- Учителю
- Әдебиеттік оқу Көк кептер (2 сынып)
Әдебиеттік оқу Көк кептер (2 сынып)
Сабақтың тақырыбы: М.Гумеров. Көк кептер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, мәтінді талдауға үйрету. Мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу;
Дамытушылық: сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін дамыту. Құстар және табиғат жөніндегі танымдық білімді толықтыру;
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасап, күтуге, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша әңгіме, оқулықпен жұмыс, проблемалық сұрақ-тапсырма.
Көрнекілік: кептердің суреті, сөзжұмбақ 9 құс, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
ІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
-
Балалар, қай көл өз арнасынан төмен түсіп, экологиялық зардап шегіп отыр?
-
Балқаш
-
Біз өз сыныбымыздың ішінен осы Балқаш көліне байланысты қайырымдылық іс-шара ұйымдастырайық.
-
Сендер өздерің бір-бір тамшы болса да өз үлестеріңді қоса аласыңдар.
-
Көлдің сәні не?
-
Құстар
-
Ендеше, мына «9 құстың атын тап».
ІІІ. Оқушыларды жаңа материалды саналы және белсенді игеруге даярлау.
Жұмбақ - сурет «9 құс» сөзжұмбағын шешіп көрейік. Сөзжұмбақтың әрбір сөзін дұрыс тапқан оқушы, тамшы болып Балқаш көліне өз үлесн қосады.
-
Үй 0 0 0 (үйрек)
-
0 0 0 0 0 шін (көгершін)
-
0 0 0 кіт (бүркіт)
-
0 0 кек (көкек)
-
Ит 0 0 0 0 (ителгі)
-
0 0 0 0 лақ (жапалақ)
-
0 0 0 торғай (бозторғай)
-
Бәбі 0 0 0 (бәбісек)
-
0 0 0 қазан (бірқазан)
-
сонымен қатар, әрбір тамшының артында әріп жасырынған.
-
Балалар, тамшылардың артынан қандай сөз шықты? («Көк кептер»)
ІV. Жаңа білімді меңгерту.
-
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көк кептер».
-
Енді мына суретке назар аударыңдар, кептер жерде қанатын сабалап, тыпырлап ұша алмай жатыр. Кептер осындай жағдайға қалай душар болды деп ойлайсыңдар?
Кептер - кептертәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең таралған Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептер (4 түрі) бар. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында - көгершін деп атайды.
Машқар Гумеров - 1927 жылы 11 қарашада Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған. 1937 жылы үй-ішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады. 1957-1977</ жылдары «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарды.
V. Оқулықпен жұмыс.
Машқар Гумеров. «Көк кептер»
-
мәтінді оқушылардың оқуы
-
сөздік жұмысы
-
Мәтін не жайлы?
-
Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
-
Мәтіндегі оқиғаны талдау.
Не істеді?
Сенің пікірің
Көрші әйел - Зияда апай
...
...
Нүсіпбекке болысты.
...
...
Нүсіпбекті жамандыққа қимады.
...
...
Дәптермен жұмыс.
VІ. Оқушылардың жаңа материалды түсінгенін тексеру
-
Нүсіпбектің орнында сен болсаң қайтер едің? Аймағанның орнында болсаң ше?
-
Шала-жансар көк кептерді қалай өлімнен құтқарып қалуға болады?
-
Нүсіпбек пен Аймаған арасындағы достыққа өз көзқарасыңды білдір.
VІІ. Жаңа материалды бекіту кезеңі.
-
Кейіпкерлерге (Нүсіпбек пен Аймағанға) мінездеме бер.
Екеуіне ортақ қасиет
Аймаған
-
Нүсіпбек пен Аймағанға ұқсайтын балаларға сендер қандай ақыл бересіңдер?
-
Мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы.
VІІ. Үйге тапсырма: Көк кептер оқу, мазмұндау.
VІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.