- Учителю
- Су-өмір көзіөзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Су-өмір көзіөзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Тақырып Су-өмір көзі.
Құндылық_ Сүйіспеншілік
Қасиеттер_Қамқорлық, іскерлік, үнемшілдік.
Сабақ мақсаты: «Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: - судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
- суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: : 5т.(тыныштық ,талап, тыныштық ,тазалық , татулық)
1.Ұйымдастыру кезеңi..
Тыныштық сәті.ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
үнтаспа
2.Үй тапсырмасын тексеру.«Таза бұлақ» 139-140 бет, дәптер-29сабақ.
- Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсінер едіңдер?
- Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың судың қандай қасиеттерін білдіңдер?
- Адамдар судан қандай қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?
3.Дәйексөз. Су жоқ жерде өмір жоқ,ол ақиқат. (М.Хакімжанова)
Дәйексөзді оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі.Бәріміз қосылып айту, 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
тақта
4.Әңгiмелеу (сұхбат) Бос қайық
Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:
- Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.
Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет жалғыз қалдым.
Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу-ыза қыса бастаса, өзімнен-өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.
-Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?
-Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?
-«Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?
- Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
</ - Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?
-Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Екі топ «Су» сөзіне ассациация жасайды.
постер
6.Топпен ән айту. Біз осындай баламыз.Сөзі. М.Әлімбаев. Ә.Нүсіпбаев.
Суда жүзіп өсеміз,
Қырды сүзіп өсеміз.
Күнге қызып өсеміз,
Құмда шыжып өсеміз.
Қайырмасы:
Талаптанып өсеміз,
Қанаттанып өсеміз.
Таулар көріп өсеміз,
Баулар егіп өсеміз.
Жеміс теріп өсеміз,
Жеңіскер боп өсеміз
Қайырмасы:
Талаптанып өсеміз,
Қанаттанып өсеміз.
үнтаспа
7.Үй тапсырмасы. Табиғатпен тілдесем. 143-144бет, дәптер -30сабақ.
оқулық
8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
-Балалар, денелеріңді түзу үстап, бастарыңды жоғары көтеріп,
ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең
жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,
бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы
ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді
ашсаңдар да болады.