7


АШЫҚ САБАҚ 'ҚЫС'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:Қыс қызықтарыСабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені, кімді, кімдерді, қандай деген сұрақтарға нақты жауап беруге, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Кор
предварительный просмотр материала

Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы:Қыс қызықтары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені, кімді, кімдерді, қандай деген сұрақтарға нақты жауап беруге, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету.
Коррекциялық : Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелігі:Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сықырлауық, шаңғы, хоккей, коньки сөздерін сөздік қорларына енгізе отырып, ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балаларды жігерлендіру.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылардың оқу құралдарын шығартып,зейіндерін сабаққа аудару

-Амандасу

-Аппаратты ки

-Қалай естисің?

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қай сабақ?

-Қай мезгіл,ай?

-Кезекші кім?

Осы айдағы кезекші дыбыс қандай?

/С-Ш/

СА-СА-СА ША-ША-ША
СО-СО-СО ШО-ШО-ШО
СУ-СУ-СУ ШУ-ШУ-ШУ
СА-НА ША-НА
ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп,бекіту

Сырғанақта

ІІІ.Жаңа сабақ

Мұғалім: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады. Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді) Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
*Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл ай әрі суық, дүлей боранды.
Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз! Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.
Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
Балалар: Жаңа жыл!
Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан - Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар, мынау ненің суреті?
Балалар: Аққала
Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ Қар мұздай ма, жылы ма?
Балалар: Мұздай
Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады
Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар: Дөңгелек
Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.

Тіл ұстарту жаттығуын жаттап айту

Ыс-ыс-ыс

Келіп қалды қыс

Ша-ша-ша

Жап-жасыл шырша

Суреттердің орнына жазумен жазыңдар

Қыста қар жауады.

Қыста балалар шаңғы тебеді

Қыста балалар аққала жасайды.

Дидактикалық ойын:»Қыс мезгіліне не керек?

Ойынның мақсаты:Балаларды қысқа қажетті заттармен таныстыру.

Ойынның барысы:»Қыс» мезгілі суреттің жанына қатысты суреттерді іріктеп ілу.мысалы:шана,шаңғы т.б.



"Қайсысы артық" дидактикалық ойыны.


Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінін сұрау.

"Аққала" дидактикалық ойыны.


Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, толық ілу керек.

Оқу іс - әрекетін қорыту:
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?
- Қардан не жасаймыз?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?

Үйге тапсырма:сурет бойынша әңгімелеу
Бағалау


Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы(түзеу) мектеп-интернаты



Ашық сабақ



Тақырыбы:Қыс қызықтары

Пәні:тіл дамыту



Сыныбы:2,4-нашар еститін



Сынып жетекші:Карасаева Н.Т.

2014-2015оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал