7


  • Учителю
  • Әліппе 1- сынып Тақырыбы: 'Қайталау'

Әліппе 1- сынып Тақырыбы: 'Қайталау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 -Б Мерзімі: 15. 10. 15ж Мұғалім: Ермекбай Ш. С

Сынып: 1- Б

Пәні: Әліппе

Мерзімі: 15. 10. 15ж

Мұғалім: Ермекбай Ш. С

Сабақтың тақырыбы:

Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Өтілген дыбыс пен әріптерді меңгеру деңгейлерін анықтау. Өткен сабақтардан алған білімдерін практикада қолдануға дағдыландыру.

Оқытудың нәтижесі:

Өтілген әріптерді естеріне түсіреді. Жазу қабілеттерін анықтайды.

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Дереккөздер:

Оқулық,қима қағаздар, А3 қағазы, стикерлер, маркерлер, басбармақ, доп, киімдер үлгісі, сәйкестендіру кестесі

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин.

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жылы лебіз» тренингін өткіземін.

Оқу шылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтереді.

Топқа бөлу


2 мин.

Б, М, Қ, С әріптері арқылы топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.

Б, М, Қ, С әріптері атаулары 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді

Рефлексия


4 мин.

«Кір жаю» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын.

-Өткен сабақта қандай дыбысты өттік? С дыбысы мен әрпі туралы не білдіңдер?

-С дыбысынан келетін сөздер айт.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Әліпбиімізде неше әріп бар?

-Дауыссыз дыбыс деген не?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Жауап беріп,өз пікірлерін айтады.


Білу


6 мин.

«Ассосиация» әдісі: Әр топқа плакат тарқатып беремін


Әр топтан 1 оқушыдан шығару

Топпен ұйымдасып, өткен әріптерді еске түсіре отырып, постер дайындайды.



Постер қорғайды

Түсіну


3 мин.

Мини лекция. Өткен әріпдерді қайталай отырып, сөздік диктант жүргізу

Оқушылар зейін қойып тыңдап, дәптерлеріне сөздер жазады.

Қолдану




3 мин.

«Допты қағып ал да, тез жауап бер» допты әр оқушыға лақтырып отырып, кеспе сөздер көрсетемін.

Әр топтың оқушылары допты ұстап, сөздерді дауыстап оқиды.

Сергіту сәті

2 мин.

Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап алайық.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Алға қарай бір қадам,

Артқа қарай бір қадам.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



Оқушылар өлеңді қимылмен орындайды.

Талдау


5 мин.

Шығармашылық жұмыс. Әр топқа кеспе буындар таратып беремін.

Топпен буындардан сөздер құрап, дауыстап оқып береді.

Жинақтау




4 мин.

«Сәйкестендіру кестесі» кестені толтырту арқылы өткен сабақты қорытындылау

Ш орақ

Б мақта

С шана

О балапан

Д сағат

М долана



Берілген сәйкестендіру кестесін толтырып, сабақты қорытындылайды

Бағалау

2 мин.

Бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде өткенін «Басбармақ» әдісі арқылы формативті бағалау. Ойларын айтқызу

Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлыс ой бөліседі.

Сабақтан алған әсерлерін басбармақ арқылы сабақтың әр кезеңінен кейін көрсетіп отырады.

Үйге тапсырма

2 мин.

Қайталау.


Барлығы:

35 мин.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал