- Учителю
- Кімнің мекені жақсы? 2 бөлім. Әдебиеттік оқу 2 сынып. Сабақ жоспары.
Кімнің мекені жақсы? 2 бөлім. Әдебиеттік оқу 2 сынып. Сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пәні: Әдебиеттік оқу 2 «А» сынып.
Күні:16.11.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты:
</<font size="3" style="font-size:13pt;">Білімділік:
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз ойын өз
сөзімен жеткізе білуге үйрету. Жаңа мысалды талқылау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қиялы
мен ойлау шеңберін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,әңгіме кейіпкерлерінің
суреттері.
Сабақтың типі: Өткен сабақты жалғастыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс.
Балалар бүгін біз осы мәтінді әрі қарай жалғастырамыз. 77-беттегі жаңылтпашты оқимыз.
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық.
- Шалшық дегеніміз - жиналып қалған су. Балшық - жаңбыр суы мен топырақтың араласқан қоймалжыңы. Ал шық - аяққа жабысқан балшықтан арылу, шық дегені.
- Осы жаңылтпаш оқыған мәтіннің қай кейіпкеріне қатысты?
- Көкқұтан жайлы не білесіңдер? (балалардың жауабы)
- Жақсы. Әрі қарай біздің үш кейіпкеріміз жүре берді. Содан кейін не болды екен?Оқимыз.
- Қазір енді мәтінді оқимыз. Түсініксіз сөздерді белгілейміз, артынан мағынасын түсіндіремін.
Сөздікпен жұмыс:
көз жеткісіз - шексіз созылып жатыр.
таңдайы кепті - шөлдеді.
көде - далалы жерде өсетін шөп.
үйіріліп - аспанды жапты.
жердің миы шығып - балшық.болды.
қамықты - уайымдады.
жарықшақ - жердің тілінген жерлері.
Қорытынды:
- Біздің кейіпкерлеріміз нелермен кездесті? (бозторғай, жауынқұрт)
- Бозторғайдың мекені қандай екен? (жазық дала)
- Ал жауынқұрттың ше? (жауыннан кейінгі батпақ жер)
- Ал сендерге осы айтылған мекендер ұнады ма? Неге? ( балалардың жауабы. )
Үй тапсырмасы: 77-78 бет оқу,мазмұндау.
Бағалау.