- Учителю
- Зерттеу жұмысы 'Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту'
Зерттеу жұмысы 'Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту'
Мұғалімнің жазбалары
Ұсыныстар
Зерттеу тақырыбына негіздеу
Іс-әрекетті зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып сыни ойлауға үйрету»
ХХІ ғасыр өркенниетің алға басуымен сипатталатын болса, ол әр адамның жаратушылық болмысының нәтижесі. Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Көптеген зерттеушілердің өркенниеттің өзін әр адамдағы шығармашылықтың болуымен байланыстыруы осыдан. Белгіленген шекарадан тыс ойлай алатын, мәселені шешудің өзіндік жаңаша жолын таба білетін, заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын тәуелсіз адам қазіргі заман талабы. Осы талаптар білім беру саласының алдына іргелі міндеттер жүктеп білім саласын арттырудың жаңа жолдарын іздеуге мәжбүрлеуде.
Осы орайда Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңында да - білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика негізінде және адамды қалыптастыруға, жағдайлар жасау екендігі атап көрсетілген. [2,7 бап]. Бұл міндет жалпы білім оның ішіндегі педагогикалық білімнің жаңа көкжиектерін анықтайды.
Шексіз көкжиекке еркін самғап, дамудың даңғыл жолына түсіп, саналы өзгеріске кіруіне мұғалімдер қауымына Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курстарының маңыздылығы зор.
Осы курстың 1-ай «Бетпе-бет» кезеңінің тыңдаушысы бола отырып, өзімнің бұрыңғы дағды, көзқарас ұстанымыма ой жүгіртіп, оқыту тәсілдерімді зерделей келе өзіме өзгерістің қажет екенін түсіндім. «Батпандап кірген ауру, мысқылдап шығады» демекші , аз уақыт ішінде жылдар бойы қалыптасқан дағдыны өзгерту, оңай болмайтынын іштей болжадым.Курстың бірінші күні тапсырманы өзімізге шешуге бергенде «Бұнысы қызық ғой , түсіндіріп айтып бермесе біз не істейтінімізді қайдан білеміз» -деген ой болса қазір тапсырма берсе топта бөлісіп, проблеманы шешу жолын жан-жақты қарастыра бастайтын болдық.
Бұның өзі біздің жаттанды санамызға сәлде болса өзгеріс кіріп, саналы түрде ойлауға мүмкіндік бергенінің дәлелі. Біз отбасы- ошақ қасы күйбің тірлікті ғана ойлап, басқаның бәрін біздер үшін ойланатын адамдарға тапсырып, өзіміз солардан түскен бұйрық орындаушы «машина» болғанымызға таңым бар. Осы бағдарламада , ойлана білетін, оны өзі шешетін, қоғамда өзіндік «үні» бар еркін, тәуелсіз ұрпақтың қалыптасуына ықпалын тигізер деп ойлаймын.
Менің өзгеруіме, алдымдағы болашақтың санасы тәуелді. Осындай жауапкершілікті сезіне тұрып іс-тәжірибе, ой сананды өзгертпеу мүмкін емес.
Бұның өзі мұғалімнен үлкен құзыреттілікті талап етеді. Осы алған дағдымды дамытып мектептегі тәжірибеде жүргізген іс шараларым оқушыларымның санасының айқын, ойының ұшқыр болып қалыптасуына сәл де болса бетбұрыс жасаса оның өзі жетістік деп ойлаймын. Бір сәт кейін шегініп өткен шолу жасадым.
Менің ұстаздық еткен көп жылғы тәжірибемді зерделеп көрсем біздің дәстүрлі білім беру саласында ескерілмей келген жайттар өте көп екен. Соның бірі оқушылардың жас ерекшелігін ескермеу және де ойлау деңгейіне шектеу қойып, баланың пікірімен санаспай оларды «құрал» ретінде қарау, илеуімізге көндіріп, жаттанды білім беру.
Дәстүрлі білім беруде ойлаудың жоғарғы деңгейінің іске қосылмауы оқушылардың білім алуға қызығушылығын қанағаттандыра алмай, Абай айтқан «Жанның құмарлығына» азық бола алмауы.
Мектеп табалдырығын аттаған кездегі жалындап тұрған «білсем екен» деген құмарлық Маслоудың қажеттілік иерархиясы бойынша дамуға қажет болса керісінше сынып ілгерлеген сайын төмендей берді.
Екінші деңгей бағдарламасы осы күрделі мәселенің шешімін тауып, ұстаздар қауымын әлемдік білімнің озық өзгерістерімен таныстыра отырып, өздерінің қалыптасқан көзқарастарын өзгерту, сол арқылы алдарындағы мыңдаған оқушылардың өзгеруіне қолдау көрсетеді.
Екінші деңгей бағдарламасы әлемдік білім беру тәжірибесінде орын алған мұғалімді мектептерге инновациялық қызметті "жеткізуші" деп қабылдайтын пікірмен астасады, оған оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруі себеп болып отыр.Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс.Инновацияларды енгізуге қатысты сұрақтардың бірі - тәжірибеде нені өзгерту керек және шынайы сыныпта жаңалықтарды жүзеге асыру болып табылады.[МАН14,86-б] Сондықтан да Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады.Мұғалімнің табысты жұмыс жасауының құпиясы - үздіксіз өсу және білім алуда.Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады.Мен іс-әрекеттегі зерттеуді бірінші " Бетпе-бет" кезеңіндегі алған білімімді қолданып және бағдарламаның негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып жүргіздім
Метасананы оқыту жолдарының бірі - өз ойын анық баяндауға үйрету, оны сабақты жоспарлау кезінде және сыныптағы пікірталастар кезінде ескеру болып табылады. Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін идеяларды тудыру барысында креативтілікке үнемі көңіл бөлінеді.Идеяларды өндіру сапасы мәселенің маңыздылығы балаларда өзін өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей береді. Бұл жаста өзін-өзі бағалауға ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің болжамдарын өндіру және зерделеу, сондай-ақ осындай бағалау өз идеяларын қайта қарау мүмкіндіктерін зерттейді [МАН 66-бет].Білім беруде интербелсенді әдістерді тұлғаның қалыптасу ерекшелігін ескере отырып тиімді қолдануға баса назар аударған жөн.!!Осы әдістердің оқушының білім алуына қаншалықты оң әсері болатынын практикада анықтау және жетілдіру. Оқушыларды кіші жастан топтық жұмыс жасауға үйрету. Мектебіміздегі ең негізгі мәселелердің бірі - тіл мәселесі, яғни өз ойын еркін жеткізе алмай қиналатын оқушылар бар. Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды. Жас ерекшелігіне сәйкес оқытуда топтық жұмыстың маңыздылығын зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл-ой дамуы мен оқудыға сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті.Сонымен қатар топтық жұмыстар оқушыларды еркіндікке, шынайылыққа , әділеттілікке, ынтымақтастыққа , жауапкершілікке , сенімділікке бейімдейді және ең бастысы олардың сабаққа қатысу белсенділігі артады
Сондықтан да іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады.Оқытушы кәсібінің табыстылығының құпиясы - үздіксіз өсу және білім алуда.Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады.Сонымен, іс-әрекетті зерттеу бұл- әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі. [МАН 86-бет]
Сол себептенде өзім сабақ беретін 1-сыныбымда «Жас ерекшелігін ескере отырып топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбын таңдадым.
Мақсатым: Жас ерекшеліктеріне сәйкес әрбір оқушының білім алуына көмек көрсету.
-
Кіші жастағы баланың сыни ойлау дағдысының қалыптасуына ықпал ету.
-
Топтық бірлескен жұмыс жасау дағдысының қалыптасуына ықпал ету.
Мектеп проблемасы: Оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдірудің тиімді жолдары мен әдістері. Бұл тақырыпты таңдауымның бірнеше себептері бар. Оқушының жас ерешелігіне сәйкес оқыту және оқуда сабақтарды балалар үшін қызықты, тартымды маңызды етуге бағыттау.
Міндетім:
6-7 жас оқушыларының жас еркешелігін ескере отырып топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; топтық жұмыстың ережесі болатынын біліп соған бағыну керектігін ұғындыру; оқушылардың не білетінің және оқушыларға тақырыпқа сәйкес қандай жаңа ақпаратты беру керектігімді анықтай отырып балалардың қызығушылығының артуына қолдау көрсету
Күтілетін нәтижесі:
-
Оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасауды, уақытпен санасуға икемделеді;
-
Ойларын ашық айтып, дәлелді сөйлеуге дағды қалыптастыруына ықпал етеді.
-
Ынтымақтастық қарым-қатынас орнауына әсер етеді;
-
Оқушылардың белсенділігінің артуына қолдау көрсетіледі ;
-
Мәселені бағалай сөйлеуге дағдылануына септігі тиеді.
-
Өз деңгейлерінде әділ бағалауды меңгеруіне ықпал етеді;
Өзгерісті еңгізуді сипаттау. Не өзгерді.
Зерттеуді бастарда қаншама жыл сабақ беріп жүрсемде, бұл жаңа дүние болған соң, күдікпен сенім қатар жүріп, қалай болар екен, неден бастасам, нені басты назарда ұстасам, сәтті бола ма, сәтсіз бола ма?- деген сұрақтар мазалады. Теориялық білім бір басқа оны нақты істе көрсету шеберлікті, ұстамдылықты, жинақылықты талап етеді. Жаңа дүние әр қашан
қиыншылықтарын, кедергілерін ала келетіні айдай анық. Мен іс-әрекеттегі зерттеуді бірінші " Бетпе-бет" кезеңіндегі алған білімімді қолданып және бағдарламаның негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып жүргіздім. Мұнда, «Мұғалімге арналған нұсқаулық» , А.Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару», С.Мирсеитова «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері» сынды көптеген әдебиеттерді оқумен қатар тренер Ғалым Бұлтұлының берген білімін ұштастыра білсем менің сабағымның сәтті, тиімді болтынынына сенімім артса да уақыттың тапшылығын ойлап мазам кетті.
Тізбектелген сабағымды оқытудың сындарлылық теориясына негіздей отырып, оқытудың жеті модуль элементтерін қолданып жоспарладым. Сыни ойлаудың стратегиялары оқушылар алған білімдерін ойлаудың жоғарғы деңгейінде жинақтап, бағалай білу.Диалогтік оқыту- Александер (2004ж): "Оқытудағы әңгімелесу - қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі, емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды" деп тұжырымдайды. Осы тұжырымға негіздей отырып ана тілі сабағында диалогтік оқыту әдісін қолдану негізінде оқушылардың ойы кеңейіп, оқу ынтасы артып, сөйлеу дағдысы мен сөйлеу мәдениетінің дамуы арқылы білім сапасы жақсаратына сенім артамын. Алайда, диалогтік оқыту әдісі мұғалімнің оқыту әдісі, мұғалімнің тиімді пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады. Зерттеуші - ғалым (Мерсер 2000ж) "Білімді бірлесіп алуда" немесе "пікір алмасу" оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында анықтай алады - делінген, яғни, оқушылардың тәуелсіз ойлануына , ой қорытуына, жүйелі байланыстырып сөйлеу дағдыларының қалыптасуына, сөйлеу мәдениетін меңгеруіне ықпал етеді. АКТ (электронды оқулық) визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына , кіші жас оқушыларының заманауи құрылғылардың мүмкіндіктерімен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттырады.
«Өзін-өзі бағалау», «Бірін-бірі бағалау» әдістері бойынша оқушыларды кіші жастан сыни ойлау, талдау жасап, қорытынды шешім шығара білу, оны сыныптастарына мойындата білуге дағдыландыру.Өзінің және қатарластарының қатесін тауып, оны жөндеуге тырысу.
Зерттеуге алған 1 «Ә» сыныпта 18 оқушы, 11 қыз, 7 ұл бар. Сыныпты мектепалды даярлық кезінен жетекшілік етемін. Осы сыныпты екі жыл жетекшілік етіп, оқушылардың жан-жақты даму деңгейін білсем де нақтылай
түсу үшін мектеп психологімен , өз бақылауымды пайдаландым. Оқушылардан сауалнама алып, социограмма жүргіздім. Түрлі фигуралады арқылы есте сақтау, зейінін анықтадық.
мектеп психологі Анастасия Ивановнамен сауалнама қорытындысын талдау сәтінен.
Сұрақтар
Әрқашан
Жиі
Кейде
А,В,С оқушы
А
В
С
А
В
С
А
В
С
Осы сыныпта оқу саған ұнай ма?
+
+
+
Сыныптастарыңның барлығымен араласасың ба?
+
+
+
Мұғалімге сенесің бе?
+
+
+
Сыныптастарыңа көмектесесің бе?
+
+
+
Олар саған көмектесе ме?
+
+
+
Саған сабақ оқу қызықты ма?
+
+
+
50
33
17
17
67
17
33
0
67
Социограмма арқылы сыныптағы көшбасшы оқушыны анықтап алдым. Ол- менің А оқушым, оқуда алғыр, сөздік қоры мол,алған білімі көбінде жаттауы басым, мысал келтіріп өмірмен байланыстыра алмайды, тапсырманы тез орындайды, бірбеткей, өзіндік «Мені» жоғары, көшбасшылық қабілеті басым, басқаларды мойындатуды жақсы көреді. Сыныпта аз баламен ғана тіл табысады. Басқалардың пікірімен санаса бермейді. «Жас мүсінші» үйірмесіне қатысады. Ермексаздан, сазбалшықтан мүсіндер соғуды ұнатады.
Мен бұл оқушымды сыни тұрғыдан ойлауға жетелей отырып біріккен іс әрекет барысында барлық оқушылармен ойын бөлісуге, қатарластарының пікірін тыңдап, санасуға, құрметпен қарауға ықпал жасаймын. В-оқушым А. сабақ үлгерімі жақсы, белсенділігі төмен, біліп тұрса да өздігінен сабақ айтуы өте қиын, өзіне сенімсіз, сыныптағы лидер балалардың далдасында қалып қоя береді. Мен бұл оқушымды топтық жұмыс барысында диалог арқылы тең дәрежелі екенін сезініп, ойын, пікірін білдіріп, оны көпшіліктің алдында қорғай, дәлелдей білуіне септігімді тигізу.
С оқушым А. мінезі тұйық, өзімен-өзі отыруды ұнатады. Сабақ барысында сабақ айтудан қашқақтап, бір сылтау айтып құтылып кетуді ойлап тұрады. Кітап оқуды ұнатпайды. Өз бетімен жұмыс жасауға құлықсыз. Сабақта менің айтқанымды қайталап айтып беріп, соны бағалауымды сұрап тұрады.
Мен, бұл оқушымның жас ерекшелігіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар және жұптық, топтық жұмыстар кезіндегі өзіне жүктелген жауапкершіліктерді сезіндіре отырып, бойына сенімділік ұялату. Электронды оқулықты пайдаланып кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздедім.
Оқушыларымды анықтап алған соң ата-аналар жиналысын ашып,
Дәстүрлі сабақ жоспарын жасауға дағдыланып қалған, сындарлы оқытудың «орта мерзімді, қысқа мерзімді» жоспарлауда мұғалім, оқушының іс-әрекетін, әрбір тапсырмадан кейін бағалауларды кіргізгенде қиындықтар, кедергілергілер болды.
Тізбектелген төрт сабағымды мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес келіп тұрған тақырып бойынша , зерттеу
тақырыбына негіздеп жоспар құрдым. Екінші деңгей бағдарламасында [МАН ] - «Кіші жас оқушыларының өзін-өзі бағалауға ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің болжамдарын өндіру мен зерделеу, сондай-ақ осындай бағалау негізінде өз идеяларын қайта қарау мүмкіндіктерін зерделейді» деген пікірді ескере отырып әр сабағымда түрлі тәсілдермен өзін-өзі бағалауды еңгіздім. Қалай болар екен, оқушыларым кішкентай 6-7 жас, топтық жұмыста қиналып қалмай ма екен деген ой мазалады. Бірінші сабағымда деңгейлік тапсырмаларды бермедім. Жеке, жұптық, топтық жұмыс кезінде бақылап көрейін деп ойлады. Бірінші сабағым халық даналығы кітабынан үзінді «Айжан дастарқан басында» тақырыбы. Мен бұл сабақтағы мақсатым оқушыларды топтық жұмыс жасауға бағыттау, көркем шығарманы түсініп оқып, идеясын аша білуге , байланыстырып, реттілікті сақтай отырып, көркем тілмен қарапайым етіп мазмұндай алу.Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, өз сөзімен мазмұндап беру Ашық сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беру. Мәтін оқиғасына баға беруге ықпал ету.
Бұл сабақтың тиімді, нәтижелі шығуына оқушыларымның жас ерекшелігіне сәйкес 7 модульдің бірнеше әдіс-тәсілі сыни ойлаудың элементтерін қолдандым.
Сыныпты дайындап, проектор, тақта, терезе пердесін ана жер, мына жерденжинастырып, оны жоғары сынып оқушыларына құрғызып әбден шаршадым. Сабақ бергім келмей қалды. Осындай жағдайда қандай жаңа формат.Жалпы мектептегі іс-тәжірибе кезінде техникалық құралдардың жетіспеушілігі, сынып бөлмесінің қолайсыздығы үлкен кедергі туғызды
Сонымен өзімді-өзім реттеп жаңа сабақты бастадым. Сабақ топқа бөлуден басталып (топқа түрлі-түсті бесбұрыштарды қолданып бөлдім) , көңіл күйді көтеруге әдептілікке байланысты 4 жол өлең шумағын оқыдым. Оқушылар өз топтарына отырды.Сабақты бастамас бұрын оқушыларыма бүгін өздерің көріп отырғандай басқаша отырдық. Сондықтан бір-бірімізді тыңдау, тәртіпті болу үшін топ ережесін құрастырамыз дедім. Олар қызыға қабылдып, топ ережесін бірлесе құрдық. Енді бұл біздің «Алтын ереже » осыған бағынамыз деп ескерттім. (А) деңгей, (С) деңгей бір топқа бөлінді. Топ басшысын сайлап бағалау парағын критериилерді түсіндіріп, ұпай беруді түсіндірдім.
Сабақты үй жұмысын талдаудан бастадым. Оқушылар «Нартай ата» мәтінін мазмұндады.Тайыр мен Қанатқа мінездеме беріңдер?-деген сұраққа (С) қысқа «жақсы балалар» деп жауап берді. (А) толық мазмұндап берсе, Нұртай ата нені уайымдады? Не үшін шие ағашын уайымдады?- деген сұраққа В деңгейлі ( Нартай ата шие ағашын уайымдады, өйткені ол ағаш еңбегінің жемісі, өзі күтіп өсірген) деп толық жауап бере отырып, өз ойын білдіріп кетті. Мен бұл оқушыдан мұндай жауап күтпеп едім. «Жарайсың» -деп жұлдызшамен бағаладым.
Сабақтың кіріспе бөлігіне электронды оқулықты қолданып, «Сіз, сен» сөзіне байланысты сюжетті көріп, топта талқылап, топтың ойын әр топтан бір оқушы шығып қорғады.Оларға электронды оқулықтан тыңдау тансық болды. Тып-тыныш қызыға тыңдады.
Сабақтың тақырыбы айтылып, мақсатымен таныстырылды. «Айжан дастархан басында» мәтінін оқу ұсынылды. Оқу кезінде С деңгейлі А оқушым кітапты жауып, оқуға ынтасы болмады.
жұпта мазмұндаудағы
А(С) оқуға ынтасы болмады. сәтті тұсы.
Оның қасына барып жұптағы оқушының оқығанын тыңда, содан соң сенде оған оқып бер дедім.Ол оны тыңдауға көшті, енді байқасам өзі жанындағы оқушыға оқып беріп жатыр екен. Оған қуанып қалдым. Бұрын мен ондай жағдайда « Бәрі оқып жатыр, қане оқы» деген сияқты бұйрық раймен ескерту беруші едім. Менің ұсынысымның оң әсері болғанын сездім.
Жұпта бірін-бірі тыңдай отырып, оқу нәтижелі болатынын білдім. Диалогтік оқыту әдіс-тәсілінің аспектілерін қолдана өткізілді. Оқушылар оқып шығып, жұпта мазмұндап, топ ортасына салды. Топтарға тапсырма 1-топ мәтінді толық мазмұндау..
2-топ мәтінді рөлге ойнап көрсету, 3-топ мәтіндегі кездесетін мақал-мәтелдерді флипчартқа теріп жазып, мағынасын ашу, түсіндіру тапсырылып 15 мин. уақыт берілді. 1-топ оқушылары абзацға менің нұсқауымды тыңдай отырып бөлініп, оқып, жұпта, топта мазмұндап, ортаға Меруерт 1-абзацты, Жұлдыз 2-абз., Олжас 3-абз. мазмұндап берді. Сөзбен мадақтай отырып, жұлдызшалармен бағалап кеттім. Топта мазмұндау кезінде байқағаным 2-топтағы (А) деңгейлі оқушым мәтін мазмұнын өзі қана айтып, басқаларын тыңдамады. Тез түсінеді, сөзі жүйелі. Бұл топқа мәтін мазмұнын рөлге ойнау тапсырылған, топ мүшелерінің рөлдерінде А. өзі бөлді, барлық бала оның қасына жиналып, не айтатындарын айқындады.
Мұнда, А- Айжан, А-шешесі, Арман-әкесінің рөлін ойнады. (С) деңгейлі біліп тұрғанын жеткізе алмай қысылып, менің түрткі болуыммен әзір айтты. А-ның жауабына көңілім толмады. Келесі сабақта басқа әдісті қолданып сөйлетуге, қысылып, ұялмауға жағдай жасаймын . Өз-өзіне сенімсіз. Оған жауапкершілікті беріп көру керек екен деп ойладым. Сабақта сөйлемей отырып, дәптеріне бәрін орындайды. Ортаға тарту, ойын ашық айту бағытында жұмыс ұйымдастыру қажет екенін білдім. (А) деңгейлі өзіне берілген рөлді сенімді өте жақсы көрсетті. Ол баланың тез рөлге кіріп сенімді ойнайтынын, театрланған көрініс ойнау кезде де байқағамын. Рөлге дайындалғанда да барлық жауапкершілікті өзіне алғанын байқадым. Мүмкін қасына өзіне деңгейлес баланы отырғызу керек шығар деп шештім.
Мерсердің құрдас-
тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл
атқарады деген дәлелін ескеріп , А мен С бір топқа қатар отырғыздым.
(А) және (С)оқушымның (В) оқушымның
рөлдік ойын көрсету кезі. постер қорғау сәті
3-топ мәтіндегі мақал-мәтелді Шынар, Ақтілек, Жібектер тез тауып, Шынар флипчартқа жазып шықты. Мағынасын топта талқылатуға көңіл бөлуім керек еді. Қорғауға шыққанда мағынасын түсінбей Шынар қысылып қалды. Оның тапсырманы аяқтауына қолдау көрсетіп «көпірше тұрғызу» ( Жером Брунер, Выготский «ЖАДА») тиімді қолдандым. Келесі сабақта мұндай қателерді қайталамау. А. (В) оқушым постер қорғауға шықты.Постерге салған сурет қандай мағынаны білдіреді? -дедім.
-Бұл әдепті, үлкендерді сыйлайтын бала- деп жауап берді.
Оқыған мәтіндерін бағалау мақсатында «Мен қандай баламын» эссе жазу тапсырылды. 10 минут.
(В) «Мен жақсы баламын. Өйткені ата-анамды сыйлаймын, көмектесе- мін. Үлкендерге «сіз» деп айтамын. Мұғалімді тыңдаймын. Өзімді әдепті баламын деп ойлаймын».
Сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерін бағалады. Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазуды сұрадым.
-Бүгіңгі сабақ қалай өтті?, Сабақта не түсіндіңдер? , Сендерге сабақ несімен қызықты немесе қызықсыз болды? Сол туралы жазыуларыңа болады дедім.
Сабақ соңында жазбаларды оқып шықтым : «Бүгінгі сабақ маған ұнады, келесі жолы бұданда жақсы өтеді деп ойлаймын», «Сабақ маған ұнады», «маған ұнады, ата-ананы сыйлап, «сіз» деп айту керек», «Топта отырған қызықты» т.б.
Бағалаудың бір жақты болғанын байқадым. Өзін-өзі бағалауды сабақ жоспарына кіргізсемде сабақ барысында есімнен шығып кетіпті. Сабақ барысын тезис қылып жазып қою керек екен, 23 жыл сайраған дәстүрлі сабаққа ауып кетіп отырдым. Дағдыны өзгерту аз уақытты талап етпейтіні анық. Тырысамын. Келесі жолы өзін-өзі бағалауды, жұптық бағалауды еңгіздім. Бірінші сабағым болған соң ойымдағыдай шықпады. Топқа бөлгенде шулап кетті. Кейбір кездегі өзімнің іс-әрекетіме де бақылау керек екенін, бейнежазбаны қарап отырып байқадым. Ашық сұрақтарды жоспарға жазсам да, сабақ барысында аз қолданған екенмін.Уақыттанда ұтылып қалдым.
Өзгертілген екінші сабағым Ә.Табылды «Әдептілік-әдемілік» өлеңі. Бұл жолы топқа әртүрлі суреттер арқылы бөлдім. Өткен жолғыдай емес тез бөлінді.
Сыныптағы көшбасшылығы басым оқушы Ж-ны, (А) деңгейлі оқушымен бір топта болатындай етіп бөлдім. Сабақты өткен сабақпен байланыстан бастадым. Ашық сұрақтар қоя отырып, оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, оқиға байланысты өз көзқарасын білдіруді талап еттім.
Сәтті шыққан сұрақтар мен жауаптар.
-Айжанның шешесіне таққан кінәсі орынды ма, қалай ойлайсыңдар?
(А) жоқ. Ана -ол бізді аялап, мейірімін төгеді.Жұмыстан шаршап келгенде ренжіткені дұрыс емес.
-
Айжан қатесін өзі сезінді ме? (төмен деңгейлі сұрақ)
(В) оқушым жауабы:
-Өзі сезінде, өйткені ол -ақылды қыз. Ата-анасынан кешірім сұрады.
- Сен Айжанның орнында болсаң не істер едің? (ойландыратын сұрақ)
Жұлдыздың жауабы:
-Мен анама өзім шай құйып берер едім. Өйткені ол менің - жан анам.
Бұл жауаптар мені қатты толғандырды. 6-7 жасар балалардың шынайлығы, ойларының айқындығын байқадым. Ары қарай ашық сұрақтарды тиімді қолдансам, не бір ой туындайтынына сендім.
Бұл сабақта байқағаным: П.(А) топпен жұмыс жасау кезінде үстемдігі басым, «мені тыңда!» қағидасын ұстанған. Тілдік қоры мол, байланыстырып жүйелі сөйлейді.
А.(В) оқушым топта басқаларды тыңдайды, өзі де ой қосады. Ортаға шығуға аса құлшынбайды. Жазғанын оқудан қашқактайды. Өзіне тікелей сұрақ қойса орынды толық жауап береді. Кейбір жауаптарынан оқиғаға қарай өз көзқарасын білдіре алады.
(С) деңгейлі оқушым белсенді (бұл топта (А)-да болды) оқушылардың далдасында қалып қойды.Келесі сабақта басқа балалармен отыратындай етіп ұйымдастырдым.
Екінші сабағымның Білу кезеңінде әдептілік, әдепсіздікке байланысты оқиғалы суреттерді қойып, тақтадағы әдепті, әдепсіз кестесінің қайсысына сәйкес келсе соған апарып қою тапсырылды. Оқушылар таласып қойды. Мұндай тапсырмалар кіші жас оқушыларының қызығушылығын ояттатынын байқадым.
Кестеге ілінген суреттерден не түсіндіңдер?
-Әдептілік, әдепсіздік жайлы.
-Әдепті бала деп кімді айтамыз, әдепсіз деп кімді айтамыз?
Оқушылар шулап орындарында жауап берді.
- Баланың әдепті, әдемі болып өсуіне кімдер жауапты деп ойлайсыңдар?
(В) деңгейлі оқушым: Оған ата-анасы жауапты. Неліктен олай деп ойлайсың?-деген сұраққа жауап бере алмады. Сыныптағы балалардың бәрі үндемеді. Олардың жасында мұндай сұрақ күрделі болып саналатынын білдім.
Оқушылар түсінігіне сүйене отырып, сабақ тақырыбын таныстырдым.
Бұл сабақта өз тобының жазба жұмысын қорғауға ( С) оқушым, топтағы белсенді оқушылар Ж. мен М-ны ерте шықты. Өлеңнің бірінші шумағындағы ата ақылын постерге түсіру болатын. А оқушым қасындағы достарынан демеу ала отырып сипаттап қорғады.
Менің байқағаным өз ойына сенімсіз, тапсырмадан қашқақтап тұратын оқушыны жалғыз қалғандай сезінбес үшін белгілі бір уақытқа дейін баланы (Мерсер (2005) құрдастар тобын) іс қимылға тарту нәтижесін беретінін байқадым.
(А) деңгейлі оқушым. «Әке- асқар тау, ана-қайнар бұлақ» мақалды қалған сөзін ( қайнар бұлақ) толықтырып, мағынасын: - Әкеміз биік таумен тең, өйткені ақылды, анамыз бұлақтың суындай таза. Мен екеуінде жақсы көремін деп мағынасын түсіндірді.
Жинақтау кезеңінде «Автор орындығы» әдісін қолдандым.
Орындыққа отырған оқушыға сыныптастары сұрақ қойды. Олардың жасында ашық сұрақ қою күрделілеу. Дегенмен сұрақтары көңілімнен шықты.
-Атасы немересіне қандай ақыл айтты?
-Ата деген сенің ойынша қандай адам?
-Әдепті бала деп кімді айтамыз?
- Әдепті-әдепсіз баланы сипаттап берсең? Авторды сыныптастары бағалады.
Автор орындығында жауап беру сәті. Бұл әдіс оқушыларға ұнады. Алда қолдануға болады.
Сабақтың бағалау бөліміне электронды оқулықтағы әдепті, әдепсіздікке байланысты тесті тапсырмасын орындаттым. Оқушылардың көзі жайнап кетті, топтар кезек шығып, тапсырманы тыңдап, дұрыс жауапты тінтурдің көмегімен сәйкес суреттің астына апарып қойды. Тінтурге таласып қуана орындады.
Сабақ соңында екі смайлик таратып біреуін таңдап не үшін таңдағандарыңды айтып беріңдер дедім.
(В) деңгейлі оқушым: бүгінгі сабақ маған ұнады, әдептілік, әдепсіздік туралы білдім.
(С) оқушының жауабы: маған ұнады. Қысқа жауап берді.Бойында әлі де болса сенімсіздігі басым.
Ілулі тұрған флипчартағы бағалау парағына өздеріне баға қойғыздым. Бәрі 5 қойды.
Бұл сабағымда байқағаным: оқушылар біршама топта жұмыс жасауға үйреніп қалған, топ ережесін бір-бірінің есіне салып отырды, А оқушым ойы анық, әр тапсырмада белсенділік танытып, қызыға жұмыс жасады. В оқушым адасқан сөздерден сөйлем құрауды, қатесіз тез орындап, басқалар оқысын дегендей үндемей отырды. Оны байқап, біздің А. өз жазған сөйлемін оқып берсің деп қолдау көрсетіп едім, орнынан түрегеліп оқып берді.
А(С) деңгейлі оқушым басқа оқушылардың далдасында, тапсырмадан қашқақтаумен болды.
Келесі сабағым Т. Молдағалиевтің «Көктем» тақырыбы. Оқушыларымды топқа бөліп, шеңбер құра тұрып, бір-біріне көктем тілегін айтты. Сабақты алдыңғы сабақпен байланыстыра отырып бастадым. Электронды оқулықтан көктем тақырыбына берілген оқиғалы мәтінді тыңдатып, әр топқа талқылауға бердім.
Уақыт белгіледім, бұл тапсырмада 3-топтан Ш: - Бұл көктем мезгілі туралы, күн жылынып, қар ериді. Жылы жақтан жыл құстары келеді. Ағаштар бүршік атады.
Оны (В) деңгейлі оқушым толықтырып: Көктемде жан-жануарлар ұйқысынан оянады. Аңдар апанынан шығады. Малдар төлдейді. Біздің сиыр бұзаулады, қорада кішкентай қошақандар бар. Мен оларға ат қойдым»-деп көргенін өз өмірімен байланыстырып кетті. Ойының толықтығына қуанып, бұрыңғы сабақтарда ойлануға уақыт бермегенімді мойындадым.
Топтарға «Көктем» өлеңін шумаққа бөліп бердім. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүрілді. Жұпта, топта талқыланып, өлең мазмұнын өз шумақтары бойынша постерге түсіру тапсырылды. Оқушылардың жұпта мазмұндауы маған ұнады. Алдыңғы сабақтан қарағанда жинақталып, бірін-бірі тыңдап, кезекпен сөйлеуге үйренгенін байқадым. Өлеңнің мазмұнын ашып, постерге түсіру сәтінде (А) деңгейлі оқушым, сол топтағы көшбасшылығы басым, Ж. мен келіспей ренжісіп, қырысып қалды. Әлі де барлығын өзі басқарғысы келетіні көрініп тұр.
Шапалақ соғу арқылы топтар постерларын өзара
бағалады.
«Суреттер сөйлейді» әдісін қолданып, таныстырым көрсетіп, көктем мезгілі туралы шағын әңгіме жазуды тапсырдым. (А) деңгейлі оқушым, берген уақытта аяқтап оқып берді.
Шағын мәтіні: Көктем келді. Қар еріп, жер су болды.
Топтық жұмыстың сәтті
кезі
Құстар келді. Біз құстарға ұя жасаймыз. Маған көктем мезгілі ұнайды.
(В) оқушым ауызша сөйлеуі жақсы болғанмен жазуға нашар. Жазбасы: Көктемде күн жылынады. Құстар алыс жақтан келді. Қар ериді. Жаңбыр жауып, жер су болады. Сиыр бұзаулайды. Бұл оқушымның жазба жұмысының сәл ілгерлеу барын байқадым. Кейбір сөздердің, сөйлемдерінің орны ауысқан. Жазып жатқан кезде бақылап, бағыт беру керек еді.
А. (С) оқушыма тірек сөздер бердім. Жазбасы: Көктем мезгілі келді. Жаңбыр жауды. Күн жылынды. Көктем ұнайды. Қар ериді.
Менің берген тірек сөздерімді толық пайдаланған, оның өзі бұл оқушының
деңгейінде жетістіктеп есептеймін. А В С жазбаларын оқу сәті
Әр тапсырмадан кейін формативті бағалауды қолданып бағалап отырдым. Өздерін бағалады.
Кедергілер: 1-топтың постерге салу кезін назардан тыс жіберіп, салған суреттері еңкейіп-тоңқайып қалыпты, қорғауда қиналды. Жарық түсіп бейнежазбам жақсы көрінбеді. Оқушыларым келесі сабақта бағалау парағын қолдануды сұрады.
Соңғы сабағым «Наурыз тойы» өлеңі. Блум таксономиясына салдым. Топқа бөлуді түрлі-түсті асықтың түсіне қарай бөлдім. Ынтымақтастық атмосфера орынатуда бір-біріне тілек жазып, флипчарттағы (тақтада ілулі тұрған) есімдерінің тұсына жапсырды. Топ басшысы сайланып, өткен сабақтағы өтініштерін ескере отырып бағалау парағын бердім.Қалай бағалау керек екенін естеріне салып өттім. 1-топқа бөлінген (С) деңгейлі оқушым топты мен бағалайыншы деп парақты сұрап алды. Менің ойымша өзі деңгейлес балалардың тобында өзіне сенімді бола ма дедім.
Өткен сабақта «Көктем» өлеңін жаттауға бергем, үй жұмысын барлығы орындапты. А,В,С деңгейдегі оқушыларым мәнерлеп оқып берді.Әр түрлі жұлдызшалармен бағаладым. Білу.Сабақты сұрақ-жауаптан бастадым.
-
Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?
Оқушылар аналар мерекесі, наурыз мерекесі деп шулап жауап берді.
Наурыз мерекесі топтастырдық. Оқушылар жауабы: Ән шырқайды, киіз үй құрады, көже пісіреді, ойындар ойналады, асық ойнайды, қонақтар шақырады. Бұл тапсырмада шулап кетті, топ ережесін нұсқап едім кезекпен сөйлей бастады. Топтастыруды тақтаға балалардың жауабымен өзім толтырддым.
АКТ (электронды оқулықтан) наурыз мерекесі туралы оқиғалы бейнежазбаны ұсындым. 5 минут уақыт беріп топта ой бөлісті. Бірінші болып (В) деңгейлі оқушы өз тобының атынан түсінігін айтты: - Көктем айында наурыз мерекесі болады. Оны «Ұлыстың ұлы күні» депте айтады. Киіз үйлер құрылып домбыра тартып, ән айтады.Наурыз көже пісіреді. Оған жеті түрлі дән қосады. Әр топтан бір оқушы тұрып түсінігін айтты. Электронды оқулықты қолданып оқиғаның қимыл-қозғалысын көре отырып тыңдау нақты түсініп, жүйелі сөйлеуіне әсері болатынын түсіндім, енді тақырыпқа сай электронды оқулықты қолданып отырсам оқушыларымның тіл байлығының дамуына ықпалы тиеді. Мен байқауымша 6-7 жастағы балалар сөздің мағыналық жағын түсінбесе де болжамды түсініп, есте сақтау қабілеті жақсы болатынын білдім.
Түсіну «Наурыз тойы» өлеңін оқып бердім.Өздеріне оқуды ұсынып, түсініксіз сөздің астын сызып топта бір-біріне түсіндіруді тапсырдым. П.(А) таныс емес сөздерді топтарына түсінідіп, басқаларды да тыңдауға бетбұрыс жасағаны көрініп тұр. Жеке-жеке оқып жұпта, топта талқылап мазмұндап берді.
Қолдану: 1-топ, өлең мазмұнына сурет салу. (П.(А) оқушы)
2-топ ұлттық ойындар туралы айту, ойнап көрсету (А.(В) оқушы)
3-топ ребусты шешіп, жауабын түсіндіру. (А. (С) оқушы)
15 минут уақыт бердім. Әр топтың қасына барып, тыңдап, бағыттап отырдым.
Топтар ынтымақтастықпен жұмыс жасады. 3-топ көмегімді қажет етті.
Топтар берілген уақытта тапсырманы орындады. 1-топтан П. қорғауға шықты.
Суреттері мазмұнды, ретті салынған
байланысты
рып ойын жүйелі жеткізді. Оқулықта-
ғы өлеңмен шектелмей, электронды оқулықтан естігендерін, өз ойларын
қосқаны ( = ) күн мен түнді
математикалық теңдікке түсіргені
сыни ойлауына сәлде болса әсері тигені байқалады.
(С) ребустың жауабын айтып, наурыз көже
туралы оқып берді. Топта жазу кезінде өзі хатшы болып, қорғауға да өзі шыққанына өз бойындағы тұйық, ыңғайсыздану, жалтақтау дағдысының бәсенсігені байқалады.
(В) сыныптағы өздері жинаған асықты алып: Наурыз тойында көптеген ұлттық ойындар ойналады, "Арқан тарту" ,"Бәйге","Көкпар тарту" біз оларды таңдаған жоқпыз. Асық ойынның бір түрі " Ат жарыс" ойынын таңдадық. Бұл ойын бізге ұнайды. Топтар бір-бірінің жұмысын формативті бағалады.
Жинақтау. Деңгейлік тапсырмаларды жас ерекшелігін ескере отырып бердім.
«Наурыз мейрамы» шығарма А деңгейлі, Сохтың: АКТ оқушыларды танымдық метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстырғанда ынталандыра алады деген тұжырымдамасына сүйеніп электронды оқулықтан жұмбақтар шешу С-ға ұсынғаным нәтижелі болды. Бала қызыға орындады.
адасқан сөйлемдерді ретімен орналастыру В деңгейлі оқушыларға берілді. Оқушылар жеке-жеке жұмыс жасады. Бәрі белсенді қатысты.
Бағалау. ВЕНН диграммасын толтыру. Бұл тапсырманы оқушылардың айтуымен тақтаға өзім толтырдым.
Топ басшылар топ мүшелерін критериилер бойынша бағалап, неге олай бағалағандарын түсіндіріп беруге тырысты. Бала көңіл тазалығымен адалдығымен ерекше кімнің қандай үлесі болды сол бойынша бағалағаны көрініп тұр.
(А) оқушының тобын бағалау
(С) оқушының соңғы сабақта топ басшылыққа ауысқаны
Оқу үшін бағалау оқушылардың білім алуына
көмектесетін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.Оқушылар өздерінің
және өздерін бағалауға тартылу қажет
[МАН 106-бет] делінген осы идеяны ескере
отырып бағалаудың түрлерін енгіздім.
Расымен бағалау оларды қатты қызықтырды.
Өзін-өзі бағалау сәті
Бұл сабағыма көңілім толды.Сынып оқушылары біршама бірлесе жұмыс жасауға дағдыланды. (А) оқушым топ мүшелерімен ой бөлісе отырып бірлесе жұмыс жасады. Жұптағы балаға көңіл бөліп, жеке тапсырмасына көмектесіп жатқанын
байқадым.Пәндік деңгейдегі білімін өмірмен байланыстырып жауап беру, сәлде болса сыни ойлауына сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің ықпал болғаны байқалады. Сабақтың барлық кезеңінде белсенділік танытып, өз тобын алға тартуы байқалып, қызыға қатысты.
(В) оқушым топтастыру кезеңінде ойын іркілмей наурыз тойы туралы көп мәлімет білетінін көрсетіп, топтық жұмыс кезінде де үлесін қосса, ұлттық ойын асықты анық айта отырып, ойнап көрсетті.
(С) оқушым сабақ басында белсенділігі байқалмаса да топтық жұмыста ребусты шешуде, наурыз көже туралы жазуды топпен ақылдаса отырып өзі жазып, өзі қорғады.
Қорытынды талдау: Сынып тұрғысынан топтық бүрлескен жұмыс жасауға бетбұрыс жасалды.
Жасерекшелігін ескере отырып берілген тапсырмалар оқушының ойлау жолдарына оң әсерін тигізіп пәндік деңгейдегі білімді өмірмен байланыстыра отырып көзқарасын білдіруіне ықпалы тиді.
Басқаның пікірін тыңдап оны бағалауды, өзін бағалау, ұжымды бағалау сияқты әдістермен танысып өз деңгейлерінде игеруге қадам жасады.
Кедергілер: Оқушылардың жасының тым кішілігі, топта жұмыс жасаудағы дағдының жоқтығы, тіл байлығының төмендігі.
Уақытты ұтымды пайдалана алмау, жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар әдіс-тәсілдерді таңдауда қиналдым.
Жалпы зерттеу уақытының аз болуы, мектептің мемлекеттік аттестатциядан өтуі 12-16 наурыз аралығында болуы сияқты кедергілер ойлануға мүмкіндік бермеді. 19-наурыз тоқсандық демалысқа шықты.
Шектеу:
Мектептегі тәжірибе кезіндегі жинақталған дәлелдеме деректер. Тізбектелген 4 сабақ беру барысында АВС деңгейлі 3 оқушыны зерттеуге ала отырып соның негізінде А оқушымның топтық жұмыс кезінде басқалармен де ой бөлісіп, сыйластық танытып, оларға сөйлеуіне мүмкіндік бергенін байқадым. Ойын бағалай сөйлеуге тырысқаны кішкене болса да жетістік, аз уақыт ішінде.
А(В) оқушым қатарластар арасында бәсекеге түсетіні байқалды. Жауабының дұрыс , терістігіне қарамай қолын көтеріп жауап беруі, постер қорғауға деген ынтасы, кез-келген мәселені өмірмен байланыстыруы ары қарай қолдау көрсетсе сыни ойлауға ұштасатыны байқалды.
А(С) алдыңғы екі сабақта өзгерістерді байқамасам да соңғы сабақта бойындағы сенімсіздігі жойыла бастағаны топтағы қатарластарымен ой бөлісіп, тапсырманы талқылау, постер қорғауда байқалса, соңғы сабақта бағалау парағын сұрап алуы, өзі топ басшылыққа икемделуі бойындағы тұйықтықты жеңуге жол ашқандығы деп санаймын. Топтық бірлескен жұмыс, жұпта мазмұндау оны кітап оқуға еріксіз мәжбүрледі. Осылай жалғаса берсе кітап оқу дағда қалыптасатыны сөзсіз.Электронды оқулықты тиімді қолдана білдім деп ойлаймын.
Тізбектелген 4 сабақтан соң оқушылардан сұхбат алдым. (А) оқушым жауабы:
Топтық жұмыс ұнайды. Онда тапсырманы бәріміз бірге орындаймыз.Тапсырмалар маған ұнады. Постер қорғау ұнады.
(В) оқушым: Осы сабақтар ұнады. Топта бір-бірімізге көмектестік. Тапсырмалар, сергіту жаттығулар өте жақсы болды.
(С) оқушым: Сабақ маған ұнады. Жақсы болды. ( ойын анық жеткізе алмады, жеке сөйлеуде әлі де қысылады)
Өзгертілген сабақтан соң ата-аналар жиналысын ашып, пікірлерін тыңдап, сауалнама алдым. Үш оқушымның ата-анасы балалаларының үйге қуанып баратыны, алған смайликтерін мақтана көрсеткенін жалпы оң әсерін білдірді.
Тәжірибелік сабақтарым арқылы өзімнің де сабақ беру әдіс-тәсілдерімнің өзгергенін кішкентай бүлдіршіндердің шынайы көңілімен мені жақын тартып, ойын қысылмай айтуы "Мұғалім - оқушы" қатынасынан "оқушы - мұғалім " қатынасына ауысғаны деп білемін. Л.Выготский: " ... Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа , оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек" деген екен. Бұдан өзіме мынадай ой түйдім: өз сабағымды қызықтыра алсам, оқушылардың да сабаққа белсенділіктері артады, яғни сабақ нәтижелі болады.Сонымен мен осы сабақтарда қандай нәтижеге қол жеткіздім ? Бәрі керемет десем артық болар, бірақ алдыма қойған мақсат-міндеттерім сәлде болса орындалды, шешілді:
- Оқушылар топпен бірлескен жұмыстың қандай екенін біліп жұмыс жасауға бетбұрыс жасады.
- Бағалаудың не екенін, бір-бірін бағалауды, өзін бағалауды;
- Өзінің пікірін жақтай, дәлелдей білуге;
-Жеке, жұпта, топта бірлесіп жұмыс істей білуге;
- Бір-біріне құрметпен қарау, яғни ынтымақтастықта болуға;
- өз бетімен ізденуге әсері тиді.
Тиімді таңдап алынған әдістер оқушыларды оқуға тартты; ашық сұрақтар оқушылардың өз ойын жеткізуге көмектесті; іздену жұмыстары оқушыларды шығармашылыққа жетеледі; нашар оқитын оқушыларда белсенділік байқалды;
Жас еркешеліктеріне сай таңдалған (АКТ, ашық сұрақтар, эссе,
топтастыру, ойын түрлері, диалогтік оқытудың аспектілер венн диаграммасы т.б) оқытудың әдістері ойлау жолдары мақсатқа жетуіме азда болса қолдау болды.
Деректер түрі
Саны
Қайда орындалды
Фото суреттер
30
Сабақ үстінде
Бейнежазбалар
22
Сабақ барысында
Постер
10
Сабақ барысында
Сызбалар
2
Сабақ барысында
Жазба жұмысы
34
Сабақ барысында
Бағалау парағы
7
Сабақ барысында
Кері байланыс
34
Сабақ барысында
Сауалнама
18
Сабақ тан соң
Сұхбат
2
Үзілісте
Болжау: Бағдарлама идеясымен толық келісе отырып бірінші бет-бетпе кезеңіндегі теориялық білімімді іс-тәжірибе кезіндегі зерттеу жұмысымның олқы түсініксіз кезеңдерін қайта қарап ары қарай жас ұрпақтың сыни көзқарасының қалыптасуына өз ықпалымды тигіземін.
Сабаққа дайындық көп уақыт алады. Бірақ келешекте бұл қиындықтарды жеңемін деп сеніммен айта аламын.Себебі күнделікті іздену, жұмыс жасау мұғалімді кәсіби өсуге әкеледі. Блум Таксаномиясының "талдау, жинақтау, бағалау" сынды ойлаудың жоғары деңгейіне енуі, алған білімін өмірде қолдана алуына жетектейді.Келешекте оқушыларымның жан-жақты дамуы үшін сабағымды түрлендіріп жүргізуді ойлаймын.
Саналы құмырымның 23 жылын білім беру саласына соның ішінде 6-10 жасар бүлдіршіндердің білім алуына арнасам ендігі жерде осы игі ісімді жалғастыра отырып тәуелсіз елдің тереңнен толғайтын, ұлт мүддесіне қалтқысыз қызмет ететін, санасы таза тәуелсіз ұрпақ тәрбиелеуге арнаймын. Іске сәт!!!!
Қолданылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2.Үлестірме материалдар әр апта
3.Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. / Құдайбергенова К.С. әдістемелік құрал Алматы 2013 ж./
4. Ана тілі 1-сынып, 2012 ж.