктесіне бір ғана нақты сандар пары сәйкес келеді және керісінше.

Тік бұрышты координаттар жүйесін математикаға алғаш енгізген француз ғалымы Рене Декарт (1596 - 1650 жж.) болған. Осы кісінің құрметіне координаттар жазықтығын декарттық координаттық жазықтық деп атайды.

1 - мысал. A = {1,2,3}, B = {3,5}

AxB = {(1,3), (1,5), (2,3), (2,5), (3,3), (3,5)}

100 көлеміндегі сандарды оқыту









2 - мысал. A = {1,2,3}, B = [3,5]

Мұнда В жиынының элементтер саны шексіз. Сондықтан әрбір пардың бірінші компоненттері 1,2,3 сандары боладыда, екінші компоненттері [3,5] аралығындағы нақты сандар болады.

100 көлеміндегі сандарды оқыту

100 көлеміндегі сандарды оқыту100 көлеміндегі сандарды оқыту100 көлеміндегі сандарды оқыту





3100 көлеміндегі сандарды оқыту - мысал. A = [1,3], B = [3,5]. А х В декарттық клөбейтіндісі шаршы болады.



100 көлеміндегі сандарды оқыту





4 - мысал. A = R, B = [3,5]. А х В декарттық клөбейтіндісінде абсциса осінің барлық нүктелері енеді, ал ордината осінде [3,5] кесіндісінің аралығы енеді.

100 көлеміндегі сандарды оқыту



100 көлеміндегі сандарды оқыту





5 - мысал. A = R, B = R. А х В декарттық клөбейтіндісінде координата жазықтығының барлық нүктелері енеді.

100 көлеміндегі сандарды оқыту100 көлеміндегі сандарды оқыту







100 көлеміндегі сандарды оқыту



Бекіту сұрақтары:

  • Жиындардың декарттық көбейтіндісі дегеніміз не?

  • Жиындардың декарттық көбейтіндісі қалай белгіленеді?

  • Кортеж дегеніміз не?

  • Координаттық түзу дегеніміз не?

  • Координата жазықтығын ең алғаш математикаға кім еңгізген?

Бекіту жаттығулары:

№1,2,4,5,8, 51 - бет, №1,2,4,5,6, 62 - бет.

Қорытындылау.

- Бүгінгі тақырып бойынша түсінбеген жерлері болса сұрау;

- Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау;

VI. Үйге тапсырма беру:

1. Дәрісті оқу

2. Жаттығу жұмыстарын орындау: №3, 7, 9, 10, 51 - бет; №5, 62 - бет.



































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал