7


  • Учителю
  • Урок на тему: 'Апамның астауы'

Урок на тему: 'Апамның астауы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: №53 орта мектебінің бастауыш сынып мұғаліміТаттибекова Алия МырзабекқызыныңАна тілі пәнінен «Апамның астауы» тақырыбына 4-ші сыныпқа арнап жазғанқысқа мерзімді сабақ жоспары.Мақсаты: Ынтымақтастық оқу арқылы ақпаратты игеруді,бұған дейінгі меңгерген білімдерімен ба
предварительный просмотр материала


№53 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Таттибекова Алия Мырзабекқызының

Ана тілі пәнінен «Апамның астауы» тақырыбына 4-ші сыныпқа арнап жазған

қысқа мерзімді сабақ жоспары.


Мақсаты: Ынтымақтастық оқу арқылы ақпаратты игеруді,бұған дейінгі меңгерген білімдерімен байланыстыра отырып, оқуды үйретеді.

Табыс критерийі: Топтық жұмыс барысында көшбасшы балалар анықталады, өз ойларын анық жеткізе білуге үйренеді.Байқампаздығы, көңіл аударушылығы, елес, қиялы, еркі, алдына мақсат қоюы, оған жетуге талпынысы ұлғаяды. Ойланады, салыстырады, табады,талқылайды, ізденеді, жеке, топпен жұмыс жасағанда өз ойларын ашық айтуға, өзінің, басқалардың іс-әрекетін бағалауға үйренеді.


Апта 24

Күні 5.03

Сынып 4 а

Сабақ № 3

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы.Оралхан Бөкей.Апамның астауы.

Сілтеме:Б.Т. Қабатай, С.Р. Рахметова,Т.Әбдікерімова. Р.Базарбекова.


Жалпы мақсаты

Автор жайлы, еңбегі жайлы деректермен танысады.Мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға үйренеді. Туған жер, ана тілі туралы өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіріп, кеңейтеді.Апаның беретін тәрбиесі, еңбегі,немеренің апаға деген сүйіспеншілігі жайлы қосымша түсінік алуға мүмкіндік алады.Сөздік қоры молаяды.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Күтілетін нәтижелер

Ізденуге деген қызығушылықтарының оянуына жағдай туғыза отырып, шығармашылық қабылеттерін дамытады. Өз бетінше берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді.Сөздік қорлары дамиды.Туған тілге, апаға деген сүйіспеншілігі артады.Мәтінді түсініп оқып, негізгі идеясын түсінеді.Топтық жұмысты пайдалану кезінде, көшбасшы балалар анықталады.


Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Қолданылатын

модульдер

  1. Сын тұрғысынан ойлау

  2. Акт пайдалану

  3. Бағалау

  4. Көшбасшылық

  5. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану

  6. Дарынды, талантты балаларды оқыту

  7. Жас ерекшелігіне сай оқыту

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі.

Қолданылатын құралдар А4 форматты ақ қағаз, түрлі түсті маркерлер, суреттер ;

Қолданылатын техникалық қүрал Компьютер, процессор, интер-белсенді тақта



Сабақта туындаған негізгі идеялар

Әр сабақта балалар өз ойларын анық айтып, сауатты жазуга үйренеді.Сыни ойлауы қалыптасады.Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабылеттері артады. Сөздік қорлары молайып, мақал -мәтелдерді естеріне түсіріп, жаттаған мақалдарын орынды пайдалануға үйрене бастайды.

Тапсырмалар

wікі

беттерінен

жүктелген

дереккөздер

  1. «Бірлік»тренингі

  2. «Атаулар жайлы үш сұрақ» тәсілі

  3. «Ойлан, топтас, талқыла» әдісі

  4. «Үзінді.Дәлел.Проблемалық сұрақ. Сұрақ-жауап»

  5. Ой қозғау, РАФТ әдістері

  6. Бағалау. «Табыс ағашы», «Сиқырлы сызғыш», «Бағдаршам»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі


«Бірлік»тренинг ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады

Оқушыларды топқа бөлу

«Алтын ережені» қайталайды.

Мақсаттар мен күтілетін нәтижені айқындау жұмысы.


«Бірлік» тренингіне қатысып,ойы шоғырланады, ұйымшылдыққа бағытталады..

Күн жарығын алақаныма саламын.

Жүрегіме басып, ұстай қаламын

Сыныбым жарық,достарым мейірімді,

Шуағына толып кетер жан-жағым.

1,2,3,

Сыныбымыз тыныш.

Сабақты біз бастаймыз,
Жалқаулықты тастаймыз.


Сабақ барысында орындалатын тапсырмалармен,оны бағалау түрлерімен танысады.


Мұғалімнің іс-әрекеті

А оқушылар

В оқушылар

С оқушылар

Үй тапсырмасын сұрау

Ғафу Қайырбековтың«Ана тілі» өлеңіне байланысты үй тапсырмасын сұрау. А, В, С критерийлері бойынша дайындықтарын бағалау.

«Бағдаршам»бойынша бағалау жүргізіледі.

Сұрақ-жауап.

Әр топ келесі топқа проблемалық сұрақтар дайындап, сұрақ қояды.Келесі топ жауап береді.Үйге берілген өлең мазмұны бойынша т.б.

1-сұрақ.Өлеңнің соңғы шумағынан қандай қортынды шығаруға болады?

2-сұрақ,Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді?

В,С критерийлері бойынша бағалау.

2-тапсырма. Жазып келген шығарма , эсселерін оқиды.

3 тапсырма. Постерлерін таныстырады.

4-тапсырма.Авторға жазған хаттарын оқиды.

5-тапсырма. Шығарған өлеңдерін оқып, таныстырады.

Жоспар, топтастыру, авторға хат, мақал-мәтел жазу, өлең шығару т.б


Сұраққа тұжырым жасай отырып жауап береді.

1-тапсырма.А критерийі бойынша бағалау.Өлеңді мәнерлеп оқиды.Құрған жоспарлармен таныстырады. Мақал-мәтел айтады

1-2 сөйлеммен жауап береді.

1-тапсырма.А критерийі бойынша бағалау.Өлеңді мәнерлеп оқиды. Мақал-мәтел айтады.


Оқулықтағы өлең шумақтарына сүйене отырып жауап беруге талпынады.

Сергіту

«Шырша» биіне қосылып, билейік.


Көзге, қолға, белге, аяққа арналған би жаттығуларын қайталайды.

Экранда көрсетілген бейнефильмдегі қимыл-қозғалысты қайталайды.

Сыныптастарының қозғалысына қарайды.

Қызығушылықты ояту

«Атаулар жайлы үш сұрақ»тәсілі

Слайдтан астау, келінің суретін көрсетіп сұраймын.

1.Қайда?Бұл сөзді қандай жағдайда кездестірдің?

2.Өз тәжірибеңде осы атауларды қолданудың мысалын келтіре аласың ба?

3.Қандай?Осы сабақта осы атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

Бұл сөздерді өз білетіндерімен байланыстырып, жауап береді.

Астау, келі сөздері жайлы білетіндерін айтады.

.

Сергіту.

«Шырша» биіне қосылып, билейік.

Көзге, қолға, белге, аяққа арналған би жаттығуларын қайталайды.

Экранда көрсетілген бейнефильмдегі қимыл-қозғалысты қайталайды.


Жаңа тақырыпты түсіндіру


Сөздікпен жұмыс.Суретін көрсетіп, түсіндіремін.Келі-тары, бидай, т.б дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал.Астау-ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс.

Мінездеу туралы айтып түсіндіру.

Таныстырылым.

Автормен, оның еңбектерімен таныстырамын.

.

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысады. Түсініксіз сөздері айтылып,сөздікпен жұмыс жасалады.Сөз мағынасы түсіндіріледі.


Оралхан Бөкей жайлы деректермен танысады.

Сергіту

Ән ырғағымен би қимылдарын жасау.

Интер-белсенді тақтадан көрсетілген қимыл- қозғалысты әуенімен орындап қайталайды.

Оқулықпен

Жұмыс.

Мағынаны тану

1-тапсырма.Мәтінді өз беттерінше оқуға тапсырма беріледі.Әр топқа мәтіннен үзінді таратылады.

2-тапсырма. Берілген үзіндінің мазмұнын түсінуге, оны кезектесіп айтуға тапсырма беремін

3-тапсырма.Қатесіз оқу.Кезектесіп оқуға тапсырма берілгенде сауатты, мәнерлеп оқуын басқа топ бағалайды.

Мәтінмен жұмыс жасайды.

Өз бетінше оқып, кезектесіп әңгімелейді.

Мәтінге жоспар құрады.

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Қортынды.

«Білу мен түсіну»

Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?

Сұрақтар арқылы не түсінгендерін байқау.Әр топ өзіне дайындалған сүрақтардан сұрақ алып, бірге ойланып ауызша жауап береді.


1-топ.Неліктен Оралхан Бөкей апасының қолында өсті?

Себебі әке-шешесі:::... ......, ...... ...... мал соңында жүретін.

2-топ.Неліктен олар жаз шыға бере апасына еріп тоғайға барады?

Себебі олар ..... ..... .

3-топ.Неліктен мал сойған үйдің тәттісі оның аузында болды?

Өйткені ол апасының ...... жабысып,..... ...... бүлкектеп .....

құлындай еріп ержетті.

4-топ.Неліктен апасының астауын ескі дейді? Өйткені,Осы келі мен астау, тіпті жасы жөнінен .... де ...... еді.

«Қолдану».

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазады.Топтық жұмыс.


Ана жайлы мақал-мәтел білеміз бе?

1.Әке -шешесі қиыр жайлап, шет қонып ..... ...... жүретін.

2...... ....... ғана болмаса, бет жүзін үнемі көре бермейтінбіз.

3...... ..... шатырланбаған тоқал тамда тұратынбыз.

4.... .... жасыма дейін апамның қойнына жаттым.

Мақалдар айтады.

Ой қозғау.

«Талдау».

Салыстыр.Айырмашылығы неде, ұқсастығы неде?

Оралхан.Менің апам.

Бөкейдің апасы.

Түсіндіруі керек.

«Жинақтау»

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша топтастыру жасайды.


«Үзінді»

Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып оқы.

«Дәлел»

Әңгіме неліктен «Апамның астауы»деп аталған?

«Проблемалық сұрақ»

Оралханның апасы мен сенің апаңның айырмашылығы қандай?

«Сұраққа жауап»


1.Оралханның апасы.Қандай?

2.Қызыққа толы балалық шақ.

3.Апасының еңбегі.

4.РАФТ


Үзіндіні тауып оқиды.

Өйткені,....деп бастап дәлелдеуі керек.


Сұраққа жауап береді.

Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс.

1-топ.Әркім өз апасына мінездеу жазады.

2-топ.Оралханның ауылының суретін салады.

3-топ.Автор жайлы деректер жинау.

4-топ.Өз апасына хат жазу.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бекіту тапсырмалары

2.Әңгіме -дебат.Апа тәрбиесінде болудың пайдасы,зияны.


Әр топ өздеріне берілген тапсырманы топтасып орындайды.

«Бағалау»

Үй жұмысы.А,В, С критерийлері бойынша бағаланады.Бір-бірін «Бағдаршам»арқылы бағалайды.

2.Жаңа сабақ.

Топ басшысы бағалау парағы арқылы балалардың жұмысқа қатысуын бағалап, қортындысын айтады.

Топ жұмысы бағаланып, топ белсенділігі анықталады.

Кері байланыс.» «Қалай түсіндім?» «Табыс ағашына» өз білімін алмамен, жапырақпен, гүлмен бағалап ілуі (біреуін таңдайды)

Топта кім белсенді болғанын өздері айтып, көшбасшы балалар анықталады.

Өз-өзін бағалайды.

Сабақты талдау

Мұғалімнің рефлексиясы

А оқушылардың іс-әрекеті

В оқушылардың іс-әрекеті

С оқушылардың іс-әрекеті


Оқулықпен

Жұмыс.

Мағынаны тану

1-тапсырма.Мәтінді өз беттерінше оқуға тапсырма берілді.Әр топқа мәтіннен үзінді таратылды.

2-тапсырма. Берілген үзіндінің мазмұнын түсінуге, оны кезектесіп айтуға тапсырма берілді

3-тапсырма.Қатесіз оқу.Кезектесіп оқуға тапсырма берілгенде сауатты, мәнерлеп оқуын басқа топ бағалады



«Білу мен түсіну»


Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?

Сұрақтар арқылы не түсінгендерін байқау.Әр топ өзіне дайындалған сүрақтардан сұрақ алып, бірге ойланып ауызша жауап берді.




«Қолдану».

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазды.Топтық жұмыс.



Ой қозғау.

«Талдау».

Салыстыр.Айырмашылығы неде, ұқсастығы неде?

Оралхан.Менің апам.

Бөкейдің апасы.



«Жинақтау»

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша топтастыру жасады.


«Үзінді»

Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып оқыды

«Дәлел»

Әңгіме неліктен «Апамның астауы»деп аталған?

«Проблемалық сұрақ»

Оралханның апасы мен сенің апаңның айырмашылығы қандай?

«Сұраққа жауап» Мәтінде кездескен жер су аттары қандай, олар жайлы не білесің?






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал