- Учителю
- Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)
Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Озерный орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Бельгубаева С.Б.
Сабақтың тақырыбы: Су - еріткіш
Тәжірибелік жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру; қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың ерімейтінін анықтау.
Дамытушылық: Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру; сөздік қорын байыту; логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыстар,
СТО стратегиялары.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, тәжірибелік жұмысқа қолданатын заттар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Қанеки, балалар, қол ұстасып, шеңбер құрып тұра қалайық та, мына өлең жолдарын бірге қайталап, табиғат - анамызбен амандасайық:
Армысың шапағатты күніміз, ( Қолдарын күнге
көтереді)
Армысың мейірімді жеріміз, ( Қолдарын жерге
жақындатады )
Армысың табиғат-анамыз, ( Бастарын иеді)
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз. ( Өздерін көрсетеді)
II. Тәжірибелер арқылы өткен сабақты қорыту.
1-тәжірибе. «Су - мөлдір».
Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су,
ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып,
қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін
бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт
тұрған ыдыстан қасық көрінбейді.
Су - мөлдір, ал сүт мөлдір емес
2-тәжірибе. «Суда дәм жоқ».
Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынды ішіп көру ұсынылады.
3-тәжірибе. «Судың иісі жоқ».
Балалар суды иіскеп көреді, судың иісі жоқ деп дәлелдейді.
Схеманы толтыру.
мөлдір
Су иіссіз
дәмсіз
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға логикалық тапсырма оқып бердім.
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, судан әрең өтіп келе жатқан екінші түйеге қулана қарады.
Ой қозғау.
-Неге? Қандай жағдай болды?
-Суда барлық заттар ери ме?
-Бұл жақсы ма, әлді жаман ба?
Мұғалімнің беретін түсінігі.
Табиғатта ешбір қосылысы жоқ таза су кездеспейді. Суға қант, тұз, т.б. заттар салып көріңдер. Олар еріп, көрінбей кетеді. Ішіндегі еріген затқа байланысты судың түсі, дәмі өзгереді.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген тәжірибелерді жасау. Қажетті заттар алдын ала дайындалып қойылады.
Тәжірибелердің қорытындысын ауызша айтқызу.
Кесте толтыру.
Жақсы ериді
Нашар ериді
Ерімейді
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық, оңға, солға бір қарап денемізді бұрайық.
Дәптермен жұмыс:
а) Су туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер жазу.
ә) «Бес жолды өлең» құрастыру.
Зат есім. Су.
Етістік. Ағады. Қоректендіреді.
Сын есім. Мөлдір, таза, иіссіз.
Сөйлем. Су - бұл тіршілік көзі.
б) «Су» тақырыбына эссе жазғызу.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Инсерт кестесін толтырамыз.
V - Не білемін?
? - Нені үйренгім келеді?
+ - Нені үйрендім.
V. Үйге тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау.
VI. Оқушылардың білімін бағалау.